207
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жабдықтар – М. С.)
институтына сынауға жібер дік. Жайбара-
қат дегенімізбен, негізгі ісіміз алға басып, Қарсақбай алыбының
іргесі қаланып жатыр, ол болса, өзің білесің, Қазақстанды ин-
дустрия ландырудың алғашқы қарлығашы».
Сәтсіздіктің де шегі бар. Кейде ол жылдарға созылады, кейде
бірер айға. Сәтбай әулеті тап болған кесепат бұл жолы да, тәубе
делік,
ұзаққа созылмай, сол жылы-ақ саябыр тапты. Үкімет
маңындағы игі жақсылардың бірі, Қаныш Имантайұлының үсті-
үстіне жолдаған арызы мен жеделхаттарына ақырында көңіл
бөліп, жазықсыз қуғындауды тоқтатуды талап еткен тәрізді.
Алғашқы хабар Омбыдан келді: қала іргесіндегі «Қаржас
ауылында» бой тасалап жүрген Әбікей Зейінұлы ел жаққа
қайтпауға бекініпті; осы жердегі орыс
мектебіне мұғалім болып
орналасқан... Павлодардан да қуанышты лебіз жетті: Кә рім де,
Бөкеш те қамаудан босап, ауылға аман-есен қайтыпты, отбасының
тірлігіне кіріскен, қуынып жүріп, сот шешімімен тәркіге түскен
малдың үштен бірін біржола қайтарыпты (Ғалымның
дербес мұ-
рағатында сақталған рес ми анықтамада Имантай би мен оның
үлкен баласы Ғазиз Сәтбаевтан 1928 жылдың жазында 150 бас
ұсақ мал, 50 жылқы жә не 12 ірі қара тәркіленгендігі жазылған).
Қу жанын қоярға жер таппай, Атбасар тресінің кеңсесінде қағаз
қотарып отырған геологқа да Қазақстанға баруға рұқсат кешік-
кен жоқ, тіпті жеделхатпен хабарланған. 28
шілдеде Қызылор-
даға қайтып оралған Таисияға жолдаған хатында ол
: «...Келесі
аптада барлаудың жай-күйін тексеру үшін Тұрланға жүремін,
одан әрі – Қарсақбайға... Жүрерімде жеделхат саламын, күт,
JANIM»
– депті.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 4 тамыз, 1928 ж.
«...Күпті көңіл соңғы аптада біржола тү зелді деуге болады.
Жұмыста да олжа көп: Жезқазғандағы барлау мен нұсқаған
қолаттан қуаты үш жарым метр, мыстың орташа құ н ары 6,5
пайыз кен қабатына жолығыпты; пештің монтажы біт кен,
15-20 қыркүйек аралығында зауытты жүргізуге мүмкіндік ту-
ған; менің өнді ріс терге сапарым шешілген мәселе!.. Тұрландағы
партия биылғы барлауды жобаланған мерзімнен бір жарым ай
кеші гіп бастады. Демек, қалған уақытты пайдаланып, бүкіл
жұмысты қысқа мерзімде орындау қажет. Әлгінде ғана комби-
нат басшыларынан Тұр ландағы партияның Түркістанға қарай