Преамбула


ТӘРБИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ



жүктеу 1,72 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата02.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#41978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
1 аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 
ТӘРБИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ 
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс әрекетке осы заманғы көзқарастың 
ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік және сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз 
ететін факторлар мен шарттардың біртұтас жиынтығы болып табылады. 
Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», 
«адам құқы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т.б. ұғымдардың жан-жақты 
қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру 
ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік береді. Басым 
құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау 
ерекшеленеді.Білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше 
үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға 
бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта 
білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі 
деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда.
Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан 
Республика-сының 
білім 
беру 
ұйымдарында 
2006-2011жылдарға 
арналған 
республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының 
аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық 


4
бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның 
тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды. 
Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. 
Мектептердің, кәсіптік мектептер пен колледждің директордың тәрбие жұмысы 
жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі 
проректорлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, 
әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері
қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты 
әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, 
оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол 
табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал 
жасаудың диапозоны кеңейді. Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде 
шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, оларға
 
мыналар кіреді: 
● тұлғаға қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан жаңа талаптар жүйесі
туындауы;
тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін 
нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі.
● қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-
қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты 
дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;
оқыту рөлінің жоғары бағаланып және қазақстандық жаңа ұрпақтың
қалыптасуындағы тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға 
жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола 
бермеуі; 
әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі; 
адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір 
салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері 
ықпал етуі; 
тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз 
қамтамасыз етілуі; 
педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі; 
балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы 
тиімділігінің төмендігі; 
еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы; 
балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі 
(клубтар,үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың іс-әрекеттерінің 
жеткіліксіздігі. 
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы 
заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізін мен мемлекеттік 
саясатын құрай-тын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.
Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай 
келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі 
туып 
отыр. 
Тұжырымдама 
Қазақстандағы 
тәрбие 
саясатының 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, 
«Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының
«Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни 
бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, 
Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың 


5
алдын алу және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу» Заңы, Қазақстан 
Республикасының «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi» 
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау 
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ - ның алдын алу » туралы 
Заңы, Қазақстан Республикасының Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу 
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтардың денсаулығын сақтау 
туралы , Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық 
жоспары, 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 
Тұжырымдамасы анықтаған негізгі қағидаларын дамытады және т.б. Тұжырымдама 
тәрбиенің жалпыұлттық басымдылық екендігін айқындайды. Ұсынылып отырған 
тәрбие Тұжырымдамасы білім беру ұйымдарын біріңғай жүйелі басқарудың 
құрамдыжүйесінің элементі болады.Осы дайындалған Тұжырымдамаға сәйкес оны іске 
асыру жоспары әзірленеді. 

жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау