Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


суретжазуды жазу емес деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет9/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

суретжазуды
жазу емес
деп нақтылайды да, семасиография, яғни
ойжазуды
жазудың
алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі Египет
пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір бо-луы
(грекше 
graphein “
жазу-сурет салу” дегенді білдіреді),
шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларын-
да бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті
бояудың пайдаланылуы да себеп болды.
И.Е.Гельб “жазу” ұғымына
дыбысжазу
ғана сәйкесетінін
айтқан. Автордың таптастыруынша,
дыбысжазуға
сөз-буын
жа-зулар (шумер, египет, хэтт, қытай), 
буынжазулар
(финикий,
жа-пон) және 
дыбысжазулар
(грек, арамей, латын) қамтиды.
В.А.Истрин фразограммамен берген пиктографиялық жазу-
ды алғашқы жазу типіне жатқызып, логограмма, морфемограм-
ма, силлабограмма, фонограмма бірліктері кейінгі ұғымжазу,
сөзжазу, буынжазу, дыбысжазу түрлеріне сәйкес келеді дей-ді.
Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО-ға арналған
оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты.
Алғашқы суретжазу түрлері Америка үндістері мен Қиыр
солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики,
Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-лерінде,
Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды.
Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.),
Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы,
Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы,
Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
Ұғымжазу. 
Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай,
 
ежелгі шу-
мер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі
тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер
ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек,
америкалық үнді т.б.) аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз
грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу
деген (логогра
ì
мма) сөз не морфеманы таңбалайтын жазу.
Логограммалар кейде идеограмма не иероглиф деп те аталады.
Идеограмма ойжазуға сәйкес.
Ұғымжазуды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне бере-
тіні, таңбасы не мағына беретінін оңай білідіріп тұратыны
оның артықшылығы. Бірақ еш қай мәдениет таза ұғымжазу
қолдана алмаған. Ребус принципімен жазу араласқан.
Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. ІV-III
мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында
да-мыды.
Қазір Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары
жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагир-
лерінен, Пасха аралынан табылып отыр.
Көптеген ғалымдардың (Ф.Гоммель, Х.Йенсен, Дж.Болли,
16
17


И.Гельб) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуы-
нан бастау алды.
Логограммалардың пайда болуына: 
а) сол елдердегі қаланың өркендеуі,
ә) мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігі; 
б) жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі,
в) грамматикалық жағынан тұрақтылық себеп болды. Қытай
тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты
логограммалардың жасалуын жеңілдетті.
Шумерлер логограмаларды бірінші болып ойлап тапқанмен,
оны жетілдіру жағынан Египет пен Қытайдан кейін тұрды.
Оның себебі мемлекеттік құрылыстың баяу дамуы болды.
Ойжазу типі бүгінде қытай иероглифімен сақталып отыр.
Оған:
а) қытай тілінің түбір сипаты, ә) 
сөздердің бір буыннан тұруы,
б) жаңа сөздердің түбір қосындыларынан 
тұруы, в) ұқсас морфемалардың көп болуы, г) 
диалектінің көптігі, д) бір таңбаның әртүрлі 
оқылуы себеп.
Иероглиф жазу иератикалық жазуға (тез, курсив жазу), одан
демотикалық жазуға (халықтық) көшті.
Қазір сандар, математикалық символдар, сондай-ақ ағылшын
тіліндегі 

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау