74
Лимфа тҥйіндерін зерттеу
– қарау,
жылжымалы пальпациялау, пункция жҽне
биопсия ҽдістерімен жҥргізіледі. Қарағанда – тек ҿте ҥлкейген, жоғары орналасқан лимфа
тҥйіндерін, ҽсіресе, мойын тобын (лимфагрануломатоз) байқауға болады
29-сурет).
Пальпация
жҥйелі тҥрде екі жақтан бірдей жҥргізілу керек. Лимфа тҥйіндерін
пальпациялағанда, олардың кҿлемін (мҿлшерін), санын, қозғалу мҥмкіншілігін, тері, шел
майымен жҽне ҿзара қарым-қатынасын, сезімталдығын (ауыратындығын) анықтау қажет.
Дені
сау балаларда, ҽдетте лимфа тҥйіндерінің ҥш-ақ тобы (жақтар асты, қолтық, шаб
топтары) пальпацияланады.
29-сурет.
Лимфогранулематозда мойын лимфа тҥйіндерінің ҥлкеюі.
Ҽр топта 3 тҥйіннен артық қолға ілінбесе бірең-сараң лимфа тҥйіндері, ал одан кҿп
болса, кҿптеген лимфа тҥйіндері пальпацияланады деп есептелінеді.
Лимфа тҥйіндерінің мҿлшерін анықтау қиын болып келеді,
сондықтан оларды
тарының дҽнімен, бҧршақпен, шиенің сҥйектерімен, орман жаңғағымен жҽне тағы
басқалармен салыстырады. Дені сау балаларда лимфа тҥйіндері ҽр топтағы саны 1-3
(бірлі-жарым) мҿлшері (0,2-0,3 см) жасымықтан кішкене горохқа дейін, жҧмсақ
(эластикалы), ауырмайтын болып келеді. Лимфа тҥйіндері
пальпациялағанда алынатын
мҽліметтер тері асты шел майының жағдайына да байланысты болып келеді. Ерте жастағы
сҽбилерде шел майы жақсы дамыған, ал лимфа тҥйіндерінің қабығы (капсуласы)
нашар
жетілгендіктен оларды пальпациялау қиынға тҥседі.
Шартты тҥрде лимфа тҥйіндерінің тҿмендегідей мҿлшерлерін анықтайды: мҿлшері
тарыдай (I дҽрежесі), жасымық тҽрізді (II дҽрежесі), горох (III дҽрежесі), бҧршақ тҽрізді
(IV дҽрежесі), грек жаңғағы тҽрізді (V дҽрежесі), кҿгершін жҧмыртқасы тҽрізді (VI
дҽрежесі). Кҿгершін жҧмыртқасының мҿлшерінен асып кетсе, ісік тҽрізді
сыртқы
лимфаденит болып есептелінеді.
Шҥйде лимфа тҥйіндері шҥйде сҥйегінің аймағында орналасқан. Олар бастың
терісінен жҽне мойынның артқы бҿлігінен лимфа жинайды. Оларды зерттеу ҥшін қолын
жалпағынан шҥйде сҥйегіне
теріні басыңқырап салып, айналдыра сипап, барлық шҥйке
сҥйегін пальпациялап шығады.
Сҥйір ҿсінде маңындағы лимфа тҥйіндер ортаңғы қҧлақпен, қҧлақ
айналасындағы
теріден жҽне сыртқы есту жолынан лимфа жинайды. Оларды зерттеу ҥшін сҥйір ҿсінді
аймағын ҧқыптылықпен сипап шығады.
Иек астындағы лимфа тҥйіндері тҿменгі ернінен, қызыл иектің кілегей қабығынан
лимфа жинайды.
Тексергенде, баланың басын сҽл еңкейтіп иек астын пальпациялайды
(30-сурет).