Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет87/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   772
tusipkaliev pediatria

Асқазан.
Туылғаннан кейін асқазанның дамуы жҥре береді. Жаңа туылған баланың 
қарнының салмағы 6-7 г болса, бірінші жыл аяғында – 3 есе, 4-5 жаста – 6 есе, 10 жаста – 
10 есе, 20 жаста – 24 есе арытады. Оның ҿсу жылдамдығы бойдың ҿсуінен тезірек болады. 
Жасының ҿсуіне сай кілегей қабығының бетінің аумағы да арыта тҥседі. Ҿмірге келгеннен 
кейінгі 3 айда ол 3 есе, 6 айда – 4 есе, 2 жылда – 5 есе, 15 жылда – 10 есе арытады. Асқазан 
сол қабырға астында орналасады. Кардиальды бҿлігі X кеуде омыртқасының сол жағында 
бекітілген. Қарын қалтқысы орталық сызық маңында XII кеуде омыртқа деңгейінде, 
шамамен кіндік пен тҿстің қанжар тҽрізді ҿсіндісінің ортасында орналасқан. Асқазанның 
қалпы, оның тҥріне жҽне баланың жасына байланысты ҿзгеріп отырады. Емшек 
жасындағы балаларда асқазан негізінен кҿлденең орналасқан, ал кейіннен бала тҧрып, 
жҥре бастағанда тікесінен тҧрып вертикальды қалыпқа келеді. 
Жыл сайын қарынның сыйымдылығы ҥлкейеді. Ол жаңа туған балада 7 мл, бала 
ҿмірінің 4-ші кҥнінде – 40-50 мл, 10-ші кҥнінде – 80 мл. Одан ҽрі ҽрбір ай сайын 25 мл-ге 
ҥлкейіп отырады.
Алғашқы айларда қарын сҿлінде тҧз қышқылы мҥлде болмайды. Ол жасқа 
байланысты: қарынның РН бала дҥниеге келген кезде бейтарап болса, 1 жылдың аяғында 
1,5-2,0 теңеледі. 
Антенатальды кезеңнен бастап қарынның басты жасушалар протеолитикалы 
ферменттер тҥзей бастайды, дегенмен, олардың активтігі тҿмен. Ол тек бала дҥниеге 
келгеннен соң ғана кҥшейеді де, 1 жаста 3 есе кҿбейеді, жҽне ересектерден 2 есе жоғары 


114 
болады.
 
Қарын сҿлінісінің бҧл жағдайын баланың ана сҥтіне эволюциялық қалыптасып, 
ҥйренгендігі деп қарау керек. Жаңа туған баланың қарнының тҿменгі қышқылды-
пептидтік потенциалы анасының уызы мен сҥтінде болатын иммуноглобулиндердің 
(ҽсіресе А) жҽне лимфа клеткалары мен лимфофагтардың сақталуын қамтамасыз етеді. 
Осы арқылы баланы оның меншікті белсенді иммунитеті жаңа қалыптасып келе жатқан 
кезеңде, бактериальды инвазиялардан қорғап қалу мҥмкіншілігі туады. 
Ішек.
Ҥлкендермен жҽне ересек балалармен салыстырғанда, бала дҥниеге келген 
кезде, ішектің ҧзындығы, дене ҧзындығына қарағанда, артықтау келеді. Себебі, дененің 
ҧзындығына қарағанда, ішектің анатомиялық ҧзаруы бҽсең жҥреді. Аш ішектің ҧзындығы 
2 есе қысқа.
 
Аш ішек 3 бҿлікке бҿлінеді: ҧлтабар, ащы жҽне мықын ішек. 
Ҧлтабардың кілегей қабығының қыртысы асқазанның кілегей қабығының 
қыртысынан ҿзгеше болады. Қыртыстары кҿлденең орналасады. Жаңа туған баланың 
ҧлтабарының қыртысы тҿменірек орналасқан. Буылтық қыртысы аз. 
Ҧлтабардың жоғары бҿлігінде қышқыл қарын химусы (жентегі) тҧщыланып, 
ферменттердің ҽрекетіне дайындала бастайды. Осы жерде тамақ ҧйқы безінің сҿлімен 
жҽне ҿтпен араласады. Ҧлтабар іш қуысының артына, ҧзын болып келетін шажырқаймен 
нашар бекітіледі. Ерте жастағы балалардың ішектері тығыз орналасады, себебі кіші 
жамбас ҽлі дамымағандықтан, іш қуысының кҿп бҿлігін бауыр алып жатады. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау