48
Жаңартылған мектепке бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеушілік әдістерін
қалыптастыруда:
-оқушылардың оқу үрдісінде белсенді, дербес және жұмысты бастай білу бастамашыл ұстанымы
қалыптасу;
-зерттеу, рефлексиялық, өзін-өзі бағалау дағдылары;
-іс-тәжірибе барысында бірін-бірі сыйлау құзыреттілігі;
-танымдық қызығушылықтары дамиды;
-оқу өмірмен байланысу принципі;
Жалпы, оқу-зерттеу іс-әрекет-оқушылардың танымдық қызығушылықтары, зерттеу дағдылары,
субъективті.
Оқу-зерттеу іс-әрекеті-бұл оқушылардың танымдық мотивтерін, зерттеу дағдыларын,
субъективті жаңа білімдерін қалыптастыру болып табылатын мақсаттылықпен, белсенділікпен,
мотивациямен және санамен сипатталатын оқушылардың арнайы ұйымдастырылған танымдық
шығармашылық қызметі.
Бұл бағыттағы ең тиімді қадамдардың бірі-білім берудің зерттеу әдістерін белсенді қолдану.
Осыған сүйене отырып, мұғалім жеке бағдарлау принципіне негізделген балалардың зерттеу мінез-
құлқын дамыту тәсілдерін қайта қарады. Бастауыш сынып оқушылардың оқу-зерттеушілік
әрекеттерін қалыптастыруда төсмендегідей бағыттарды бөліп қарастыра аламыз.
Кесте- 1
Жоғарыдағы кестеге сәйкес бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен
физиологиясын ескере отырып, жүйелі ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде оқу-зерттеу қызметі
табысты жүзеге асырылып, теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде қолданылуымен тығыз
байланысты ұстана отырып, зерттеушілік біліктері қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларына оқу-зерттеу әрекеттерін тиімді қалыптастырудың бірден-бір
жолы- ынталандыру. Белсенділік пен дербестік танытуда білім алушылардың қызметін қолдау мен
мақұлдау арқылы жаңа затты тануға деген ұмтылысты көтеруге бағытталған. Оқу-зерттеушілік
қызметті қалыптастырудың маңыздысы деп осы қызметте қолдаылатын әдіс-тәсілдерді іріктеп алу,
оның ішінде бақылау, экскурсия ұйымдастыру, зерттеу жұмыстары мен жобалар.
Кестеге сәйкес жұмыстарды жүйелеу тырып оқушылар төмендегі дағдыларды меңгереді:
Мәселені анықтап, зерттеу тақырыбын анықтауды.
Зерттеу мақсатын қою.
Болжамдарды (гипотезаларды) ұсыну.
Жоспарлау.
Әдістерді анықтау.
Материал жинау, эксперимент жүргізу.
Зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындылау жұмыстарын жүргізу.
Нәтижелерді ұсыну.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу іс-әрекетін оқушылардың танымдық
қажеттілігін, зерттеу позициясын, оқу-танымдық қызығушылығының айқындығын, танымдық
белсенділігінің қарқындылығын, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу іс-
әрекетінің қалыптасуын көрсететін өзіндік білім алушылардың өзіндік іс-әрекеті ретінде
қарастырамыз.
Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім:
1.Бастауыш сынып оқушылары шешім қабылдауда жағымды нақты орта құру.
Бағыттар
Достарыңызбен бөлісу: