165
болады. Сондықтан да машинаны жиі-жиі қосқанда немесе тоқтатқанда
тозу өсе түседі.
Шектік (шекаралық) үйкеліс – майлау қабатының қалыңдығы 0,1
мкм-ден аспайтын және беттер микроскоптық қабықшалар арқылы
бөлініп тұратын үйкеліс. Шекаралық үйкеліс шектеулі бұрыштық
жылдамдығы, үлкен жүктемелері мен таза өңделген беттері бар де-
тальдарда болады. Мысалы, сырғанау мойынтіректеріндегі жай айна-
латын біліктер мен жабық тісті берілістерде шекаралық үйкелістер көп
кездеседі.
Құрғақ үйкеліс – жанасу беттерінде
майдың жоқ болуы кезіндегі
үйкеліс. Бұл үйкеліс кезінде детальдар қарқынды түрде тоза бастайды.
Бұған мысалдар: жетектегі жұлдызшалар, тежеу қалыптары мен бара-
бандары, фрикционды муфталар, шынжыртабан буындары.
Тербелу үйкелісі сырғанау үйкелісімен салыстырғанда күрделі
процесс болып табылады, себебі мұнда кезектесіп тербелетін тіректі
беттердің деформациясы орын алады.
23.002-84 МЕСТ бойынша машиналарда тозудың үш тобы
белгіленген: механикалық, коррозиялы-механикалық және электр
тогының әсері кезіндегі (1.1-сурет).
Механикалық тозу механикалық әсерлердің нәтижесінде, ал
коррозиялы-механикалық тозу материалдың
қоршаған ортамен
химиялық және электрлік өзара әсерінен тұратын механикалық әсердің
нәтижесінде жүреді.
1.1-сурет. Детальдардың тозу түрлері
Детальдардың тозу
т рлері
ү
Коррозиялы-
механикалық
Механикалық
Электр тогының
əсері кезінде
Т
о
ты
у
л
ы
ғ
қ
то
зу
Ф
р
ет
ти
н
г-
ко
р
р
о
зи
я
к
ез
індег
і
то
зу
А
б
р
аз
и
вт
ік
Г
и
д
р
о
аб
р
аз
и
вт
ік
Э
р
о
зи
я
л
ы
қ
Г
азабразив
ті
к
К
ав
и
тациялы
қ
Қажы
п
то
зу
Ф
р
ет
ти
н
г
к
е
зіндег
і
то
зу
А
й
қ
ас
у
к
е
зі
н
д
ег
і
то
зу
Э
л
ек
тр
лі
эр
о
зи
я
л
ы
қ
166
Материалдың абразивтік тозуы оған бос немесе бекітіліп тұрған
жағдайдағы қатты детальдардың сырғанайтын немесе кесетін әрекеті
нәтижесінде өтеді. Абразивтік тозуға, мысалы, тепловоздың эки-
паж бөлімінің бөлшектері, электр машиналарының қылшақтары мен
жинағыштары, дизельдің жанармай аппаратуралары және т.б. жатады.
Гидроабразивті және газабразивті тозу сұйықтықта өлшенген
және тозған денеге қатысты ауыстырылған
қатты денелер әсерінің
нәтижесінде пайда болады.
Гидроабразивті тозуға көбінесе компрессордың, дизельдің
бөлшектері ұшырайды (жылжымалы бірлік бөлшектері сырғыма
мойынтіректерімен, цилиндрлі-піспекті жиналмалы бірліктер, жанар-
май аппаратуралары және т.б.).
Эррозиялы тозу газ бен сұйық ағынның механикалық әсерінен
болады. Гидроэрозиялық тозу сұйық (газ)
ағынының әсері кезіндегі
эрозиялық тозу болып саналады.
Кавитациялық тозу
– жергілікті қысым мен температураны
көтеретін, газдың көбіршіктері үстіңгі бетке жақындағанда жарылатын
сұйықтыққа қатысты қатты дененің қозғалысы кезіндегі гидроабразивті
тозу. Кавитациялық тозуға баббиттен жасалған антифрикционды
қабатты дизельдер иінді біліктерінің мойынтірек қосымшалары,
цилиндрлі төлкелердің суытылған беттері, су сорғысының корпусы
және т.б. ұшырайды.
Қажып тозу үстіңгі бет материалдарының кіші көлемдерін қайта
деформациялау кезінде пайда болады. Ол сырғыма үйкелісі
кезінде
және тербелу үйкелісі кезінде бақыланады. Қажып тозу – домалау
мойынтіректері мен тісті берілістерде, сырғыма мойынтіректерде,
көбінесе дизельдердің иіндібілік мойынтіректерінде бақылауға алына-
ды.
Айқасып қалу кезінде тозу – материалдардың тереңнен жұлынып
қалуда оны бір үйкеліс бетінен басқаға ауыстыру мен ілініскен бетте
пайда болған тегіс еместіктің ықпалынан қармау нәтижесінде болып
өтеді. Тозудың бұл түрі дизельдердің цилиндрлі-піспекті жиналмалы
бірліктердің бөлшектері және жиналмалы бірлік бөлшектерінің дома-
лау мойынтіректермен өзара арасында бақыланады.
Тотығулық тозу – оттегінің немесе
басқа да тотыққан ортаның
материалға әсері кезінде болатын химиялық реакция. Тотығулық
тозуға, мысалы, тепловоздың экипаж бөлімдерінің бөлшектері мен ку-
зов бөліктері, т.б. ұшырайды.
Фреттинг кезіндегі тозу – орын ауыстыруда жай тербелістерде бола-
тын жанасқан денелердің механикалық тозуы.
Фреттинг-тоттану кезіндегі тозу – үйкеліс пен тоттану ортасын бір
уақытта болдыратын, орын ауыстыруда жай тербелістерде болатын
жанасқан денелердің механикалық тозуы.
167
Электрлі-эрозиялық тозу – электр тогының жүру кезінде болатын
разряд әсерлерінің нәтижесінде үстіңгі беттерінің эрозиялық тозуы.
Тозудың бұл түріне электр машиналары мен аппараттарының түйісіп
бірігулері, түйіспе-бөлшектерінің жұмыс қалпындағы үстіңгі беттері
ұшырайды.
Тозуды сипаттау үшін төмендегі көрсеткіштер пайдаланыла-
ды:
сызықтық тозу, тозу жылдамдығы, тозу қарқындылығы, тозуға
төзімділік, салыстырмалы тозуға төзімділік.
Сызықтық тозу
U
– үйкелу бетіне перпендикуляр бағытта тозу
нәтижесінде пайда болған деталь (үлгі) размерінің өзгерісі.
Тозу жылдамдығы
g
=
dU
/
dt
– тозудың
U
тозу уақытына
t
қатына-
сы. Тозу жылдамдығына қарап детальдің ұзақмерзімділігіне баға беру-
ге болады.
Тозу қарқындылығы
g
=
dU
/
ds
тозудың
U
тозу пайда болған жол
үйкелісіне
S
немесе орындалған жұмыс көлеміне қатынасы.
Тозуға төзімділік – үйкелістің белгілі бір жағдайларында материал-
дың тозуға кедергі жасау қасиеті. Тозуға төзімділік жылдамдыққа не-
месе тозу қарқындылығына кері шамамен бағаланады.
Салыстырмалы тозуға төзімділік – бірдей жағдайда тозу кезінде
берілген материал мен үлгі есебінде алынған материалдың тозу
төзімділіктерінің қатынасы.
Тозу процесінің негізгі факторларына жататындар:
– бірікпенің
конструктивтік сипаттамалары, яғни үйкеліс түрі
(сырғанау, тербелу немесе күрделі үйкеліс), есептік жүктемелер, салыс-
тырмалы жылжу жылдамдығы, қозғалыс сипаты (бірқалыпты неме-
се бірқалыпсыз), есептік саңылаулар, бірігу беттерінің өңдеу сапасы,
материалдардың тозуға төзімділігі;
– бірікпенің пайдалану сипаттамалары, яғни есептік жүктемелердің
іс жүзіндегі жүктемеге сәйкестігі, қоршаған орта ерекшеліктері (жоғары
ылғалдылық, шаң басушылық, қоршаған ортаның жоғары немесе өте
төмен температурасы), майлау сапасы.
Достарыңызбен бөлісу: