Iii тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары тұмау син.: инфлюэнца Анықтамасы



жүктеу 436,16 Kb.
Pdf просмотр
бет9/32
Дата16.03.2023
өлшемі436,16 Kb.
#41806
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
5.6 сабақ

Эпидемиологиясы.
Менингококкты инфекция - антропонозды ауру. Инфекция көзі – 
менингококкты 
инфекцияның 
әртүрлі 
түрлерімен 
ауырған 
науқас 
адам 
немесе 
бактериятасымалдаушы. Эпидемиологиялық тұрғыдан менингококкты инфекция қоздырғышын 
жұқтыратын 3 топты ажыратады: 1) жайылмалы түрлерімен ауырған науқастар; 2) менингококкты 
назофарингитпен ауырған науқастар; 3) бактерия тасымалдаушылар. Сыртқы ортаға ең қауіптісі – 
үшінші топтағы адамдар, себебі клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылық кең таралған.
Берілу жолы - ауа-тамшы арқылы. Менингококкты инфекциямен көбінесе балалар 
ауырады. Бұл аурудың 50-90%-ы 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Эпидемиялық аралық 
кезеңде спорадикалық түрде жасөспірімдер мен ересектер ауырады. Маусымдылығы – қараша-
желтоқсаннан бастап наурыз-сәуір айларына дейінгі мерзім. Ауылды жерлерге қарағанда бұл ауру 
қалада көптеп тіркеледі. Әскери бөлімшелерде, оқу орындарында, жатақханаларда, интернаттар 
мен қарттар үйлері сияқты жерлерде ауру тез өршиді. Оның себептері – жабық үйдегі адамдардың 
тығыз байланысы, жоғарғы температура мен дымқыл ауа, көмір қышқыл газы және күкіртті 
сутегінің жоғары концентрациясы, психикалық және физикалық салмақ түсу, суық тигізу және т.б. 
Ауру 
нәтижесінде 
тұрақты 
иммунитет 
қалыптасады. 
Қабылдамаушылық 
бактерия 
тасымалдаушылықтан кейін де дамиды. Түзілген иммунитет - типтік арнамалы.
Патогенезі.
Инфекцияның кіру қақпасы – мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары. 
10-15% жағдайларда менингококктың мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабықтарына түсуі 
қабынуға алып келген (назофарингит, катаралдық тонзиллит). Шырышты қабықтардың жергілікті 
қорғаныс барьерінен өткен жағдайда қоздырғыш қанға түседі. Бактериемия транзиторлы немесе 
ұзақ болуы мүмкін. Қанның бактрицидтік әсерінен менингококтар көптеп жойылады да, 
эндотоксиндер шығып, эндотоксинемия дамиды. Кейде ішкі ағзалар, қан тамырларының 
қабырғалары, ми қабықшалары зақымдалып, септикопиемия түрінде өтеді.
Организмде қоздырғыштың негізгі таралу жолы – гематогенді, сирек – торлы сүйек 
арқылы. Менингококтардың субарахноидальды кеңістікке өтуі мен қоздырғыштардың көбеюі 
нәтижесінде жұмсақ ми қабықшаларында алғашында серозды-іріңді, сосын іріңді қабыну дамиды.
Қабыну үрдісі көбінесе үлкен жарты шар беткейінде және бас миы негізінде орналасады, 
кейде жұлынға да таралады. Патологиялық процесс ми қарыншаларының эпендимасына да 
таралса, іріңді эпендиматит дамиды. 
Ауыр жағдайларда қабыну үрдісі ми затын қамтиды, тамырлардың инъекциясы мен 
кеңеюі, ұсақ қан құйылулар, қабыну фокустары, жұп нервтердің қабынулары байқалады.
Менингококкты инфекцияның аса ауыр түрлерінің патогенезінде токсикалық және 
аллергиялық компоненттер маңызды болып саналады. Мұндай жағдайларда инфекционды-
токсикалық шок дамиды. Науқастарда гемостаздың бұзылыстары, ағзалар мен тіндерде 


гемодинамикалық және микроциркуляциялық өзгерістер, электролиттік және гормональдық 
гомеостазда айқын қозғалыстар болады. 
Бұл аурудың ауыр, өлімге ұшырататын асқынуы – церебральды гипертензияның негізгі 
себебі - айқын токсикоз. 
Кейде, әсіресе нәрестелерде айқын токсикоз бен су-тұз алмасуының ауыр бұзылыстары 
қосарласып әсер еткенде церебральды гипотензия дамуы мүмкін.
Менингококкты инфекция кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер аурудың түріне 
және оның ағымының ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кеңірдек пен бронхтарда 
катаралдық қабынудың белгілері білінген. Бүйректің қан тамырлары эндотелиясының сыртқы 
және ішкі ісінген клеткаларында менингококктың жиналғаны айқындалған. Қан тамырларында 
стаз, ал тым кеш кезде қанның ұйысуы байқалған.
Клиникасы. 
Инкубациялық (жасырын) кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. 
Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуіне байланысты келесі түрлерін ажыратады:

жүктеу 436,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау