Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет33/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113
азык тулык китап

Скомброидті улану. 
Теңіз өнімдерінен уланған көп жағдайлар 
балықты дұрыс сақтамағандықтан бактериялық ыдырау нəтижесінде 
түзілетін токсиндерден туындайды. Мұндай улану түрі скомброидтік 
улану деп аталады. Скомброидтік улану симптомдары беттің 
қызаруы, қатты бас ауруы, құсу, іш ауруы сияқты гистаминнің 
аллергиялық реакциясын еске түсіреді. Бұл аурулардың адамдарды 
өлімге алып келуі сирек орын алады.
Тунец, макрель, сардин, анчоус жəне басқа балық түрлері 
бұзылуының бірінші белгілері пайда болғанға дейін олардың 
бактериялық ыдырауы гистамин концентрациясын (2000-5000 кг/г) 
едəуір ұлғайтады. Бірақ скомброидтік улану себебін тек гистаминнің 
артық концентрациясымен түсіндіруге болмайды. Кейбір адамдарда 
зиянды зардабы жоқ үлкен мөлшерде таза гистамин (180 нг шама-
сында) болады. Осы уақытқа дейін белгісіз скомброидтік уланудың 
басқа себептері де болуы мүмкін.
Альготоксиндермен улану. 
Альготоксиндер – ішкі тұщысу су-
аттарында тіршілік ететін Cyanophyta көкжасыл балдырларының 
токсині.
Судың «гүлденуі» ретінде белгілі көкжасыл балдырлардың жап-
пай көбеюі экологиялық құбылыс, бірақ маңызды биологиялық жəне 
медициналық мəні бар. Көкжасыл балдырлардың дамуы денеде 
көптеген гидробионттардың жəне қоршаған су ортасында балдыр-
лар өндіретін, күшті əсер ететін уытты заттардың жинақталуына 


54
алып келеді. Альготоксиндер су экожүйесінде жинақталады, 
кейде трансформацияға ұшырайды, соған қарамастан өзінің 
уыттылығын сақтайды. Альготоксиндерді жинақтау жəне тасы-
малдау тізбегінің келесі звеносы балықтар жəне моллюскалар, 
содан кейін жылықанды құрлық жануарлары жəне адамдар бо-
лып табылады. Суаттарда шөпқоректілердің (үй жануарлары) 
асқорыту жолдарына фитопланктон жəне судың түсуі салдары-
нан улану жағдайлары орын алған. Сумен жабдықтау техникалық 
жабдықтарының альготоксинмен улануы айтарлықтай қауіп 
тудырады. Адам судың «гүлденуі» мерзімінде шомылса улануы 
мүмкін. Бұл құбылыстардың ауқымы айтарлықтай үлкен болуы 
мүмкін, себебі судың гүлденуі уақытында көкжасыл балдырлардың 
биосалмағы жəне (100-200 г/л-ден көп) жəне саны (1 л-ге миллион 
жасушадан келеді) едəуір ұлғаяды.
Көкжасыл балдырлар анатоксин, неосакситоксин, сакситок-
син, микроцистин, L-лейцин жəне R-аргинин (LR деп аталатын 
токсин) сияқты уытты қосылыстардың қатысуы нəтижесінде уыт-
ты қасиеттерге ие болады. Соңғы токсиндер өте қауіпті, оларды 
кейде əдебиеттерде жылдам өлім факторы деп атайды. Көкжасыл 
балдырлармен улану бірнеше клиникалық түрде, соның ішінде 
асқазан-ішек, тері-аллергиялық, бұлшықет жəне аралас түрде өтуі 
мүмкін. Су жүргізетін желіге көкжасыл балдырлар түскен жағдайда 
дизентерия немесе холера тəріздес аурулар түрі бойынша жүретін 
эпидемиялық уытты гастроэнтриттің ошақтары орын алуы мүмкін. 
Негізгі симптомдары: жүрек айну, асқазандағы ауру, ішек спазмасы, 
құсу, диарея, бас ауруы, бұлшықет жəне буындардағы аурулар. Тері-
аллергиялық улану түрінде дерматит, қышу, көз кілегейінің ісінуі 
жəне гиперемиясы (конъюнктивиттер), бронх демікпесі бойынша 
тыныс алу жолдарының реакциялары орын алуы мүмкін.
Балықтың көкжасыл балдырлары (шортан балық, көксерке, лақа 
балық, алабұға жəне т.б.) жұққан тағамды тұтынғаннан дамитын «юк-
сов-сартлан ауруын» ерекше түрі ретінде бөледі. Аурудың басталуы-
на итермелейтін факторларға физикалық жүктеме жəне салқындауды 
жатқызады. Интоксикация балықты тағамға пайдаланғаннан кейін 
10-72 сағаттан кейін дамиды, ал жылумен өңдеу уыттылығын 
төмендетпейді. Аз қозғалыста күшейетін аяқ, қол бұлшықеттерінде, 
бел, кеуде клеткасында жедел аурулар пайда болады. Тері циа-
нозы, ауыз қуысының құрғауы, кейде құсу байқалады. Тыныс алу 
мускулатурасының салдануы нəтижесінде өрбитін асфиксия қауіп 


55
төндіреді. Ауру ұстамасы 3-тен 4 тəулікке дейін созылады. Аурудың 
қайта өршуі (рецидивтер) мүмкін.
Уланудың алдын алу үшін суды ұзақ қайнату, оны активтендірілген 
көмір арқылы сүзгіден өткізу, су жүргізетін станцияларда озон-
дау ұсынылады. Судың альготксиндермен ластануының негізгі 
көрсеткіші – өткір балық иісі болып табылады. Мұндай суаттың 
балығын қолдану қауіпті. Алдын алу іс-шаралары жүйесінде судың 
сапасын тұрақты гидробиологиялық бақылау жұмыстары алдыңғы 
орынды алады.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау