Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет195/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Оқуға арналған материал
Жаңа әліпбиге көшіруге себеп болған түрткіжайттар
Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қажеттілігі дау
туғызбайтыны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай, ла-тын
қарпіне көшуге қатысты талқы өткен ғасырдың 90 жыл-дардан
қазірге дейін толастаған емес. Бүгінгі күні бұл мәселе БАҚ
құралдарында қызу пікірталас нысанына айналды. Латын
әліппесін жақтайтындар мен оған қарсылардың әрқайсысының
өз дәйектері бар. Қалай болғанмен де таразының латын қарпіне
көшуді қолдайтындар жағы басым түсетіні айқын, себебі қарсы
жақтың өзінде де көп пікір иелері бұл қазір орындалма-са да,
болашақта жүзеге асырылатын шара деп мойындайтыны
байқалды. Бұл мәселеге саяси бояуды қоюлатпау жөн болады.
Ең алдымен қандай пікір иесі болмасын бұны мемлекеттік
тілдің тағдыры үшін жасалған шара деп қабылдауы керек. Яғни
мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық 
жағы басым түсуі шарт.
Қазіргі кезде әліпби саясатымен байланысты қоғамдық пікір
екіұдай болып, үмітшілдер жағы (апологеттері) латынға көшуді
қызу қолдап жатса, күдікшілдер жағы (оппоненттері) күмән
кел-тіріп, қарсы болып жатыр.
Үмітшілдердің уәжі
:
Орыс әліпбиі (кирилл әліпбиі) ұлт тілдерін ассимиляция-лау
мақсатын көздеп, кезінде зорлықпен, күштеумен таңылған.
Тоталитарлық қоғамның унитарлық саясатының салдарынан ары-
луымыз қажет деп, өзбектер де, әзербайжандар да, түрікпендер де,
молдавандар да латынға көшті, ал қазақтар шешек шыққан үйдей
шетте жалғыз қала бермек пе? Түркітілдестер бір әліпби
кеңістігінде болғаны дұрыс (с а я с и ф а к т о р).
Ғылым да, білім де Батыста (Батыс деп отырғаны – Батыс
Еуропа, Солтүстік Америка елдері), солардың озық техноло-
гиясын игергендер экономикалық жағдайларын түзей бастады.
¤ркениеттің кең өрісіндегі елдермен әліпбиіміз де бір кеңістікте
290
291


болуы қажет. Бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарынан орын
алу жалпы ұлттық идеяға айналып отыр. Интернет жүйесіне
кіріп, қазақ тілінің коммуникациялық, ақпарат тарату, алу
ауқымы кеңейеді (с а я с и-ә л е у м е т т і к ф а к т о р).
Қазіргі әліпбиде басы артық әріптер көп, емле ережелерін
қайта қарау қажет, орыс тілінің жазу тәртібімен қазақ әліпбиінің
кіндігі байланып қалған. Мұндай түйткілдерден жазу-сызуы-
мызды арылту үшін латынға көшу қажет (л и н г в и с т и к а л ы
қ ф а к т о р).

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау