Хазірет айша


«Ешкім  өзгенің күнәсі үшін айыпталмайды»



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет118/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152
Айша

«Ешкім 
өзгенің күнәсі үшін айыпталмайды»
(Әнғам, 6\164) 
деген аятты оқыды. яғни ата-анасының қателігі үшін 
баланың жауапты болмайтынын ұқтырды
572

Тағы бірде Әбу Хұрайраның (р.а.) 
«Алла жолында 
бір қарыс жүру мен үшін зинадан туған баланы азат 
етуден артық»
573
деген хадис риуаят еткенін естиді 
де: 
алла өзі кешірсін, Әбу Хұрайра ол хадисті 
естігенде әрі жаттағанда да қателескен екен. Бұл 
«Бірақ 
ол асудан асуға тырысып берген нығметтерге 
шүкіршілік етпеді. Биік асу деген не? Ол құлды, 
тұтқынды азат ету»
деген аяттар түскеннен кейін 
айтылды. Осы аят түскенде кей кісілер:
– Уа, расулалла! Қолымызда азат ететіндей 
құлдарымыз жоқ. Кейбіріміздің күңіміз ғана бар. 
Егер азат ету міндетті болса, біз оларға көшеден бала 
572
Қараңыз: Табарани, әл-мұғжамул Әбсад 4\269, Бәйхақи, сүнән 
10\58 (19776), азимабади, Әунул мабғуд, 10\360
573
Қараңыз: Әбу Дәуіт, ытқ 12 (3963), Хаким, мүстадрак 2\233 (2853)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
358
табуға рұқсат етіп, кейін сол балаларды азат етейік, – 
деді.
міне, осындай ақылға сыймайтын ұсынысқа 
ардақты елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– алла жолында бір қарыс жүру мен үшін зи-
надан туған баланы азат етуден артық, – деп жауап 
қатқан болатын
574

абдулла ибн амр ибн астың әйелдер ғұсыл 
алғанда, бұрымын тарқатуы тиіс деген пәтуасын 
естігенде де жағасын ұстап:
– Ибн амрдың ғұсыл алған әйелдер бұрымын 
тарқатсын дегені несі?! Одан да шаштарын тықырлап 
алып тастасын демей ме?! Біз расулалла (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) екеуміз бір жерде ғұсыл алатын-
быз, мен бұрымымды тарқатпай басыма тек үш рет су 
құятынмын, – дейді
575
.
Тағы бір күні абдулла ибн Омардың сүйсе, 
дәрет бұзылады дегенін естиді. Өзі нақты білмейтін 
мәселеде үкім бергеніне қынжылады. Жұрт білсін 
деп өз басынан өткен бір оқиғаны әңгімелейді:
– расулалла әйелдерінің кейбірін сүйетін, бірақ 
артынан дәрет алмастан намазға шығатын
576
.
Тағы бірде Әбу Хұрайраның (р.а.) 
«Намазды ит, 
есек және әйел бұзады»
деген хадис риуаят еткенін 
574
Әбу Дәуіт, ытқ, 12 (3963); Хаким, мүстадрак 2\234, Бәйхақи, сүнән 
10\58, ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\463 (27665)
575
мүслим, Хайз 59 (331), Ибн мажә, Тахара 108 (604), ахмад ибн 
Ханбал, мүснад 6\43 (24206)
576
Хадис риуаятшысы анамызға «Ол әйелі сіз бе едіңіз?» деп сұрағанда, 
күлімсіреуімен мақұлдағанын білдірген. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Та-
хара 69 (178, 179), Тирмизи, Тахара 63 (86), Ибн мажә, Тахара 69 
(502), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\210 (25807)


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
359
естіп, «Бізді есек пен итке теңей бастадыңдар ма?» 
деп кейиді. 
Уаллаһи, мен құбыла тұсындағы төсекте 
жатқанымда, расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) намаз оқығанын талай рет көрдім. Кейде бір 
іс қажет болғанда, ренжітіп алмайын деп аяқтарының 
арасынан өтіп кететінмін
577
.
Фиқһ
Құран мен сүннетті түсіну өз алдына, одан ғибрат 
алып, амалға асыру тіптен бөлек. айша анамыз Құран 
мен сүннетті негіз ете отырып, жаңа тұжырымдар 
жасап алдына келген әртүрлі мәселелерді шеше 
алатын.
Хадис риуаяты секілді пәтуа беру мәселесінде де 
сахабалар әртүрлі категорияларға бөлінген. арасын-
да анамыз да бар, шамамен отыз шақты сахаба мукси-
рун деп қабылданған
578
. анамыздың муксирундардың 
арасында да артықшылыққа ие болғаны белгілі. 
Өйткені, олардан абдулла ибн Омар мен абдулла 
ибн аббас сияқты ғалым кісілердің өзі анда-санда 
577
Бұхари, сутрәти мусалли 15 (492), мүслим, салат 268-
272 (512). Осы жағдайды қозғаған тағы бір риуаятта анамыз 
«мен расулалланың алдында аяғымды құбыла бетке қарата 
ұйықтайтынмын. сәждеге баратын кезде қолымен түртетін. мен 
аяғымды жинап, түрегелгенінде аяғымды қайта созатынмын» де-
ген. Қараңыз: мүслим, салат 268-272 (512)
578
муксирун деп аталғандар хазірет Омар, Әли, абдуллаһ ибн мәсғуд, 
айша анамыз, Зәйд ибн сабит, абдуллаһ ибн Омар және абдуллаһ 
ибн аббас сияқты сахабалар болатын. Пәтуа мәселесінде мутауассыйт 
деп саналғандар арасында хазірет Әбу Бәкір, Әнәс ибн мәлик, Үммү 
сәләмә анамыз, Әбу саид әл-Хұдри, Әбу Хұрайра, хазірет Осман және 
абдуллаһ ибн Зүбәйр сияқты кісілер болса, сахабалардың қалғандары 
муқиллун деп аталған. Қараңыз: Ибн Қайим, Илам 1\12, 13



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау