81
2,20 ммоль/л), одан кейінгі жылдарға қарағанда кҿбірек (0,65-2,62 ммоль/л). Ал, ересек
адамдарда 1 ммоль/л.
Остеогенездің ҥшінші сатысы – қалқанша без жанындағы бездермен реттелетін жҽне
Д-витаминімен организмнің қамтамасыз етілу дҽрежесіне байланысты, сҥйектің қайта
қалыптасуы жҽне ҧдайы ҿзінен-ҿзі жаңару процессі болып табылады.
Баланың сҥйек қанқасының ерекшеліктерінің бірі – кҿлденеңнен салыстырғанда,
сҥйек қабының жуандығының жҽне ҽрекеттік белсенділігінің ҥлкендігі. Сҥйек қабығынан
сҥйектің кҿлдеңінен ҿсуі жҥреді. Сонымен қатар, сҥйек қабығы қан айналым тамырларына
ҿте бай. Сҥйек қабығы сҥйектің сыртын қап жасап орап жатады да, сҥйектің
иілгіш
болуын қамтамасыз етіп, оны зақымданудан қорғайды.
Сҥйектің бҥтін болуын, тҥтікше сҥйектердің шеттерінде орналасқан, соққының
кҥшін азайтатын, метафиз бен жалпақ шеміршек арқылы қосылған эпифиз қамтамасыз
етеді. Бҧндай анатомиялық ерекшеліктері, бір жағынан балалардың сҥйегінің сынуына
қарсы ҽсер етеді.
Екіншіден, тек балаларда ғана кездесетін сҥйек сыну тҥрлерінің болуына ҽсерін
тигізеді: сҥйектің жарылуы, сҥйек қабығы астынан сыну, эпифизиолиздер, остео-
эпифизиолиздер. Эпифизиолиздер жҽне остеоэпифизиолиздер дегеніміз –
зақымданғанда
эпифиздің метафизден жҧлынып ығысып кетуі немесе метафиздің бҿлігімен эпифиздік
ҿсу шеміршегінің сызығынан жҧлынуы.
Апофиздің эпифизден айырмашылығы буын сыртында, беті кедір-бҧдыр болып
келеді, жҽне оған бҧлшық ет пен тарамыстар бекітіледі. Апофиздің ҿсу шеміршегінің
сызығы бойынан жҧлынуы апофизеолиз деп аталады. «Кҿк шыбық» тҥрінде сыну
балалардың сҥйектерінің иілгіштігіне байланысты. Бҧндай сынықтарда сҥйек кішкене
қисайып тҧрады, сыртқы жағы сынып кетеді де, ішкі қыры бҥтін қалады. Сҥйек қабығы
сынған сҥйектің қабығының астында болуымен сипатталады да, сынықтардың ығысуы
байқалмайды. Кҿбіне бҧндай сынықтарға білек жҽне сирақ сҥйектері душар болады.
Сҥйек жҥйесін зерттеу аурудың сҥйегінің сырқырауына сҥйектері мен буындарының
ауыратынына, пішінінің ҿзгеруіне, қозғалғыштығының кемуіне шағымдарының бар-
жоғын анықтаудан басталады. Негізінен сҥйек жҥйесінің жағдайы қарап, пальпациялап,
перкуссиялап, қажет болса, ҿлшеп бағаланады. Алдымен баламен танысып, басынан
аяғына дейін қарап (алдымен басын, сонан соң денесін, кеудесін, омыртқа жотасын, аяқ-
қолын) шығады. Қарағанда бас сҥйегінің мҿлшерін жҽне тҥрін анықтайды. Бас сҥйегі:
жаңатуған балада ми бҿлігі, бет бҿлігіне қарағанда ҿте жақсы дамыған. 1-9
жастан бастап
бас сҥйегінің сыртқы есту тесігінен ілгері жҽне кейін бҿлігі, бір қалыпта дамиды. 10
жастағы балада бас сҥйегінің алдыңғы бҿлігінің дамуы, басқа бҿлімдерге қарағанда басым
болып келеді.
Бас, ҽдетте, домалақ болып келеді. Оның мҿлшерін, шеңберін айналдыра ҿлшеп, оны
жас ерекшеліктерімен
салыстыра отырып, бағалайды. Бас мҿлшерінің ҧлғаюы рахит
немесе гидроцефалияда байқалады
(35-сурет).
Рахиттың ауыр тҥрлерінде бас тҿрт
бҧрыштанады
(сариt cgиаdraит),
маңдай жҽне тҿбе бҧдырлары, биік маңдай
{«олимпиялық»
маңдай) байқалады
(36-сурет).
Гидроцефалияның
(35-сурет)
туа біткен,
менингиттпен ауырғаннан кейін пайда болған тҥрлері болуы мҥмкін.
Бастың кішіреюі (микроцефалия) мидың ҧрықтық кезіндегі дамуының
бҧзылыстарының нҽтижесі ретінде (шын микроцефалия) байқалады
(37-сурет).
Бастың тҿрт бҧдырланып (бҧрыштанып) ҿзгеруі
(«құйрық»
тҽрізді бас) рахитте,
сиректеу туа біткен сифилисте байқалады.
Ҧзынынан созылып ҿзгерген бас (мҧнара тҽрізді бас), бастың шҥйде бҿлігінің
тегістелуі рахитте байқалады.
Жаңа туылған баланың басының тҥрі туылу кезіндегі зақымдалуға байланысты
болуы да мҥмкін. Қанды ісік
(кефалогематома)
сҥйек қабығының астына қан кҧйылғанда
байқалады
(38-сурет).
82
Мезгілі жетіп туылған баланың жебе, тҽж, желке жіктері 3-4
айға дейін ашық
болады. Кіші еңбегі жаңа туылған балалардың 25%-да 4-8 аптаға дейін ашық болады.
Алдыңғы ҥлкен еңбегінің қарама-қарсы жатқан жиектерінің арақашықтығы 3-3,5см, 1,5-
2см аралығында болады. Ҥлкен еңбегі 1-1,5 жаста, ал соңғы кездегі деректер бойынша, 8-
10 айлығында жабылатын болып жҥр.
Жалпақ сҥйектер бірімен бірі жіктер (тігістер) арқылы байланысады. Жаңа туған
балада тегістер жҧмсақ, сипағанда жақсы білінеді. Тігіс 3-4 айлықта жабылып, білінбей
кетеді.
Кіші еңбек тек қана жаңа туған балалардың 1/4 бҿлігінде ғана ашық қалады. Бірақ,
бірінші 3 айдан қалмай жабылады.
Ҥлкен жҽне кіші еңбектердің жабылуының кешігуі мешел ауруында (рахит),
гидроцефалияда, микседемада хондродистрофияда кездеседі.
Еңбектердің
ерте
бітуі
негізінде
Д-гипервитаминозында
жҽне
мидың
жетілмегендігінен пайда болатын микроцефалияда кездеседі. Микроцефалия, сиректеу
мидың жетіспеуінен емес бас сҥйегінің тігістерінің мерзімінен бҧрын бітуіне байланысты
пайда болады. Кҿп тігістің бірінің мерзімінен бҧрын жабылуы бас сҥйегінде кҿптеген
ҿзгерістер пайда болуына ҽсер етеді. Олар мҧнара тҽріздес бас, оң жҽне сол жақтын тепе-
тең болмауы (ассиметриялық бас).
Қалыпты жағдайда еңбек баланың тыныс алуына жҽне тамыр соғуына сҽйкес «дем
алып» тҧрады. Бҧнда еңбек бас сҥйегінің діңгейінде қалады, тек қана кішкене ғана
ширығуы байқалады. Еңбектің томпаюы сау балаларда
тек қана қатты жылағанда
байқалады. Қызуы кҿтеріліп ауырған балаларда, еңбегі, ҽдетте, аздап томпайып тҧрады,
жҽне тамыр сияқты соғып тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: