М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет43/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   149
kulgildinov-kolik

Тесіктерді ұңғылау
. Диаметрі 10 мм-ге дейінгі тесіктерді тесу-
ден соң кеңейтеді. Одан үлкен диаметрлі тесіктерді үңгімен немесе 
кескішпен өңдейді, сонан соң ғана бір немесе екі кеңейткішпен тазалап 
кеңейтеді. Тазалап кеңейтудің салыстырмалы кесу тереңдігі аз болады 
(t=0,05…0,30 мм) , бұл өз кезегінде төмен деңгейдегі кедір-бұдырлыққа 
және өңделетін бет дәлдігінің жоғары квалитетіне қол жеткізуге 
мүмкіндік береді. 
Ұңғылағыштың ұзындығы
 l
алу бөлігі және ұзындығы 
l
1
мөлшер-
леуші бөлігі (2.9-сурет а) болады. Ұзындығы 
l

болатын мөлшерлеуші 
бөлік жұмыс кезінде ұңғылағышты бағыттауға қызмет етеді. Ал 
ұзындығы 
l

болатын мөлшерлеуші бөлік үйкелісті азайту және 
ұңғылағыштың соққысы есебінен тесік диаметрінің ұлғаюына жол бер-
меу үшін конус жасайды. Конус диаметрлерінің айырмасы 0,03...0,05 
мм құрайды. 
2.9-сурет. Қатты қорытпалы тілімшелі отырғызу ұңғылағышы:
а – алу бөлігімен; ә – айналма жонумен; б – еңіс (бұрандалы) тістермен
Алдыңғы және артқы бұрыштарды ұңғылағыштың кесу бөлігіне және 
өңделетін дайындама материалына байланысты таңдап алады. Аспапты 
болаттардан жасалған ұңғылағыштар үшін 
g
= 1...10°, ал қатты қорытпалы 
ұңғылағыштар үшін 
g
= 0...15°. Ал артқы бұрыш 
a
= 6...10° өңделетін ма-
териал жұмсақ болған сайын
a
бұрыш та үлкен болуы тиіс. 
Ұңғылағыштың мөлшерлеуші бөлігінде екі
 f
= 0.05...0.25мм бо-
латын цилиндрлік қиықжиек болуы тиіс, ал көмекші артқы бұрыш 
a
1
= 10...20°.
2.9-суретте алу бөлігі сақиналық жонумен алмастырылған 
ұңғылағыш сұлбасы келтірілген. Мұндай ұңғылағыштар өңделген бет-
те төмен кедір-бұдырлықты қамтамасыз етеді.


65
Жоңқа тезірек жылжу үшін, бұл көбінесе жұмсақ материалдан 
жасалған дайындамаларды өңдеуде маңызды, ұңғылағыштарды еңіс 
(бұрандалы) тістермен жасайды (2.9-сурет б). Тістердің еңіс бұрышы 
w
= 10...45°. Дайындама материалы жұмсақ болған сайын, 
w
бұрышы 
да үлкен болуы керек. 
Технологиялық тозуға сәйкес келетін ұңғылағыштардың орташа 
төзімділік периоды болаттан жасалған дайындамаларды өңдеу кезінде 
18...84 мин құраса, шойыннан жасалған дайындамалар үшін 36...150 
мин құрайды. 
Диаметрі 10...80 мм болатын қатты қорытпалы ұңғылағыштар үшін 
кесу жылдамдығы дайындама материалына, кесу тереңдігі мен беріліске 
байланысты салқындатылған және шынықпаған болаттан жасалған 
дайындаманы өңдеу кезінде 10...50 м/мин құраса, салқындатылмаған 
шойынды материалдар үшін 10...18 м/мин болады. 

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау