Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет47/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ
(1897, 28 қыркүйек – 1961, 27 
маусым) - қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология 
ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ 
КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). 
28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ 
деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Болашақ жазушы 
ұлы Абай өз шығармаларында сонша терең әрі жанжақты суреттеген сол 
кездегі қазақ қоғамының сипаты мол, қайшылыққа толы өміртұрмысын 
көзімен көрді. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс 
мектебінде, ал 1915–1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік–
Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы 
пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы 
әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол 
жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш 
партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып 
Дулатов, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. 
«Абай» журналын шығаруға атсалысады. «Оян, қазақ» деп ұран тастаған 
қозғалыс, 
олардың 
демократиялық 
идеялары 
Әуезовтің 
өмірлік 
мақсатнысанасын белгілеуіне тірек болды. Алашорда қайраткерлері өкімет 
орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан 
бастап көркем әдебиет саласына бар күшқуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге 
кіріседі. 1923–1926 жж. «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», 
«Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімесін 
жазады. 
1923–1928 жж. Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет 
факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік 
университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. 
Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) оқыған соңғы жылында екі тамаша 
повесть жазған: «Қараш-Қараш» пен «Көксерек». 
Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол 
әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. 
Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы 
деген кінә тағылып келді. Қудалау көріп, 1930–1932 жж. қамауда болды, 
тұтқыннан құтылу мақсатымен ашық хат жазды. 
Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. 
Тұңғыш көркем туындысы «ЕңлікКебек», онан кейін «Хан Кене» мен «Қилы 
заман», «АйманШолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны 
аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі 
сюжетке құрылса, «Хан Кене», «Қилы заман» тарихта болған нақтылы 
оқиғаларды арқау еткен. 
Әуезов 20 жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі 
туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. Отызыншы 
жылдары бір топ әңгіме («Қасеннің құбылыстары», «Іздер», «Шатқалаң», 
«Құм мен Асқар», «Бүркітші»), пьесалар («Айман–Шолпан», «Тас түлек», 
«Шекарада», «Түнгі сарын») жазады. 
30 жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де 
қымқиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды 
өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлік те 
болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол 
табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай 
қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай 
мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай 
қажет еді. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Татьянаның қырдағы әні» 
дейтін прозалық үзінді жарияланды. Бұл – болашақ романның бір тарауы еді. 
Осыдан соң, 1940 жылы, Л.Соболевпен бірлесіп «Абай» трагедиясын жазды. 
Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық 
даңқты тарихи романэпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші 
кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне 
аударылған. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1дәрежелі КСРО 
Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы 
Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние 
оқырманынан өте жоғары баға алды. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау