Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары
1. «Рұқсат етілетін шекті концентрация», «рұқсат етілетін шекті
деңгей», «рұқсат етілетін тəуліктік доза» түсініктеріне анықтама
беріңіз.
2. Уытты элементтердің қай түрлері қолданыстағы санитарлық
нормаларға сəйкес тағам өнімдерінде бақылануы тиіс?
3. Сынап қосылыстарының уытты қауіптілігіне сипаттама беріңіз.
4. Тағам өнімдерінің кадмиймен ластануының негізгі көздерін
сипаттаңыз.
5. Қорғасын уыттылығына сипаттама беріңіз жəне олардың тағам
өнімдеріне түсетін негізгі көздерді көрсетіңіз.
6. Мышьяк қосылыстары адам ағзасына қалай əсер етеді?
Тағамның мышьяк қосылыстарымен ластануының негізгі көздері
қандай?
7. Атомдық-эмиссионды жəне атомдық-абсорбционды спектро-
метрия əдісі қандай құбылыстарға негізделеді?
8. Тағам өнімдеріндегі уытты элементтерді анықтауға қол-
данылатын атомдық спектроскопия жəне полярография əдісінің
артықшылықтары жəне кемшіліктерін сипаттаңыз.
9. Қолдану саласына байланысты пестицидтер қалай жіктеледі?
10. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау саласында пестицидтерді
қолдануға байланысты қандай негізгі проблемалар туындайды?
151
11. Фосфорорганикалық, сынапорганикалық жəне металқұрам-
дас пестицидтерге сипаттама беріңіз.
12. Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерлерін
анықтау үшін талдаудың қандай əдістері қолданылады?
13. Сізге полигалогенделген көмірсутегілердің қандай топтары
белгілі? Олардың қоршаған ортаға жəне тағам өнімдеріне түсуінің
негізгі жолдарын көрсетіңіз.
14. Полигалогенделген көмірсутегілердің адам ағзасына уытты
əсерін сипаттаңыз.
15. «Диоксин фоны» түсінігін қалай түсінуге болады?
16. Тағам өнімдері жəне тағам шикізатына нитраттар, нитриттер
жəне нитрозаминдер түсуінің негізгі қандай көздері бар?
17. Азот қосылыстарының адам ағзасына əсерін сипаттаңыз, осы
қосылыстардың потенциалды қаупін көрсетіңіз.
18. Сертификаттау сынақтарының тəжірибесінде тағам өнім-
деріндегі нитраттар, нитриттер жəне нитрозаминдерді анықтаудың
қандай əдістері бар?
19. Полициклды ароматтық көмірсутегілердің уытты əсерін
сипаттаңыз.
20. Қандай заттар өнімдердегі канцерогенды ПАК-дің қатыс уин-
ди-каторлары болып табылады?
21. Бенз(а)пиренді анықтау үшін талдау əдістерінің қандай
түрлері қолданылады?
22. Гормондар жəне гормональды белсенді заттардың жіктелуі-
нің негізіне қандай қағида салынған.
23. Ауылшаруашылығы жануарларын өсіру үшін қолданылатын
гормо-нальды препараттардың потенциалды қауіптілігі неде?
24. Тағам өнімдеріндегі антибиотиктердің потенциалды
қауіптілігін сипаттаңыз.
25. Антибиотиктердің қалдықты мөлшерін қандай əдістермен
анықтау мүмкін болады? Осы талдау əдістерін сипаттаңыз, олардың
артықшылықтарын жəне кемшіліктерін көрсетіңіз.
26. Тағам өнімдеріне түсу көздеріне жəне адам жəне жану-
ар ағзасына уытты əсер көрсетуіне байланысты əртүрлі топтағы
микотоксиндерді сипаттаңыз.
27. Қай өнімдерде жəне қандай микотоксиндер нормаланады?
Өнімдердегі микотоксиндер мөлшерінің шектелген деңгейі қандай?
28. Микотоксиндерді талдау əдістерінің қандай түрлері скрининг-
əдіске жəне арбитражды əдіске жатады? Неліктен?
152
29. Микотоксиндерді талдау барысында сынаманы таңдаудың
қандай ерекшеліктері бар? Бұл немен байланысты?
30. Тағамдық улану жəне тағамдық интоксикация түсініктеріне
анықтама беріңіз.
31. Тағам өнімдері қауіпсіздігінің микробиологиялық
бақылауының мақсатын жəне міндетін атаңыз.
32. Гигиеналық нормативке микробиологиялық көрсеткіштері
бойынша микроағзалардың қандай топтары кірген?
|