Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



жүктеу 1,41 Mb.
Pdf просмотр
бет41/67
Дата05.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#42026
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Мәтін есептер

Саннан бөлшекті табу есептері
1. Айгүлде - 8 кәмпит. Төртінші бөлікті ол ағасына берді. Ол ағасына қанша 
кәмпит берді?
2. 16 литр айранды 8 бөтелкеге бірдей құйды. Бір бөтелкеде қанша литр 
айран? Айранның қандай бөлігі бір бөтелкеде? 
3. Шелекте 7 л сүт. Сүттің жетіден бірін ботқаға алды. Ботқаға қанша сүт 
алды? 
4. 35 оқушының жетіден бір бөлігі концертке қатысты. Концертке қанша 
оқушы қатысты? 
5. Асқабақгың салмағы 6 кг. Жарты асқабақтың салмагы неге тең? 
6. Асханаға 25 кг қант әкелді. Қанттың бестен бір бөлігін жұмсап жіберді. 
Қанша кг қант жұмсады? 
7. Орамада 48 м мата болды. Белдемшелерге сгізден бір бөлігін, ал көйлекке 
- белдемшені пішкеннен кейін қалғанның жетіден бір бөлігін жұмсады. 
Көйлекке қанша метр кетті? 
8. Ұзындығы 12 метр бөренені 3 бөлікке кесті. Әрбір бөлікте қанша метр? 
9. Қауынның салмағы 5 кг. Қауынның бестен бір бөлігі қанша килограмды 
құрайды? 
10. Үйірмеге 39 оқушы қатысады. Үпгген бір бөлігі - қыздар. Үйірмеде 
қанша қыз? 
11. 
Жайылымда 60 бас мал жайылып жүр. Оның алтыдан бір бөлігі - қойлар, 
ал қалғандары - сиырлар. Үйірде қанша сиыр бар? 
12. Дәптерде 24 бет. Қыз дәптердің сегізден бесін жазып бітірді. Қыз бала 
дәптердің қанша бетін жазып бітірді? 


115 
13. Дәптерде 24 бет. Қыз дәптердің сегізден бесін жазып бітірді. Қыз бала 
дәптердің қанша бетін жазып бітірді? Қыз балаға дәптердің қанша бетін 
жазып тастау қалды? 
14. Мата кесіндісінің ұзындығы 75 метр. Бестен бір бөлігін сатып жіберді. 
Қанша метр мата қалды? 
15. Үйде 18 қабат. Қабаттардың үштен бір бөлігіне тұрғындар қоныстады. 
Әлі қанша қабатты қоныстандыру қалды? 
16. Мерекеге 15 қонақ келуге тиісті. Қонақтардың бестен бір бөлігі келді. 
Сонда қанша қонақ келмеді? 
17. Саяхатшьшар екі күнде 24 км жүрді. Бірінші күні олар барлық жолдың 
үштен екісін жүріп өтті. Екінші күні олар қанша километр жүрді? 
18. Дүкенге 200 жай және 400 түрлі түсті қарындаш әкелді. Барлық 
қарындаштың алтыдан бір бөлігін сатып жіберді. Қанша қарындаш сатуға 
қалды? 
19.
Пәтердің ауданы 100 шаршы метрге тең. Қонақбөлме барлық ауданның 
бестен бір бөлігін алады. Қонақ бөлменің ауданын тап. 
20. Көкөніс өсіруші 5 ц қияр жинады. Бесінші бөлігін әрбіреуіне 10 
килограмнан жәшікке салды. Ол қанша жәшікті толтырды? 
21. Окушы кітаптың сегізден бір бөлігін оқып шықты. Егер кітапта 
барлығы 320 бет болса, қанша бет оқыды? Оған әлі қанша бет оқу қалды? 
22. Көк жиектеменің ұзындығы қызыл жиектеменің төрттен бір бөлігін 
құрайды. Егер қызыл жиектеменің ұзындығы 40 см болса, көк жиектеменің 
ұзындығын тап. 
23. Мектепте 700 оқушы. Оқушылардың жартысы спорттық секцияда 
шұғылданады, барлық оқушының жетіден бір бөлігі музыка үйірмесіне 
қатысады, ал қалғанының бесінші бөлігі хорда өлең айтуға барады. Әртүрлі 
үйірмелерде қанша бала шұғылданады? 
24. Шаруа қожалығында 600 л сүт сауып алды. Сүттің алтыдан бір бөлігін 
сатып жіберді, ал қалған сүттің бестен бір бөлігінен ірімшік дайындады. 
Шаруа қожалығында әлі қанша литр сүт іске аспай қалды? 


116 
25. Үзындығы 50 метр сымның оннан бір бөлігін кесіп алды, ал ұзындығы 
30 метр сымның бестен бір бөлігін кесіп алды. Қандай кесіндіден және 
қаншаға көп кесіп алды? . 
26. Автотұрақта 30 машина болды. Үштен бір бөлігін - қара, бестен бір 
бөлігін - ақ, ал қалғандарын күміс түстес машиналар құрады. Автотұрақта 
қанша күміс түстес машина тұрды? 
27. Салмағы 36 кг. цементі бар қапшықтың төрттен бір бөлігін алды, ал 
салмағы 21. кг қапшықтың үштен бір бөлігін алды. Қай қапшықган және 
қанша килограмға көп цемент алды? 
28. Дүкенге 240 кг алма әкелді, апмұртты - барлық алманың үштен бір 
бөлігіндей әкелсе, ал өрікті алмұрт пен алманы бірге алғандағыдай әкелді. 
Дүкенге қанша килограмм жеміс әкелді? 
29.Мектепте 750. оқушы. Барлық оқушылардың бестен бір бөлігі - үздік 
оқитындар. Мектепте үздік оқитындар қанша? Мектепте үздік 
оқымайтындар қанша? 
30. Үй иесі 70 кг көкөніс тұздады. Барлық көкөністің бестен бір бөлігі - 
қырыққабат, ал қалғаны - қиярлар. Үй иесі қанша кг қияр тұздады? 
31. Орамада 490 метр мата болды. Жетіден бір бөлігін кесіп алды. Орамада 
қанша метр мата қалды? Кесіп алғанға қарағанда қанша метр мата көп 
қалды? Ораманың жалпы метр санынан матаның қандай бөлігі орамада 
қалды? 
32.
Мектеп хорында 81 адам өлең айтады. Олардың үштен бір бөлігі - ұлдар, 
ал қалғаны - қыздар. Хорда қанша қыз өлең айтады? 
33. Дүкенге 360 буда йогурт әкелді. Барлық йогурттың алтыдан бір бөлігі - 
өрік, екіден бір бөлігі - алхоры, қалғандары - құлпынай қосылған. Дүкенге 
қанша буда құлпынай йогуртын әкелді? 
34. Мерекеге әрбіреуінде 50 шардан 12 буда үрлеме шар сатып алынды. 
Шардың оннан бір бөлігі қолданылмай қалды. Қанша шар қалды? Залды 
әшекейлеуге қанша шар қолданды? Мереқеге барлық шардың қандай 
бөлігін қолданды? 
35. Тіктөртбұрыш түріндегі жер телімінін ұзындыгы 49 м, ені 36 м. Бұл 
телімнің тоғыздан төртіне картоп, ал қалған аумағына сәбіз егілген. Сәбіз 
қандай аумаққа егілген? 


117 
36. Гүлбагының бір жағы шаршы пішіндес 8 м-ге тең. Гүлбағының барлық 
аумағына он алтыдан жетісіне түймедақ егілген, ал қалған бөлігіне шегіргүл 
егілген. Гүлбағы аумағының қандай бөлігіне шегіргүл егілген? 
37. Мектеп ауласы тіктөртбүрыш пішіндес. Оның ұзындығы 28 м, ал ені 
16м. Ауланың төрттен үш бөлігі спорттық аудан боладыу ал қалған 
аймағында жолдар мен гүлдер орналасқан. Осы қалған аймақтың өлшемін 
табыңдар. 
38.
Тіктөртбұрыш пішіндес бау-бақшаның ұзындығы 40 м, ал ені 20 м-ге 
тең. Сегізден бес бөлігіне алма ағашы, қалған жеріне алмұрт егілген. Бау-
бақшаның қандай ауданына алмұрт егілген? Алмұрт егілген ауданы бау-
бақшаның қандай бөлігін құрайды? 
39. Қымбатта 360 теңге болды. Ол ақшаның сегізден бір бөлігін, сосын 
қалғанының жетіден бір бөлігін жұмсады. Ол барлыгы қанша ақша 
жұмсады? 
 
40. Оқушылар 1 т 8 ц 56 кг қызанақ жинады. Осы қызанақгардың төртінші 
бөлігін әрбіреуіне 16 кг себеттерге салды. Қызанақгарды буып-түюге 
барлығы қанша себет қажет болды? (58, 87, 29, 870 себет)
 
41. Қалалардың арақашықтыгы 1200 км. Саяхатшы жолдың алтыдан бір 
бөлігін машинамен, қалған жолдың жартысын кішкене кемемен, ал қалған 
жолды - автоаял тәсілімен жүріп өтті. Саяхатшы автоаялмен қандай жол 
жүрді? (500, 200, 700, 300 км) 
42. Мәдинага ұзындығы 1 метр лента берді. Ол лентаның 10 см бөлігін. 
келесіде - екіден бірін, ал үшіншіде - калғанының тогыздан бір бөлігін

жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау