М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жинақтың технологиялық процестерін жобалау



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет75/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   149
kulgildinov-kolik

5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
Жалпы мағлұматтар. 
Жинақтың технологиялық процестерін 
жобалау кезінде бастапқы деректерге жататындар: бұйымның жинақ 
сызбасы, торапқа кіретін детальдардың жинақ тізімі, бұйымды және 
торапты қабылдап алуға қойылатын техникалық талаптар, өндірістік 
тапсырма өлшемі және оны орындау мерзімі, жинау жұмыстарын орын-
дау шарттары. 
Жинақ және жұмыс сызбаларын, бұйымның қызметтік арналу-
ын, жинақ бірліктерінің өлшемдік талдауын оқып-білу нәтижесінде 
бұйымды шығару жоспарын ескере отырып, жинақ процесін жобалау-
дың негізгі сатыларын белгілейді. 


121
Жинаудың технологиялық процесіне жалпы алғанда мыналар 
кіреді: 
– жинаудың тактісін есептеу және жинау процесінің ұйымдастыру 
түрлерін таңдау;
– торапты және жалпы бұйымды жинаудың технологиялық 
сұлбаларын құрастыру; 
– технологиялық операцияларды жобалау;
– сынақтарды бақылау операцияларының құрамын анықтау;
– жинау процесінің тиімділігін негіздеу;
– технологиялық құжаттаманы рәсімдеу;
– арнайы технологиялық құрал-саймандарды жобалау, оның ішінде 
көтеру-тасымалдау құралдарын;
– жинау цехы участоктарының технологиялық жоспарын жасау. 
Жинаудың тактісі ауысым, ай немесе басқа да уақыт аралығын-
дағы есептік (болжамдық) уақыт қорының осы уақыт ішіндегі 
бұйымды шығару жоспарына қатынасы ретінде анықталады. Жинау 
тактісіне байланысты бұйымды жинаудың ұйымдастыру формасы 
анықталады. 
Жинаудың ұйымдастыру формасы
. Жинаудың ұйымдастыру 
формасын таңдау бұйымды шығарудың берілген жоспарымен 
анықталады: бірліктік өндірісте көбінесе ағынды емес (тұрақты) жина-
уды, ал сериялы және массалы өндірісте ағынды жинауды қолданады.
Ағынды емес (тұрақты) жинау жиналатын машинаның детальдары 
мен тораптары берілетін тұрақты жұмыс орнында жинау операцияла-
рын орындаумен сипатталады. Ұйымдастырудың мұндай формасында 
жинайтын жұмысшылардың жоғары біліктілігі қажет болады, ал жинау 
циклінің ұзақтығы үлкен болуымен ерекшеленеді. 
Ағынды жинау жылжымалы және жылжымайтын болып бөлінеді. 
Жинаудың ағынды жылжымалы түрі жиналатын нысанның жылжуы-
ның төмендегі тәсілдері арқылы жүзеге асады: 
– үздіксіз қозғалыстағы конвейерде;
– периодты қозғалыстағы конвейерде;
– механикалық құрылғылардың көмегімен операцияларға жинала-
тын нысандарды біртіндеп берумен;
– жинау нысандарын қолмен беру (рольгангпен, арбамен, арна-
мен).
Жылжымалы ағынды жинау сериялы, ірісериялы және массалы 
өндірісте қолданылады. Жинау кезінде детальдар мен тораптарды та-
сымалдау рольгангпен жүзеге асырылады.
Ағынды жылжымайтын жинау жекелеген операциялардың ұзақты-
ғы үлкен емес кезде сериялы және кішісериялы өндірісте, әсіресе, үлкен 
массалы бұйымдарды жинау процесінде қолданылады. Бұл жағдайда 


122
жұмысшы бір жинау стендісінен келесіге өте отырып, белгілі бір опе-
рацияны орындайды. 
Конвейер түріндегі тасымалдау құрылғысын қолданатын ағынды 
жинау конвейердің үздіксіз немесе периодты қозғалысы арқылы жүзеге 
асады. 
Үздіксіз қозғалыс кезіндегі конвейер жылдамдығы, м/мин: 
v l
=
/
t
; (5.10)
мұндағы, 
l
– екі жұмыс орны осьтері арасындағы қашықтық, м;
t
– жинау тактісі, мин/дана;
Жинау орындарының (станцияларының) саны жинау және бақылау 
операцияларының, сонымен бірге жобада белгіленген қосалқы 
орындардың санымен анықталады.
Есептік уақыт қорында (дана/ауысым немесе дана/сағат) жинала-
тын жинау орындарының өнімділігі: 
N
ж
=
TR t
g
; (5.11)
мұндағы, 
Т
– есептік уақыт қоры, мин; 
R
– жинау орнындағы 
жұмысшылар саны, 
t
g
– берілген операцияны орындаудың даналық 
уақыты, мин. 
Ағынды жинаудың ұзықтығы, мин:
T
n
a
=
0
t
; (5.12)
мұндағы, 
n
0
– жинау желісіндегі жұмыс орындарының (станциялары-
ның) саны. 
Жинау орнын қамту коэффициенті:
h
t
M
t
R
g
=
( )
; (5.13)
Ағынды желіні қамтудың жалпы коэффициенті 
h
л
=
=

1
0
1
0
n
M
i
n
h
; (5.14)
Ағынды жинау кезінде жұмысшыларды мамандандырудың жаңа 
үлгісіне қолжеткізуге болады, жинау уақыты қысқарады, жинау 
жұмысшыларының өзіндік құны төмендейді. 
Жылжымалы ағынды жинауды ұйымдастыру кезінде барлық ара-
лас және ағынды желі участоктарында қызметтердің нақты үйлескен 
жұмысы қажет болады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау