М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет12/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   149
kulgildinov-kolik

Жөндеу өндірісінің шоғырлануы
– жөндеу үдерісінің ірі жөндеу 
кәсіпорындарында немесе ірі жөндеу цехтарында жинақталуы. 
Жөндеу-техникалық заводтары
– көлік техникасын және де осы 
техниканың агрегаттары мен тораптарын күрделі жөндеуден өткізуге 
арналған кәсіпорындар.


12
Жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі 
– күрделі 
жөндеу кезінде тораптарды толық ауыстыратын, ал сонан соңғы 
жөндеулерде айналма қордан түсетін жөндеулі бөлшектермен біртіндеп 
ауыстыратын әдіс.
Жұмыс мерзімі
– нысанды пайдаланудан бастап немесе 
оны жөндеуден соң қайта бастап шекті жағдайға өткенге дейінгі 
пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы.
Күрделі жөндеу жұмыстары 
– көлік техникасының толықтай және 
дұрыстығын қалпына келтіру немесе ресурстарын толықтай қалпына 
келтіруге жақын немесе оның құрастырмалы бірліктерін ауыстыру мен 
кез келген бөлшектерін, оның ішінде базалық бөлшектерді қалпына 
келтіру үшін орындалатын жөндеу жұмыстары.
Күрделі-қайта қалпына келтіру жөндеуі
– жұмыс істеу мерзімі 
өтіп кеткен машиналарға арналған жөндеу. Бұл процесс ақауларды ма-
шинаны бөлшектеп шашып болған соң анықтаудан, оларды жөндеп және 
машина ресурсын келесі қараудан өткенше қайта қапына келтіруден 
тұрады. 
Пайдалану 
– бұйымның сапасы жүзеге асатын, қолдау табатын 
және қалпына келтірілетін өмірлік циклінің бір сатысы. Жалпы алғанда 
пайдалануға оны арналуы бойынша қолдану, тасымалдау, сақтау және 
техникалық күту мен жөндеу кіреді.
Ресурс
– машинаны пайдаланудан бастап немесе жөндеуден соң 
қалпына келтіріп, шектік жағдайға дейінгі жұмысының қорытынды 
есептік ұзақтығы. 
Техникалық жағдай
– нысанның техникалық құжаттамалары 
бекіткен белігі бір уақыт мезетінде жағдай параметрлері және 
белігілерімен сипатталатын өндіріс немесе пайдалану қасиеттерінің 
өзгеру жиынтығы.
Техникалық жоба
– жобалау тапсырмасында болжамдап шешілген 
технологиялық, құрылыс, тасымалдау тағы сол сияқты мәселелерді 
негіздейтін және жобалау тапсырмасы негізінде бекітіліп жасалған 
құжат.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау