124
26. Қалалар арасы - 8000 км. Саяхатшы ұшақпен барлық жолдың 12%-на
тең жолды ұшып өтгі. Оған әлі қанша жол ұшып өту керек?
27. Салтанат аулада 2 сағат 30 минут қыдырды. Осы уақыттың 30%-ын ол
әткеншекте, ал қалған уақытта ол құмда ойнады. Салтанат қашпа уақыт
әткеншек тепті?
28. Салтанат аулада 2 сағат 30 минут қыдырды. Осы уақыттың 30%-ын ол
әткеншекте, ал қалған уақытта құмда ойнады. Салтанат қашпа уақыт құмда
ойнады?
29. Қалалар арасы - 8000 км. Саяхатшы ұшақта барлық жолдың 80%-на тең
жолды ұшып өтгі. Ол ұшақта қанша жол ұшып өтті?
Сапардың соңына
дейін әлі қанша км қалды?
30. Совхоз бақшасы - 600 телім. Осы бақшаның 20%-на қызылша егілген,
қалганына - картоп. Қанша телімге қызылша егілген? (12, 120,21, 210
телімге)
31. Балықшылар 500 кг майшабақ аулады. Жалпы салмақгың 5%-ы ұсақ
болғандықтан, оларды қайта суға жіберді. Балықшылар қанша майшабақты
жиекке түсірді? (525,425,475, 575 кг)
32. !© Дәурен тәуліктің 4-бөлігінде мектепте болды, тәуліктің 25%-ында
хоккей ойнады, тәуліктің үшінші
бөлігінде ұйықтады, 2 сағат теледидар
көрді, 2 сағат тамақтанды, ал қалған уақытта үй тапсырмасын орындады.;
Үй тапсырмасын өрындауға Дәуреннің қанша уақыты кетті?
33. ! Есепке сәйкес жауап таңда. Жұмысшы 12 бөлшек жасады. Ол
жоспарды 100% орындады: Ал егер ол 24
бөлшек жасаса, оңда неше %
жоспарды орыңдаған болады? (10,20, Д00,200%)
34. © Достар ұзындығы 100 метр төбешіктен шанамен сырғанап түсті.
Біріншісі 80 % жол жүріп, құлады. Екіншісі де 79 % жол жүріп құлады. Ал
үшінші сырғанаған жоқ. Ол да құлап қаламын деп ойлады. Неге?
35. © Әлия және Сәния деген екі қыз өмір сүріпті. Сәния бәрін керісінше
жасайды екен. Анасы халва сатып әперіп: «Кім қанша алғысы келеді,
алыңдар», - деді. Әлия айтты: «Мен 10% аламын». Сония «0,1% аламын»
деп, жауап берді. Халваны анасы 100 г апды. Сәнияда көп халва болды ма?
125
36. 2000 аралдан тұратын Мальдив аралдары экваторда Үнді
мұхитында
орналасқан, оның 200-інде адамдар қоныстанған. Мальдив аралдарының
неше пайызында адам қоныстанған?
37. Мамандардың есептеуі бойынша, елімізде әр адамға шаққанда жылына
20 тоннаға дейін түрлі табиғи шикізат өңделеді. Осы шикізаттың тек 7%-ы
ғана дайын өнімді құрайды, өзгесі - қалдықтар. Әр адамға қанша қалдықтан
келеді екен?
Достарыңызбен бөлісу: