Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет130/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

[а]
мен 
[ә]
варианттарын бір инвариант-фонема деп
тану үшін олардың өзара ортақ белгілері болуы шарт. Ол екі
варианттың да ашық, езулік, қысаң, еріндік болулары. Мысалы:
1. инвариант-фонема <а>


а
мен
ә
варианттарын бір инвариант фонема деп тану үшін
екеуі
 
де ашық, екеуі де езулік болуы керек. Сондай-ақ бұл екі
дыбыс-ты екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ
белгісінен басқа айырмасы да болуы керек. Ол бірінің жуан (
а
),
екіншісінің жіңішке (
ә
) әуезде айтылуы, қалған дауыстылар
жөнінен де осы-ны айтуға болады. Бұл – бір. Екіншісі
варианттар парадигмалық қатынаста болады, яғни «екінің бірі»
принципі бойынша сөзде не
[а]
не
[ә]
варианты қолданылуы
шарт. Ал инварианттар синтагмалық қатынаста болады, ал бұл
қатынас «және … және» принципі бойынша жүзеге асады.
Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің парадигма (варианттар)
мен синтагмалық (инварианттар) қатынасын былайша
көрсетуге болады:
парадигма
синтагма
___
а
_____
о
_____
ұ
_____
ы
_____
ә
ө
ү
і
е
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде 
[а], [о],
[ұ],
[ы]
дауыстылары қолданыла береді:
 
ақын,
 
отан,
 
ұлы,
 
қызы
;
[ә],
[ө], [ү], [і], [е] 
дауыстылары да осы тәрізді:
 
әні,
 
өнері,
 
үні,
 
елі 
т.б.
Бұдан байқайтынымыз:
 
бір инварианттың варианттары
синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-де
ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсынұлының «бес дауыс-ты»
жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты»
жүйесімен әліпби түзе келіп, осы бес инвариант-фонеманың
әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. Ал инварианттардың
варианттары үшін бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы
жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-ды.
Сонымен А.Байтұрсынұлы әліпби жүйесінің, түптеп кел-генде,
қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере отырып,
дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып
тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте қайнасқан» бұл
ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім
табады».
Ал Байтұрсынұлы өз реформасы жайында 1912ж. бы-лай
түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-мұсылманша
оқу, бірі – русша оқу. Осы күнгі жазуымызда ды-быс басына
арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлде неше түрлі
дыбыстарды жазамыз. Мысалы: ﻭ менен жазамыз бес түрлі
196
197


дыбысты, ﻯ мен жазамыз үш түрлі дыбысты. Сондықтан әуелі
жазуымыздың тәртібін түзетіп жөнге салсақ. …бұл дыбыстардың
ішінде

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау