Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет44/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Барлық бағдарлама шеңберінде институционалдық бағалау қағидат-
тарын көрсететін бағалау стратегияларын енгізуді ескеру, сондай-ақ 
бітірушінің кәсіби қасиеттерін бағалауды ескеру қажет. 
Бағалау жүйесі бағдарлама бойынша оқыту нәтижелеріне сәй-
кес болуы тиіс, яғни іс жүзінде ол оқытудың қол жеткізілген нәти-
желерін бағалауға бағытталуы қажет. Көбінесе бағдарлама бойынша 
оқу кезінде қалыптасқан дағдыларға (танымдық, жалпылама және 
тәжірибелік) және кәсіби қасиеттерге немесе көзқарастарға қараған-
да алынған білім бағаланады. Бұл жағдайда бүкіл бағдарлама дең-
гейінде қолдануға болатын бағалау матрицаларын қолдану ұсыныла-
ды (4-кесте). Бағдарлама бойынша қол жеткізілген оқу нәтижелерін 
сенімді растау бағалаудың маңызды қыры және аккредиттеу агент-
тіктерінің негізгі талабы болып табылады (6-тарауды қараңыз).
Бағалау тәсілі

1 оқыту нәти-
жесі
(білу және түсіну)

2 оқыту нәтижесі
(танымдық 
дағдылар – синтез 
және бағалау)

3 оқыту 
нәтижесі (қа-
рым-қатынастық 
дағдылар – 
ауызша)
Жазбаша емтихан
x
Жоба
x
x
Эссе
x
x
Жазбаша таныстыру
x
x
4-кесте.
Бағдарламалық бағалау матрицасы


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
86
Білім беру мен оқыту
Жоғарыда айтылғандай, оқыту және білім беру тәсілдері 
бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерімен сәйкес келуі керек. 
Егер, мысалы, оқыту нәтижелері шығармашылыққа, инновацияға, 
қиындықтарды шешуге немесе кәсіпкерлікке бағытталған бол-
са, онда оқыту мен білім беру әдістері, әдетте, дәстүрлі, дәріс оқу 
түріндегі сабақтарға негізделмеуі тиіс. Бұл жағдайда белсенді оқы-
ту әдістері қолданылуы керек. Бағдарламаны әзірлеуші топтардың 
сонымен қатар бүкіл бағдарлама үшін оқыту және білім беру стра-
тегиясын қарастырулары қажет. Жоспарланған оқыту тәсілдерін 
университеттің немесе факультеттің стратегиясымен үйлестіру 
қажет болуы мүмкін. Ол стратегия зерттеуге негізделген оқыту, 
инклюзия, интернационалдандыру, көптілділік, онлайн / аралас 
оқыту және STEM пәндерін оқыту әдістемесі тәрізді тақырыптарды 
қамтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта көптеген халықаралық университеттер 
«backward design»
66
кері жобалау әдісін қолданады. Әдісті қолданған 
кезде бағдарламаны әзірлеу оқытудың мақсаттары мен соңғы нәти-
желерін анықтаудан басталады. Содан кейін ғана бағалау әдістерін 
анықтау, бағдарламаның мазмұнын жасау және берілген мақсат-
тар мен білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге көмектесетін оқыту 
әдістеріне таңдау жүргізіледі. Студенттер нені үйренуі керек (білім 
мазмұны) және білім беру бағдарламасы (үрдісі) деңгейінде оқы-
тудың қандай түрлері қолданылатындығын стратегиялық тұрғы-
дан ойластырған жөн.
66
https://www.ascd.org/ASCD/pdf/siteASCD/publications/UbD_WhitePaper0312.pdf


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
87

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау