Айша - ғылымның қайнар бұлағы
363
биік. сол себепті айша анамыздың риуаят еткен
хадистері фиқһшылар арасында жоғары орынға ие.
мысалы, ол алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) кезеңінде мешітке емін-еркін келіп, жамағатқа
қосылып намазға қатысқан әйелдер туралы үкімнің
кейінгі жылдары өзгергені туралы пікірді ұстанды.
Өйткені, шарттар өзгерді, пайғамбарымыздың
кезеңіндегі тазалық жойылды. сондықтан да ол күнгі
адал ниет пен қауіпсіздік қазір жоқ. Олай болса, үкім
де осыған қарай қайтадан қолға алынып, заман тала-
бына сай жаңа үкімдер шығарылуы керек
592
.
Тәпсір мен
хадис ғылымы секілді айша
анамыздың фиқһ саласындағы білімі де тікелей
Құран мен сүннетке негізделеді. Екі қайнар-көзден
алынған мәліметтерді зерттеп, зерделеп және
өзінен сұралған кез-келген мәселеде әуелі Құран
мен сүннетке жүгініп,
қияс жасауға болатын ұқсас
үкімнің бар-жоқтығына қарап, сүйенетін негіз таба
алмаған жағдай да ғана өз пікіріне сүйенетін. араб
жұртынан басқа елдер өз мейрам күндерінде сойған
малдарының етін жеп-жемеу туралы сұрағанда
алладан басқаның атымен сойылған малдың еті
желінбейтіні туралы Құраннан ескертіп,
аталмыш
етті мүминдердің жемейтінін түсіндірген
593
.
ажырасқан әйелдердің басқа ер кісімен үйленбей
тұрып үш мерзім күтуі керектігі жайла баяндаған
аяттан анамыз басқа сахабалардан өзгеше түрде үш
күту мерзімі емес, үш тазалық мерзімі екенін түсініп,
592
Бұхари, сыфату салат 79 (831), мүслим, салат 144 (445), Әбу Дәуіт,
салат 54 (569) Қараңыз: № 117 сілтеме
593
Қараңыз: Бақара 2\173, Куртуби, әл-Жами 2\224, Ибн Кәсир,
Тәфсирул Құран 1\206
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
364
айналасындағыларға осы ыңғайда пәтуа берген
594
.
Тіпті, осы шешіміне сүйсінген
Әбу Бәкір ибн аб-
дуррахман: «Басқа ғалымдардың бұлай айтқанын
көрмедім» деген
595
.
Бір күні ажырасу мәселесінде әйеліне ерік берген
адам туралы сахабалар арасында сөз болады. Біразы
бұл жерде талақтың жүзеге асқанын айтса, хазірет
айша талақ болмағандығын алға тартып, оған дәлел
ретінде:
– расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бізге таңдау құқығын берді. Біз ажыраспауға шешім
қабылдадық. Бірақ ол кісі мұны ешқашан бір талақ
деп есептеген емес
596
.
Бір күні қасына Утба ибн Әби ләхәбтің құлы
келіп:
– Уа, мүминдердің анасы!
мен Утба ибн Әби
ләхәбтің құлы болатынмын. Ол дүниеден өтті, мен
енді оның мұрагерлерінің құлы болып қалдым. ал,
олар мені абдулла ибн Әби амр әл-махзумиге сатты.
абдулла ибн Әби амр мені азат етіп еді, Утбаның
мұрагерлері менің құқығымның өздеріне тән екенін
айтып жатыр. айтыңызшы, мен енді кімнің құлымын?
– дегенде, анамыз басынан өткен бір оқиғаны баян-
дап:
– Бәрирә маған келгенде азат етілуін белгілі бір
уақытқа белгілеген күң екен. Бір күні маған келіп,
«Уа, мүминдердің анасы! мені сатып алып, басыма
азаттық беріңізші?» деді. мен «мақұл» дедім. Кейін
594
Қараңыз: Бақара 2\228, мәлик, муатта Талақ 1196, 1197
595
мәлик, муатта, Талақ 1198
596
Бұхари, Талақ 4 (4962, 4963), мүслим, Талақ 24 (1477), Тирмизи,
Талақ 4 (1179), нәсәи, никах 1 (3202, 3203)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
365
ол «Қожайындарым сенің еркің бізде деп сатылуыма
көнбей жатыр» деді. Бұны алла расулы (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) естіді де:
– Бәрираны сатып алып, басына бостандық бер!
Қожайындары қаласа жүз шарт қойсын, бірақ құлдың
құқығы азат етушіге тән!
597
– дегенін жеткізді.
анамыздың осындай артықшылары сөз болған
жерде имам Зүхри:
– Әр мәселедегі күдік пен күмәнді жойып,
сүннетті сара жол етіп қалыптастыруда үнемі айша
анамыздың еңбек сіңіргенін көреміз
598
– дейтін.
Тағы бірде оған сад ибн Хишам келіп:
– мен сізден өмір бойы бойдақ болып жүру
жайлы сұрайын деп едім. Бұл мәселеде не айтасыз? –
дегенде, анамыз еш кідірместен:
– Оның жөн емес. алланың
Достарыңызбен бөлісу: