69
Ішкі бұранданы бұрандаойғыштармен жасау
. Бұрандаойғыштар
қолдық және машиналық болып бөлінеді. Машиналық бұрандаойғыш-
тармен бұранда жасау өтпелі және тұйық тесіктерде әртүрлі станоктар
топтарында: бұрандакескіш, тескіш, токарлық автоматтар мен жарты-
лай автоматтарда жүргізіледі. Бұрандаойғыштармен бұранда жасаудың
қажетті шарты ретінде керіқимыл жасайтын құрылғылардың (аспаптық
жұмыстық жүрісінің айналуын керіге ауыстыру) болуын айтуға болады.
Массалы және ірісериялы өндірісте конструкциясы құрама бұран-
даойғыштар (бұрандакескіш бастиектер) кең тараған.
2.4. дайындамаларды фрезерлеу
Фрезерлеудің негізгі түрлері мен сұлбалары
. Жазық беттерді
цилиндрлік немесе шетжақтық фрезарлармен өңдейді. Цилиндрлік
фрезерлеу кезінде фреза осі өңделетін бетке параллель болады; жұмыс
фрезаның цилиндрлік бетіне орналасқан тістері арқылы жүргізіледі.
Ал шетжақтық фрезерлеу кезінде фреза осі өңделетін бетке перпенди-
куляр болады; жұмыс фрезаның цилиндрлік және шетжақтық бетіне
орналасқан тістерімен орындалады.
Цилиндрлік және шетжақтық фрезерлеу екі тәсілмен жүргізіледі:
беріліске қарсы-қарсылай фрезерлеу –
бұл беріліс бағыты фрезаның
айналу бағытына қарама-қарсы болған жағдайда (2.15-сурет а) және
жолай фрезерлеу (2.15-сурет ә) – бұл беріліс бағыты фрезаның айналу
бағытына сәйкес болған жағдайда.
2.15-суреттен қарсы фрезерлеу кезінде алынатын қабаттың ең үлкен
қалыңдығы t фрезерлеу соңында болатындығын (нүкте 2) байқауға бо-
лады. Ал жолай фрезерлеу кезінде тіс жұмысты ең үлкен тереңдіктегі
қалыңдықтан кесуден бастайды.
2.15-сурет. Фрезерлеу сұлбалары:
а – қарсы; ә – жолай; 1 – фрезерлеу басы; 2 – фрезерлеу аяғы;
а
улкен
– кесілген қабаттың ең үлкен қалыңдығы;
n
– фрезерлеу жылдамдығы;
s – беріс; t – фрезерлеу тереңдігі
70
Диаметрі 630 мм болатын стандартты шетжақтық фрезарлармен ені
400 мм-ден асатын беттерді өңдеуге болады. Ал іс жүзінде
диаметрі
800...1200 мм аралығындағы фрезалар да кездеседі.
Бір мезгілде бірнеше фрезалармен (2.16-сурет) немесе көпайнал-
дырықты бастиектермен өңдеу кезінде, негізінен горизонтальді-
фрезерлеу
станоктарында өнімділік өседі, фрезерлеу дәлдігі артады
және станок қуаты тиімді пайдаланылады.
2.16-сурет. Фрезалар жиынтығы:
а – цилиндрлік дискілі фрезалар; ә – бұрыштық фрезалар; б, в –цилиндрлік
және дискілі фрезалар; г – цилиндрлік бұрыштық және фасонды фрезалар
Достарыңызбен бөлісу: