Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6,68 Mb.
Pdf просмотр
бет19/85
Дата08.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#41201
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
46
Шығыс кестесі әмияныңды толтыруға қызмет ете-
тін көмекші ғана. Ол саған барлық қажеттіні береді 
және орындалуы мүмкін басқа да тілекті жүзеге асы-
рады. Оның көмегімен өзіңе нағыз қажеттіні кездей-
соқ көңіл қалауынан ажырата аласың. Ол түнектегі 
сәуле секілді әмияндағы қаржының текке жұмсалу 
жолына жарық түсіріп, бос шығынды тоқтатуға әсер 
етеді.
Сонымен, қос бүйірі қабысқан әмиянды сауықты-
руға қажетті екінші жол мынадай: табыстың оннан 
тоғыз бөлігінен артық шығыс шықпайтындай етіп, 
қаржыңды күнделікті қажетке де, сайрандауға да, 
негізгі көңіл қалауыңды орындауға да жететіндей 
мөлшерде жұмсай біл.
ҮШІНШІ ЖОЛ
э
Ақшаны еселеуге қамданыңдар
– Әмияндарың тола бастады. Ондағы табыстың 
оннан бір бөлігін қалдыруға өздеріңді мәжбүрлей 
алдыңдар. Жиған-тергенді сақтау үшін өз шығыста-
рыңды қадағалай бастадыңдар. Енді ақшаларыңды 
өздеріңе жұмыс істеуге, яғни көбеюге мәжбүрлей-
тіндей тетік табу керек. Әмиянда жатқан алтын сен-
дердің кеуделеріңді керіп, көңілдеріңді тоғайтар-ау, 
бірақ ол ешқандай табыс әкелмейді. Жиналған ал-
тын – бар болғаны алғашқы қадам ғана. Алтынның 
өзі табыс әкеле бастағанда ғана – байлықтың төбесі 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
47
көрінеді. – Аркад үшінші күні өзінің шәкірттері ал-
дындағы дәрісін осылай бастады. – Алтынды қалай 
жұмыс істеткен жөн? Өзімнің алғашқы ақша салы-
мым сәтсіз шығып, жер сипап қалдым. Бұл оқиға-
ның жай-күйін кейінірек әңгімелеймін.
Қалқан жасаушы Аккар деген адамға берген қа-
рызым маған пайда әкелген алғашқы салымым бол-
ды. Ол жыл сайын теңіздің арғы бетінен өз кәсібіне 
жарату үшін көп мөлшерде қола сатып алатын. Бұл 
үшін, яғни саудагерлерге төлейтіндей өзінде жет-
кілікті ақша болмағандықтан, ол артық қаржысы 
бар адамдардан қарыз алатын. Ол сенімді жан еді. 
Қалқандарын сатып болысымен, алған қарыздарына 
едәуір үстеме қосып, иелеріне қайтаратын.
Өзім ылғи да одан бергенімнен көп ақша алып 
отырдым. Осылайша жинағым молайып қана қой-
ған жоқ, одан түсетін түсім де арта берді. Ақшамның 
әмияныма кешікпей әрі көбейіп оралуы жанымды 
жайландырды.
Шәкірттерім, сендерге айтарым, адамның байлы-
ғы – оның әмиянындағы ақша емес. Ол – адамның 
өзі ашқан кіріс көзі, ол – әмиянға тоқтаусыз құйы-
лып, оны толтырып жатқан алтын ағыны. Бұл – әр 
адамның арманы. Бұл ағын жұмыссыз отырғанда да, 
саяхатта жүргенде де тоқтамайтындай жағдайға же-
туге ұмтылу керек.
Өзім үлкен табыстарға жеттім. Білетін жұрт мені 
асқан бай кісі дейді. Аккармен жасаған мәмілем пай-
далы салымның алғашқы сынамасы болды. Білім 
мен тәжірибе жинай отырып, салым шеңберін ке-
ңейте түстім. Әмияныма алтын ағыны алғашқыда 
бірнеше, кейінірек көптеген қайнардан ағылды.



жүктеу 6,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау