М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет70/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   149
kulgildinov-kolik

5-тарау. ЖинАу ПРОЦЕСТЕРІнІҢ 
ТЕхнОлОГияСы
5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау 
операцияларын нормалау
негізгі түсініктер.
Жинақ – машина өндірісінің соңғы саты-
сы. Машинаның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі едәуір дәрежеде 
жинау сапасына байланысты болады. Жинау жұмыстарының еңбек 
сыйымдылығы машина жасаудың жалпы еңбек сыйымдылығының 
20...50%-ын құрайды. 
Дайын машинаның сапасы көбінесе жинау технологиясына байла-
нысты болады. Жинау процестеріне жобалаудағы бастапқы мағлұматтар 
ретінде: конструкция құрылымының сызбасы; бұйымды қабылдаудың 
техникалық шарттары; бұйымды жасаудың көлемі; бұйымды шығаруға 
жобалаған уақыт мерзімі кіреді.
Жинау технологиясы жобалауының түптілігі оның шығару көлеміне 
байланысты. Бұйым көп мөлшерде шығарылса, онда жобалауды 
егжей-тегжейлі дифференциалдау принциптерін қолданып даярлауға 
болады, ал шығару мөлшері өте аз болса, онда қысқаша жобалаумен 
қанағаттанады.
Жобалау үшін мәліметтер және нормативті материалдар қажет: 
бұйым конструкциясының технологиялылығын жақсартатын шаралар 
тізімі, жинастыру құрал-саймандарының каталогтары мен паспортта-
ры, жинастыру қондырғылары мен аспаптарының альбомдары, жи-
настыру жұмыстарын мөлшерлеуге қажет нормативтер. Егер ұқсас 
бұйымдардардың типті технологиялары болса, онда жобалау жұмысы 
жеңілдейді. 
Жинау процестерін жобалау алдында бұйымның конструкциясы-
мен танысу, жинау сызбаларына технологиялық бақылау жасау және 
қабылдаудағы техникалық шарттарды әзірлеу жұмыстарын мұқият 
салалаған жөн.
Жинау сызбасында барлық керекті қимылдар мен кесінділердің, 
проекциялардың кескіндері болуы керек: өнім элементтерінің 
сипаттізімі, құрастыру өлшемдері, қиюластырудағы саңылаулар мен 
тартылмалар, өнімнің массасы туралы мәлімет.
Техникалық шарттар кейде технологиялық нұсқауларда көрсетілуі 
мүмкін, мысалы, қосылыстарды жүргізу тәсілдері, жинаудың үйлесімді 
бірізділіктері, бұйымдарды аралық немесе біржолата бақылау тәсілдері 
және т.б. Жинау сызбасындағы және техникалық шарттардағы байқал-
ған кемістіктер, қателіктер және күмәндіктер конструкторлар бюро-
сында түзетілуі тиіс. Бұйымның конструкциясын талдай отырып, оны 


115
жетілдіру шараларын да қарастыра береді. Әрине, мұндай шаралардың 
бұйымның атқаратын қызметіне теріс әсер етпеуі мүмкіндігі болуы керек.
Типтік қиылысуларға бұрандалық бірігулер, цилиндрлік және 
конустық тісті бірігулер, кілтектік және оймакілтектіктік бірігулер, 
шайқалу мойынтіректі тораптар мен белдікті берілістер жатады.
Бірігулердің келесі түрлері болады:
– жылжымайтын ажыратылатын;
– жылжымайтын ажыратылмайтын;
– жылжитын ажыратылатын;
– жылжитын ажыратылмайтын
Жылжымайтын ажыратылатындарға біріктіретін және бекітетін де-
тальдарды зақымдамай бөліп алуға болатын бірігулер жатады. Бұлар 
– бұрандалық, кілтектік, кейбір оймакілтектік, конустық және ауысты-
рылып отырғызылатын бірігулер. 
Жылжымайтын ажыратылмайтындарға бірігуге кіретін детальдар-
ды зақымдап немесе толығымен бұзып алатын бірігулер жатады. 
Мұндай бірігулерді кепілдік қынақпен отырғызу, пісіру, дәнекерлеу, 
желімдеу, айналмасоғу арқылы алады.
Жылжитын ажыратылатындарға жылжымалы отырғызылуы бар 
бірігулер жатады.
Жылжитын ажырамайтындарға шайқалу мойынтіректері, втулка-
лық-аунақшалы шынжырлар, бекіту крандары және т.б. жатады. 
Жинақты тораптық және жалпы деп екіге бөледі. Тораптық 
жинақтың нысаны ретінде машинаның жинау элементтері алынса, 
ал жалпы жинау нысанына машинаның өзі алынады. Жинау процесі 
негізгі екі бөліктен тұрады: детальдарды жинауға дайындаудан және 
жинау операцияларының өзінен. 
Дайындау жұмыстарына жататындар:
– қажетті жағдайда орындалатын әртүрлі ұсталық-келтіру 
жұмыстары (аралап кесу, қыру және т.б.);
– жеке детальдарды бояу, мысалы, редуктор корпусын;
– детальдарды тазалау және жуу; 
– техникалық шарттар бойынша қажетті жағдайда біріккен деталь-
дарды майлау.
Жалпы жинау жұмыстарына жанасатын детальдар мен тораптардың 
белгіленген отырғызу бойынша өзара орналасу жағдайларын дұрыс 
қамтамасыз ету арқылы біріктіру процестері жатады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау