«Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану»



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет20/51
Дата22.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#43050
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
3.-геохимии-и-экогеохимии-каз

Бақылау сұрақтары: 
1.Гидротермалық ерітінділер. Гидротермалық ерітінді суларының жіктелуі? 
2. Постмагмалық құбылыстарға сипаттама беріңіз? 
3. Шөгінді ерітінділер және пегматиттер дегеніміз не? 
4. Гидротермалық метасоматоздың сипаттамасы қандай? 
5. Пегматитті үрдіс геохимиясының (соңғы магмалық кристалданудың 
геохимиясының) ерекшеліктерін сипаттаңыз.
 
6. Гидротермалды үрдісте химиялық элементтердің қоспаларын түзудің және 
бөлудің жағдайлары қандай?
Тақырып 1.9. Гипергенез және шөгінділену геохимиясы. 
Жоспар 
1.Шөгінді жыныстар.
 
2. Гипертек және биотек. 
3.Геохимиялық кедергілер.
 
 
1.Шөгінді жыныстар. 
Шөгінді жыныс
– жердің беткі өңіріне тән термодинамикалық жағдайларда
әртүрлі үгілу есебінен, сулы ерітінділер құрамының химиялық немесе
механикалық жолымен тұнбаға түсу нәтижесінде, әр түрлі ағзалар 
тіршілігінің арқасында, немесе осы үш үрдістің бір-біріне орайлас көрініс
беруі салдарынан түзілген барша тау жыныстарының жалпы жиынтығы. 
Шөгінді жыныстардың химиялық құрамының ерекшеліктері: 
1.натриймен салыстырғанда калийдің мөлшері көбірек болады; 
2.карбонаттарда кальций оксиді мен магний оксидінің мөлшері көп болады; 
Шөгінді жыныстардың құрамындағы минералдар екі түрге бөлінеді: 
1. Төзімді, тау жыныстарының үгілуі барысында, өз тұтастығын сақтап
қалған минералдар; 
2. Химиялық ыдырау өнімдерінен пайда болған минералдар. 


25 
2. Гипертек және биотек. 
Гипертек үрдістер
– минерал түзуші үрдісітің нақталы сатысы барысында
жер қыртысының беткі қабаттарына тән тау жыныстары мен
минералдардың әртүрлі өзгерістерге ұшырау үрдісі. 
Гипертектің бағыты мен ерекшеклігі төмен температуралармен және төменгі
қысыммен анықталады. 
Гипертекте маңызды ролді атмосфераның активті оттегі, су мен құрамында
ерітілген оттегі мен қөмірқышқыл оксиді бар сулы ерітінділер атқарады. 
Гипертектің жүру бағыты мен үрдісіне гипертек ортаның физико-
географиялық жағдайлары әсер етеді (климат, рельеф, тау жыныстардың 
химизмі). 
Гипотекті минералдар
– терең эндотекті, яғни жер қыртысы
қойнауларындағы магманың қату үрдісіндегі бөлінетін газ бен ыстық сулы
ерітінділер және магманың балқымасының кристалдану нәтижесінде пайда 
болған минералдар (дала шпаты, пироксен, оливин, топаз, кварц, слюда). 
Жер қыртысындағы гипотекті үрдістер тұрақсыз болады, үгілу үрдістерінің
нәтижесінде бұзылып гипотекті минералдарға ауысады. 
Гипертекті минералдар
– жер қыртысының беткі қабаттарында терең
минералдардың бұзылу мен қайтадан түзілуі үрдістеріндегі минералдарды,
гипертекті минералдар деп атайды (опал, халцедон ж/е т.б.). 
Биотек (грек сөзі «биос»-өмір) 
Ағзалардың белгілі бір түрінің екінші түрден жаратылғанын зерттейтін
ғылым. «Биогенез» терминін Т. Гексли 19 ғасырда енгізген.
Элементтердің жылыстауы, жинақталуы мен шашырауы тірі ағзалардың
әрекеттерінін болады. 

жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау