Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет83/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113
азык тулык китап

4.1. Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен 
қорғаудың негізгі қағидалары
Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың 
негізгі қағидаларының қазіргі заманғы тұжырымы:
1) радионуклидтердің тағаммен бірге түсуін максималды 
төмендету мүмкіндігі;
2) ағзадағы радионуклидтердің жиналу жəне сіңу процесін тежеу;
3) тиімді тамақтану қағидаларын ұстану сияқты 3 негізгі жағдайға 
негізделеді.
Радионуклидтердің тағаммен бірге ағзаға түсуін төмендету үшін 
технологиялық немесе агрозоотехникалық тəсілдер көмегімен, соны-
мен қатар тамақтануды модельдеу жолымен, яғни радионуклидтердің 
аз мөлшерінен тұратын рациондарды қолдану арқылы олардың 
өнімдегі мөлшерін азайтуға болады.
Тағам шикізаттарын мұқият жуу, өнімді тазалау, құндылығы 
төмен бөліктерді бөлу арқылы радионуклидтерді 20-60%-ға дейін 
азайтуға болады. Кейбір жемістерді (орамжапырақ, жуа жəне т.б.) 
жуу алдында аса ластанған сыртқы жапырақтарын алу қажет. Кар-
топ жəне тамыртүйнек жемістерді қабығын тазалар алдында жəне 
тазалағаннан кейін міндетті түрде 2-рет жуу керек. Қоршаған 
ортаның радиоактивті заттармен жоғары деңгейде ластануы 
жағдайында тағам шикізаттарын кулинарлық əдіспен өңдеудің 
ең тиімді əдісі – қайнату болып табылады. Қайнату кезінде 
радионуклидтердің едəуір бөлігі қайнатпаға өтеді. Қайнатпаны 
тағамға қолдану ұсынылмайды.
Сүттен май жəне ақуыз концентраттарын алу арқылы сүт 
өнімдеріндегі радионуклидтердің мөлшерін едəуір төмендетуге 
болады. Сүтті қайта өңдеу барысында кілегейде-9%-дан көп емес 
цезий жəне 5% стронций, ірімшікте-21% цезий жəне 27%-ға жуық 
стронций, сырда-10% цезий жəне 45%-ға дейін стронций қалады. 


158
Сары майда қаймағы алынбаған сүт құрамындағы жалпы цезийдің 
тек 2 %-ы ғана сақталады.
Радионуклидтерден қорғау қасиеті бар тотығуға қарсы 
заттек-дəрумендерін (А, Е) тұтынуды жоғарылату іс-шаралары 
тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың 
негізгі бағыттарының біріне жатады. Сондықтан тағамдарға 
мүмкіндігінше əртүрлі өсімдік майлары, зəйтүн, жүгері, 
күнбағыс (күніне 2-3 ас қасықтан) майларын қолдану ке-
рек. Радионуклидтер, соның ішінде цезийдің ағзадан шығуын 
жылдамдатуға аскорбин қышқылы (С дəрумені), қымыздық жəне 
лимон қышқылдарының қабілеті бар. Радионуклидтердің ағзаға 
сіңу жəне жиналу процесін тежеу үшін асқазан-ішек жолдары-
на енген радионуклидтердің ағзаны сəулелеу уақытын азайту 
үшін ішектің белсенді қозғалуына жағдай жасау керек. Бұған 
тағам талшықтарынан тұратын өнімдерді: ірі тартылған ұннан 
əзірленген нан, арпа жəне қарақұмық жармасы, суық жеміс жəне 
көкөніс сорпалары, қайнатылған жəне шикі көкөніс тағамдары, 
сонымен қатар айран, қымыз, ұйыған сүтті тұтыну септігін 
тигізеді. 
Тағам рационы ағза реакциясына тек сəулеленудің жоғары 
деңгейінде ғана емес, сонымен қатар кіші дозалардың ұзақ уақыт 
бойы ағзаның ішкі ортасын сəулелеуі кезінде де шешуші əсер 
жасауға қабілетті. Ағзаның ішкі ортасына радионуклидтердің түсуін 
реттеу үшін рационға радионуклидтерден қорғайтын, иммунитетті 
арттыратын немесе бейімдеу əсерлері бар өнімдер мен заттарды 
енгізу арқылы адам ағзасының ішкі органдарының сəулеленуінен 
туындайтын зардаптарды төмендетудің шынайы жолын табуға бо-
лады.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау