Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет114/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   303
buzaubakova pedagogika

 
 
 


127 
Педагогикалық процестің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, 
әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері - 
педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар 
жүйесі.
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында
 
педагогикалық 
процестің тәрбиелік механизмдері - педагогтар мен оқушылар арасындағы, 
ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі, яғни тәрбиенің заңдылықтары 
зерттеле бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников, С.В.Грехтенберг). Біршама 
кейін педагогикалық процестің оқу процесіндегі заңдылықтарын 
В.И.Загвязинский, Г.И.Щукина, Н.И.Болдырев, Н.Н.Петухов және т.б. ғалымдар 
зерттей бастады.
 
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдау 
жасай келе, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеген 
ғалымдар: И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, т.б. 
С.Қ.Мұхамбетова педагогикалық заң мен заңдылыққа төмендегідей 
анықтама береді: «Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың 
дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты 
байланыстары, ал педагогикалық заңдылық – нақты педагогикалық заңның 
көрінісі». Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы 
байланыстарын көрсетеді, олар өз кезегінде жеткілікті дәрежедегі күрделі 
байланыстарды құрайды.
Педагогикалық процестің төмендегідей негізгі заңдылықтары бар: 

оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік 
экономикалық қажеттілігіне сай болады; 

педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы: қоғамның мақсатын 
айқындайды, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап 
етіледі; 

педагогикалық процесс – екі жақты процесс, ол ұстаздар мен 
оқушылардың, өзара тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, 
міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет; 

оқушылардың шығармашылық белсенділігі – мұғалімнің мұқият 
ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі; 

педагогикалық процестің қызметі оның жасалуы мен ұйымдастырылуы 
оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен 
даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; 

педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, 
олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар; 

педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік 
уақытқа бағытталған; 

педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен 
өзара байланысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның 
ықпалы негізінде ең ақырғы, түпкі нәтиже қалыптасады.
 
Педагогикалық 
процестің 
заңдылықтары 
мұғалімнің 
іс-әрекетін 
ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер 


128 
педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда 
болжауға болады. 
Сондықтан, егер мұғалім нақтылы педагогикалық процесті негізгі жағдайда 
заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-
тәрбие жұмысы сапасының өзгерісіне әкеледі. 
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының 
айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді 
жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз 
орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа 
алатын қағидаларын 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау