18
Медеу СӘРСЕКЕ
бiлетiн игi әсе рiн сезiн ген. Шоқанның
ұшан-теңіз бiлiмдарлы-
ғына өмiр бойы тәнтi болып, өз ұрпағына сүйсiне әңгiмелеуден
жаңылмаған. Соған дәлел: біртуар азамат 1865 жылы дүние
салғанда, әкесi Шың
ғыс төре Жетi
суға, марқұмның мүрдесi
жерленген Алтын-Емелге өкілетті топ аттандырғанда, мiнәжат
етушілердің санатында нағашы жұртынан да (Шоқанның анасы
Зейнеп – Шорман бидiң тұңғышы)
бiрнеше кiсi қосылған, алыс
сапарға ықылас білдіргендердің бірі – жиырма жасар Имантай
Сәтбайұлы...
Имантай Сәтбайұлы Омбыдағы үш жылғы оқудан өзге мек-
теп көрiп, бiлiм алмаған. Бiрақ өз бетiмен iзденіп, білімін мо-
лайтудан өмiр бойы жаңылмаған,
ескі тарих, шешендiк сөз-
дерге, өлең-жырға, батырлық дастандарды тыңдауға ерекше
құмар болыпты, кейбiр әндерді домбыра сүйемелімен өзі де
көп-көрім шырқаған деседі. «Зарқұм», «Қызыл табан Хасен»,
«Шәкiрат» сияқты ұзақ қиссаларды әлденеше кеш жырлайтын
дүлдүл жыршыларды ауылында қонақ етіп,
сый-сыяпат берiп,
құрмет көрсеткен. Жасырақ кезiнде Имекең аңшылық, құсбегi-
лiк өнерді де меңгеріпті. Алайда ән-жырды қастерлегендей ұзақ
елікпеген деседі. Бәлкiм, өз ауылынан бұл өнер дің Мағаз (Жәмiн
Сәтбаевтың баласы), өз ұрпағынан Әбсәләм, Бөкеш тәрiздi хас бiл-
гiрлерi
жетiлген кезде құс баулып, тазы баптауды соларға артып,
өзі қызықтаушы болып қалған...
«Жас кiсiнiң Имекең алдынан өтуi оңай болмайтын. Тезге
түскендей, не профессорға емтихан бергендей сезім кеше-
тін, –
депті академик Ә.Х. МАРҒҰЛАН ілгеріде біз сілтеме
жасаған есте лi гiн де
. – Өйткенi Имекең жастарға сын көзi
-
мен қарап, олардың болашағына зор ынтамен ден қойған… Бұл
туралы мынадай оқиғаны еске түсiруге болады: 1916 жылы, жаз
күнi, Имекең мен Сәкең
(Сәдуақас Мұса ұлы Шорманов – М.С.)
әңгiме лесiп отыр ған да, екеуінің үстіне Қазанда оқып жүрген
бір топ студент кіріп келеді. Олардың ішінде заң факультетін
бітір гелі жүрген Мұқыш пен Базарбай бар. Студенттердің мі-
незі, сөйлеген өрескел сөз дері Имекеңе ұна майды. Ол кісі көзінің
қырын Сәкеңе тас тап:
– Мырза, осы балалардың оқуы, білімі Шоқанның оқуынан
қалай? – депті.
– Шоқанның оқуы бұлардан әлдеқалай төмен. Ол тек қана
кадет корпусын бітірді. Бұлар университет бітірейін деп жүр.
Арасы жер мен көктей.