Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет89/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   168
Бурение

Фрезерлі - ағынды диірмен (ФАД)
- Воронеж инженерлік - құрылыс 
институты балшық ерітіндісін дайындауға және ауырлатуға тағайындап 
шығарған. ФАД - |балшық ерітіндісін кесек балшықтардан және балшық 
ұнтағынан толассыз (үзілссіз) дайындайды. 
Фрезерлі - ағынды диірмен (49 - сурет) келесі негізгі түйіндерден тұрады: 
қалақты ротор 2, қабылдағыш бункер 9, топсалы сақтандырғыш плиталар 13, 
ұстатқыш плита (рифленная плита) 1, ұстағыш бөлік 16 және науа 4. 
Кесек және ұнтақ тәрізді жуу ерітіндісін дайындайтын заттарды 
қабылдағыш бункер 9 арқылы, ал суды құбыр 11 арқылы жібереді. Кесектерді 
дайындағанда ірілігін реттеп, үлкен өлшемді кесектердің диірменнің ішіне 
түспеуі үшін жылжымалы қалқан 10 қажетті өлшемде орналастырып бекітіледі. 
Реттелген саңлаудан өткен заттар сақтандырғыш плита 13 арқылы айналып 
тұрған роторлы 2 білікке түседі. Балшық дайындайтын материалдардың ішінде 
қатты кесек тастар немесе темір сынақтары болса, онда қалақшалы ротор мен 
сақтандырғыш плитаның аралығына сыналанады. Ротордың айналуына 
күштеме көбейеді, сол кезде айналып тұрған калақша сыналанған кесекті 
соғып, ауыспалы бекіткіш сымды (штифті) 15 қияды. Осыдан кейін топсаға 12 
орнатылған сақтандырғыш плита диірменнің артқы қабырғасына қарай 
жылжиды, ал қатты кесектер мен металл сынықтары ұстағыш бөлікке түседі. 
Ұстағыш бөліктің астында резеңке тығыздамалары 17 бар арнайы ашылмалы 
қақпақ 18 жасалған. Ұстағыш бөлік толған кезде қақпақты ашып тазартады. 


49 - сурет. Фрезерлі ағынды диірмен (ФАД). 
Қалақшалы ротордың сақтандырғыш аралығы штифтерді ауыстыру 
арқылы реттеліп отырады. Диірменнің төменгі бөлігінде ауыспалы ұстағыш 
плита (беті бұжырланған) орнатылған. Тұлғаның жақтау бөлігіне торлар 6 
бекітілген. Тордан саңылауларының өлшемі балшық ерітіндісіне қойылатын 
талаптарға және оның негізгі қасиеттеріне байланысты алынады. Тордың 
жоғарғы беті топсалы 8 қайтарғыш қалқанмен 5 жабылған, қажет кезінде ашып 
тазартуға болады. 
Дайын болған балшық ерітіндісі тордың сыртқы бетінен науа 4 арқылы 
қамбаға жіберіледі. ФАД тұлғасы рамаға бекітілген. Тұлға қалақты ротордың 
білігіне тек тік көлбеу жазық бойынша бөлшектенетін етіп жасаған. 
ФАД жұмыс тәртібі төменгідей болады. Диірменнің қабылдағыш бөлігіне 
берілген балшық пен су ротордың қалақшалары мен ұстағыш плитаға әкелініп 
араласып, балшықтың үгілуі басталады. Айналып тұрған қалақшалы ротор су 
мен балшықты торға лақтырып, сол кездегі соққыдан қосымша үгіледі, 
үгілмеген ірі бөлшектер тордан өте алмай судың ағынымен төмен қарай ағып 
ұстатқыш плита мен қалақшалы роторға түсіп қайтадан үгітіліп торға 
лақтырылады. ФАД бірнеше түрлері бар: ФАД-3, ФАД-7, ФАД-12, олардың 
бір-бірінен өте көп конструциялық айырмашылығы жоқ. 
ФАД - 7 фрезелері - ағынды диірменнің техникалық сипаттамасы 
Өнімділігі, т/сағ: 
кесек балшық.....................................................................8-10 
ұнтақ балшық....................................................................20-25 
Ротордың диаметрі, мм................................................................400 
Электр қозғалтқыштың қуаты, кВт..............................................28 
Ротордың айналу жиілігі, айн/мин..............................................500 
Өлшемі, мм.........................................................................1950, 1530, 1410 
Салмағы, кг...................................................................................1400 
ФАД тоқтаусыз жұмыс істеуі балшық ерітіндісін дайындауға қажетті 
материалдарды үзіліссіз берілетін болған жағдайда оны механикаландыруға 
болады. 


ФАД-нің 
артықшылығы: 
өнімділігі 
өте 
жоғары, 
конструкциясы 
қарапайым, өлшемдері кіші және үнемді. 
Кемшіліктері: ерітіндінің сапасы төмен, жетекші қозғалтқышқа көп қуат 
жұмсалады, алыста орналасқан бұрғы қондырғыларында қолданылмайды. 
Бірінші кемшілікті жоюда ФАД – қамба – сорап – ФАД нобайын бірнеше рет 
қайталауда жойылады. Бұл нобайды қолданғанда ФАД өнімділігі қалақшалы 
балшық араластырғышпен салыстырғанда өте жоғары болуы мүмкін. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау