Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет129/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

ш
~
с
сәйкестігінен, <ш> дыбысын 
ч
әрпімен таңбалап
айыруға болады. “Әлбетте, харіп тіл үшін шығарған нәрсе.
Олай болса, харіпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол
дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес,
өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды, тілге бола
харіпті бұзып өзгертеді”. Бұл
Һ
дыбысы одағайларда ғана
естілетін дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пікіріне
келеді.
ХХғ. басында қазақ тіл дыбыстарының инвентарін анықтау
қиындығы А.Байтұрсынұлының фонема-әріп теориясы арқылы
шешімін тақпаны ақиқат. Өзге графиканың (араб графикасы)
әліпбиін (араб әліпбиін) өз тілінің дыбыстарына арнау керісін-
ше әрекеттің, төл дыбыстарды өзге тіл әліпбиінің құрсауына
байлап беру қаупін төндіретін еді. Бірақ А.Байтұрсынұлы араб
әліпбиі қазақ тілі үшін шығарылған жоқ, араб тіліне арналған
әліппе сондықтан араб графикасына негізделген әліпби қазақ
тілі фонемаларын ғана беруі керек деп топшылады. Кейбір
оқымыстылардың <о>, <а>, <ұ> фонемаларын жарты дауысты,
ал <ы> фонемасын мүлде жоқ деген көзқарастарына пайымды
қарсылығын білдірді.
А.Байтұрсынұлының әліпби қатарынан шығарып тастаған
таңбалары мыналар: 
خ
,
ح
,ﺫ , 
ض
,
ص
,
ظ

ط
,
ع
,
ف
,ه ,ژ ,ﺙ ,ﺵ
.
Бұл өзгеріске қатысты құнды пікір айтқандардың бірі М.Дулатов
болды: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай
өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана
бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек
қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату
керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ,
194
195


ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып
өзгерткен».
А.Байтұрсынұлының әліпбиі туралы терең талдау жасаған
ғалым
Н.Уәлидің
сөзіне құлақ түргеніңіз дұрыс: «...фонеманың
күрделі қасиеттерін фонологияда «инвариант-вариант» теори-ясы
тереңірек аша түседі. Фонема – инвариант, ал дыбыстар олардың
сөздегі варианттары. Әр вариант инварианттағы мәнді белгілерді
сақтай отырып түрленеді, әр вариантта инвариантқа тән қасиет
сақталады. Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес инвариант
фонема бар. Осы инвариант фонемалардың нақты қолданыста
әрқайсысының, 
е
дыбысынан басқасының, жуан, жіңішке әуезбен
түрленіп отыратын екі варианттары бар:
вариант [а] 
ақ
вариант [ә] 
әк
2. инвариант-фонема <о>
вариант [о] 
оқ
вариант [ө] 
әк
3. инвариант-фонема <ұ>
вариант [ұ] 
ұқ
вариант [ү] 
үк
4. инвариант-фонема <ы>
вариант [ы] 
ық
вариант [і] 
ік
5. инвариант-фонема <е>
[е] 
ек
Әдетте

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау