риантын
орфографиялық сөздіктен қарап, жазу керек делінді,
себебі сөз мағынасы дифференцияланып, жазуда айқындала бас-
тады:
ғаскер
–
войска,
әскер
–
армеец,
ғылым
–
мәлім.
Біріккен
жалқы есімдер кіріктіріп те
Талдықорған,
Қожакелді
кіріктіріл-
мей де (
Амангелді,
Қазанғап)
жазылатыны көрсетілді.
Бір жылдан кейін
1940
ж. 30-тамызда
жаңа алфавит жөнін-
дегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби ту-
ралы жоба ұсынды. Мұнда
һ
әрпі әліпбиге енгізілді және <ұ>
фонемасы
э
таңбасымен берілді (5-кесте).
1940 жылғы әліпби жобасын жетекшілік еткен
С.
Аманжолов
жобаны талқылауда
э
әрпін қазақ тіліндегі
е
дыбысының орны-на
қолдануды,
ә
әрпін екінші буындарға да жаза беруді,
я
әрпін
қолдануды
азайтуды, мысалы, түбір мен жұрнақ позициясына
жазбауды,
ы
әрпін тек орыс сөздерінде ғана жазып, қазақ тілін-
дегі <ы> үшін басқа таңба алуды ұсынған пікірлердің болғанын
және оларға негізді дәлелдер бар екенін айтады.
я,
ю
әріптерінен
қызметі арқылы жазу үнемділігіне қол жеткіземіз дейді. Автор
ь
таңбасын қазақ тіліндегі жер-су атаулары адам есімдерінде
қолдануды мақұл көреді.
Ш. Сарыбаев
к
әрпімен
<қ>, <к>,
г
әрпімен
<ғ>-<г>
дыбыс-
тарын белгілеп, іргелес келген дауыстының жуан-жіңішкелігіне
орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенін айыруды ұсынды.
Сондай-ақ
<қ> –
къ
, <ғ> –
къ
деп алайық деген де, тіпті <қ> –
қ
, <ғ> –
ғ
деп алу жазу жылдамдығына кедергі, сондықтан
q,
р
таңбасын
қалдырайық деген де пікірлер болады.
А. Ысқақов э
әрпінің мәнін
е
әрпі де бере алады,
сондықтан
әліпбиге
э
-нің қажеті жоқ деп табады.
М. Балақаев
керісінше
э
әрпін сөздің бас буынында
жазайық,
сонда тек
ч,
ц,
ъ
әріптері
ғана орыс сөздерінде
кездеседі де, қалған әріптер ортақ болады дейді. Және қысаң
езуліктердің емле қиындығын азайту үшін
мағна,
рет
сияқты
сөздердегідей анық естілмейтін позицияда
ы,
і
әріптерін
түсіріп, қалған по-зицияда тәуелдік жалғауы жалғанғанда да,
түсірілмегені жөн деді. М. Балақаев сөз бірігіп жазылу үшін
сөздің екі сыңары да атау тұлғада және олар изафеттің III түрі
болмауы керек деді. Ал фразеологиялық
тіркестердің барлық
түрі бөлек жазылуы уәжді деп табады.
Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 11-
желтоқсанында түбегейлі бекиді. Әліпби тәртібіндегі қазақ тілінің
төл дыбыстары жұмсалу жиілігіне сәйкес,
і,
қ,
ң,
ғ,
у,
ө,
ә,
һ
болып реттеледі.
Бірінші орыс алфавитінің әріптері,
соңынан
қазақ әріптері тіркеледі. Әріп атауы
вэ,
бэ
деп, орыс алфавитін-
дегідей белгіленеді. Әліпбидің жоғарыдағыдай берілуі оның
қосалқы қызметі (санау, инвентарлау) үшін қолайлы делінді.
Графика мен сөйлеу екі басқа, бір-біріне сәйкес келмейді деген
пікірлер де осы кезден шыға бастайды. Жазылған сөздегі әріп
пен дыбыс арасында айырма қай кезде де болады, сондықтан
1940ж. емледе қабылданбай қалған
ый,
ій
тіркестері орнына
и
жазу; түбір мен қосымша аралығына
ю,
я
әріптерін салу (
кию,
боя
),
я
әрпімен
[йа], [йә], [ә],
ю
әрпімен
[йу], [йүу], [ү]
дыбыс
тіркестерін беру сияқты пікірлер айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: