119
Педагогикалық процесс – негізгі біріктіруші жүйе.
Онда қалыптасу, даму,
тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен,
әдістерімен өзара бірігеді.
Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері:
а) педагогикалық процесс – әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет
істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен
анықталады;
ә) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір-
бірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің,
яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы
болады;
б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс
ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері
барысындағы мақсат
пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
в) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі
тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар
тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен
оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады. Педагогикалық
процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы
ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің
жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-
өзі дамыту мәселесі шешіледі.
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында.
Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді:
білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке
тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-
тәрбие процесінің өтуімен сипатталады.
Ғалым Т.А.Стефановскаяның пікірінше, педагогикалық процестің құрамды
бөліктері болып табылатындар:
-
педагогикалық процестің негізгі басты идеялары мен принциптері;
-
тұтас педагогикалық процесс функциялары;
-
тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері;
-
тұтас педагогикалық процесс тиімділігінің көрсеткіштері;
-
педагогикалық процесс мазмұны;
-
педагогикалық процесс мазмұнының бағыттылық деңгейі;
-
педагогикалық процестің негізгі құралдары, іс-әрекет түрлері.
Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан
жиынтығы, оның мәні – әлеуметтік тәжірибе
қалыптасқан адами санамен
байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған
педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы.
С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Т.И.Бабаева және т.б. ғалымдар
педагогикалық
процесті
көптеген
педагогикалық
іс-әрекеттер
мен
құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады:
тұтас
педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас
120
педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең
мектебінің мұғалімі.
Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі,
оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің
педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны
қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне
біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік
өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық
процесс
білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін
шешуге
бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс –
бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі
тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас
процесс.
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе.
Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік,
психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат –
принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың
нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн –
мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-
әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен
әдістер.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер
(қабылдау, ойлау,
есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға
қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен
күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Достарыңызбен бөлісу: