Iii тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары тұмау син.: инфлюэнца Анықтамасы



жүктеу 436,16 Kb.
Pdf просмотр
бет2/32
Дата16.03.2023
өлшемі436,16 Kb.
#41806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
5.6 сабақ

Эпидемиологиясы
Аурудың инфекция көзі – тұмаумен ауырған науқас адам. Науқастың 
жұқпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды белгілердің 
айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сыртқы ортаға көптеп 
таралады. Инфекцияның берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы
 
– ауа-тамшылы. 
Эпидемиялардың қайталану уақыты мен сырқаттанушылық деңгейі тұрғындардың жүре пайда 
болған типтік арнайы иммунитетінің ұзақтығына және вирустың антигендік қасиеттерінің 
өзгергіштігіне байланысты. Иммунитет А тұмауынан кейін 1-3 жыл, ал В тұмауынан кейін 3-6 
жыл сақталады. 
Патогенезі.
Тұмау вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты. Патогенезінде 5 негізгі 
кезеңді ажыратады:
1.
Вирустың тыныс жолдарының жасушаларындағы репродукциясы. 
2.
Вирусемия, токсикалық және токсикалық-аллергиялық реакциялар. 
Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) 
вирустың өзіне және жасушаның ыдырау өнімдеріне байланысты. 
3.
Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы) 
4.
Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары. 
5.
Патологиялық үрдістің кері дамуы. 
Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды.
Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық 
бұзылыстарға әкеліп соғады. 
Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің 
фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың 
өршуіне әкеледі. 
Клиникалық көріністері.
Грипптің жіктелуі: 

ағымы бойынша - типтік және атиптік; 

клиникалық көріністерінің ауырлығы бойынша - жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады;



кейбір авторлар гипертоксикалық түрін бөледі.
Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 3 күнге дейін, әдетте 1-2 күн.
Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы улану және тыныс жолдарының 
зақымдалуы (катаралды синдром). 
Әдетте (типтік жағдайда) тұмау жедел басталады: тоңғыштық, бастың ауыруы пайда 
болады. Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы 38,5-40°С-қа дейін жоғарылайды. Әлсіздік, дененің 
«сынуы», бұлшықеттердің, сүйектердің, буындардың ауыру сезімі дамиды. Бас ауыру маңдай және 
самай аумақтарында орналасады, бірте-бірте күшейеді. Сонымен қатар, көз алмаларының ауыру 
сезімі пайда болып, жарыққа сезімталдық жоғарылайды. Айқын улану бастың айналуымен, 
анорексиямен, құсумен, геморрагиялық синдроммен қатарласады.
Аурудың бірінші тәулігінде науқас мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтыққа, ауыру сезіміне, 
мұрынның бітелуіне шағымданады. 2-3-ші күндері науқастардың көбісінде құрғақ жөтел, кеуденің 
ауыру сезімі пайда болады. 3-4 күннен кейін жөтелге қақырық қосылады.
Асқынбаған жағдайда қызба ұзақтығы А тұмауы кезінде 1-6 күн (көбінесе 4 күн), ал В 
тұмауы кезінде одан көбірек болады. 
Дене қызуының төмендеуі- кризистік немесе тездетілген лизиспен жүреді. 
Науқасты қарап тексергенде аурудың бірінші күндері бетінің қызаруын, ісінуін, склера 
тамырларының инъекциясын, кейде 3-4 күні ұшықты көреміз. Аурудың ауыр ағымында тері 
жабындылары бозғылт, цианоз байқалады. Аңқа қызарған, гиперемия жайылмалы, доғашықтар 
мен жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы қабырғасында айқынырақ көрінеді. Науқастардың 
көбісінде жұмсақ таңдайда, кейде тілшік пен доғашықтарда дәнді түйіршіктерді байқауға болады. 
Жұтқыншақтың артқы қабырғасы құрғақтау, үлкейген лимфа фолликулдері көрінеді. Мұрынның 
шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Аурудың 2-3 күндері серозды, кейін шырышты 
бөлінулер пайда болуы мүмкін.
Аурудың бірінші күндері пульс дене қызуына сәйкес, кейде салыстырмалы брадикардия 
немесе тахикардия байқалады. Қан қысымы төмен болуы мүмкін. Науқастардың көбісінде 
жүрек тондары бәсеңдейді. ЭКГ-да улану синдромына тән өзгерістер болады: Т тістерінің 
төмендеуі, Q-T, P-Q интервалдарының ұзаруы. Қызба кезеңінде ентігу болады. Аускультация 
арқылы қатайған (кейде везикулярлы тыныс), қысқа уақыт арасында құрғақ сырылдар 
анықтаймыз. R-граммада өкпенің тамырлар суретінің күшеюін және өкпе тамырларының кеңеюін 
көруге болады. Ас қорыту жүйесі аз зақымдалады. Ауыр жағдайларда тәбет жоғалады. Науқастың 
тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іштің қатуы байқалады.
Шеткі канда
:
лейкопения, нейтропения, эозинопения, моноцитоз, ЭТЖ қалыпты немесе 
төмендеген.
Зәр шығару жүйесінен диурездің төмендеуін, протеинурия, микрогематурия, 
цилиндрурия байқауға болады.
Вегетативті нерв жүйесінің зақымдалуының айқын белгілері көрінеді: беттің қызаруы
тершеңдік, пульс өзгергіштігі.
Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы интоксикация белгілерімен, ауыр ағым кезінде 
менингеалды белгілермен, құрысулармен, энцефалопатия белгілерімен көрінеді. Сонымен қатар, 
перифериялық жүйке жүйесі де зақымдалады: жергілікті гиперестезиялар және парестезиялар
кейбір нервтердің невралгиясы.
Реконвалесценция кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Бұл кезең астеновегетативті 
синдроммен, созылмалы аурулардың өршуі мен асқынулардың пайда болу мүмкіндіктерінің 
бейімділігімен сипатталады. 
Тұмаудың 

жүктеу 436,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау