Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет25/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113
азык тулык китап

2.2.5. Тағам өнімдерінің уытты компоненттері
Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінде ағзаға артық 
мөлшерде түскен жағдайда адам денсаулығына кері əсер тигізетін 
табиғат қосылыстары бар.
Цианогенді гликозидтер. 
Цианогенді гликозидтердің уыт-
ты компоненттеріне цианид жатады, ол альдегид немесе кетон-
мен байланысқан ционогидрин түрінде болады. Цианогидрин 
қанттармен қосылысады, оның «цианогенді гликозид» атауы да осы-
дан шыққан. Тағам дайындау барысында, ұзақ сақтау немесе өсімдік 
тінін зақымдау кезінде жүретін өсімдік өніміндегі гликозидтік 
байланысты ыдырататын ферменттердің босатылуы – Қанттар 
молекуласының бөлінуін тудырады, содан кейін цианогидринді 
альдегид немесе кетонға дейін ыдыратып, жоғары уытты синиль 
қышқылын (HCN) босатып шығарады.
Өсімдіктердегі цианогенді гликозидтерге – 
линамарин 
жəне 
ло-


45
таустралин жатады, 
олар зығыр жəне ақ үрмебұршақ дəнінің, ма-
ниока жапырағы жəне түйнегінің компоненттері болып табылады, 
сондай ақ дəнекті жемістер жəне ащы бадам ядросында болатын 
амигдалин
, құмай жүгері дəнінің құрамына кіретін 
дхурин
жатады.
Ферменттер əсерінен гликозидтерден босап шығатын синиль 
қышқылы – ащы бадамға тəн иісі бар жеңіл ұшпа сұйықтық болып та-
былады. Аэробты ағзалардың тыныс алу тізбегінің соңғы звеносының 
ферменті – цитохромоксидазаның ингибиторы болғандықтан, 0,05 г 
мөлшерде адамның өлімге алып келетін улануын тудырады. Циа-
нидпен қатар оның ағзадағы биотрансформациясының басты өнімі 
– тиоцианатта уытты əсер көрсетуі мүмкін.
Адамдарды жаппай зақымдау үшін цианидтерді қолдану 
жағдайлары белгілі. Мысалы, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 
француз армиясы синиль қышқылын улағыш зат ретінде қолданған, 
гитлер концлагерлерінде цианқұмырсқа қышқылының улы эфирлері 
– газ циклондарын, Вьетнамда американ əскерлері тұрғылықты 
халыққа органикалық цианидтерді қолданған.
Цианидпен улану өрік, шабдалы, шие, қара өрік дəнектерінің 
ядроларын сонымен қатар күлгін қызыл түсті тұқымдастарының 
өсімдіктері жəне олардың тұнбалары, кассава, маниока түйнегін 
көп мөлшерде тағамға қолданғаннан туындайды. 1981 жылы 
Мозамбиктің солтүстік провинцияларының бірінде 1000-нан 
астам əйелдер жəне балалар спастикалық параперез эпидемиясына 
шалдыққан, ол осы аймақтағы негізгі тағам көзі болып табылатын 
жəне құрғақшылық нəтижесінде цианидтің (327 мг/кг) өте жоғары 
деңгейі жинақталған кассаваны қолдану нəтижесінде туындады. 
Ағзаға синиль қышқылының түсуі күніне 15,0-31,5 мг-ға жеткен, 
ал ересек адамдар үшін цианидтің өлімге алып келетін дозасы 50 
мг-ды құрайды. 
Цианогенді гликозидтің ең көп мөлшері амигдалин өрік жəне 
ащы бадам сүйегінде болады. 100 г ащы бадамда 0,25 г синиль 
қышқылы болатыны анықталған, яғни ересек адамды өлімге алып 
келетін беске жуық доза. Ащы бадамның 5-10 ядросында кішкентай 
бала үшін өлімге алып келетін доза болады. Өріктің тазартылған 
ащы ядроларының азғантай мөлшерін тұтыну (60-80 г шамасында) 
өлімге алып келетін улануды тудырады. Кондитер өндірісінде ащы 
бадамды қолдану əдісі шектелген.
Цианидпен уланудың клиникалық көрінісі: уланудың жеңіл 
жағдайларында бас ауруы жəне жүрек айну пайда болады, ал қиын 



жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау