Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


Керей­мен­Жәнібек­хандар­ескерткіші



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет59/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Керей­мен­Жәнібек­хандар­ескерткіші


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
166
ХV ғасырдың 50-жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар қар-
саңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберлерді са-
нағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуық-
таған. Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ 
Орыс ханның үлкен ұлы – Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы – Анике Болат, ал 
оның жалғыз ұлы Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті 
Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата 
жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған. 
Сол себепті Керей Әбілқайыр хандығынан бөлініп кеткенде жасы мен 
жолына қарай хан болып сайланды. Ол он шақты жылдай хан болып, Қазақ 
хандығының іргетасын қалаған хандардың қатарына жатады. 
Керей ханның артында Бұрындық, Қожа Мұхаммед және Сұлтанәлі
атты үш ұл қалады. Бұрындық XV ғасырдың соңғы ширегі мен XVІ ғасыр- 
дың басында Қазақ хандығын 30 жылдан аса билейді. Бұрындық хан ның
Шайхим, Санжаржахан, Жаханбақты атты үш ұлы, Шайхимның Жармұхам-
мед атты ұлы болғандығы дерек мәліметінде атап көрсетіледі. 
Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі Керей ханға қа-
рағанда жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» еңбегі мен 
ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-
намада» оның есімі хандар шежіресіне байланысты кездессе, «Тарих-и Ра-
шиди», «Фатх-наме», «Шайбани-наме» секілді тарихи шығармаларда Қазақ 
хандығын құрушылардың бірі ретінде жиі айтылады. Ал Әбілғазы, Қадырғали 
Жалайыри, Гаффари, Хайдар Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс 
Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады. 
Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих 
ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В. Вельяминов-
Зернов болды. Ол Ораз Мұхаммед ханның шығу тегі мен ата-бабаларын 
анықтау барысында көптеген мұсылман деректерінің мәліметтерін ғылыми 
айналымға енгізе отыра, Жәнібекті Кереймен бірге Қазақ хандығының 
алғашқы 80 жылдық тарихындағы ірі тұлғалар деп жазады. 
Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның 
шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі 
бабалары ортақ болып келеді. Дерек мәліметтерінде Жәнібек ханның ата-ба-
балары былайша беріледі: «Орыс ханның бірінші ұлы – Тоқтақия. Ол билік 
құрған... Орыс ханның сегізінші ұлы – Құйыршық. Оның Пайанде-сұлтан, 
Рукйиа деген екі қызы және Барақ атты бір ұлы болды. Барақ билік құрған. 
Барақта төрт бала: Саадат-бек деген қызы және Әбу Сайд, Мир Қасым, Мир 
Сайд деген үш ұлы болған». «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Әбу Сайд 
Барақ ханның үш ұлының кішісі және Жәнібек хан деген қосымша есіммен 
берілсе, Қадырғали Жалайыр ол туралы Барақтың ұлы «кіші Жәнібек хан», 
– деп дәлірек түсіндіреді. Осылайша, деректердегі Жәнібек хан туралы 
айтылатын шежірелік мәліметтерде оның шын есімі Әбу Сайд, ал лақаб 
есімі Жәнібек екендігін білеміз. Ал Қазақ хандығының құрылуы барысын 
баяндайтын мәліметтердің бәрінде оның есімі Керей ханның есімімен бірге 
Жәнібек хан деп кездеседі. 


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
167
Бізге Әбу Сайдтің не себепті Жәнібек атанғаны белгісіз, ол жөнінде 
ешбір дерек айтпайды. Ал оның не себепті «кіші Жәнібек» атанғанын де-
рек мәліметтері айтпаса да анықтауға болады. Т.И. Сұлтановтың пікірінше, 
Жошы Ұлысы мен Орта Азия тарихында бір уақытта хан титулы бірнеше 
сұлтанда болып, олар жөнінде жақсы хабардар болған дерек авторлары 
хандарды ажырату үшін өз мәліметтерінде «Ұлұғ хан» (Үлкен хан) және 
«Кішіг хан» (кіші хан) деген атауларды қолданған. Біздің ойымызша, «ұлұғ»
және «кішіг» хандар жөніндегі мұндай түсіндірме дұрыс айтылған. Бұл 
түсіндірменің Алтын Ордада ХV ғасырдың бірінші жартысында хан болған 
Ұлығ Мұхамед хан мен Кішік Мұхаммед хандарға қатысты айтылып тұр-
ғаны белгілі. Бұл екі ханның Алтын Орданың саяси тарихында терең із 
қалдырып, жазба дерек мәліметтеріне есімдері сол дәуірдің өзінде-ақ ен-
ген болатын. Ал Қазақ хандығындағы Барақтың ұлы Әбу Сайдты «кіші 
Жәнібек» десе, онда «үлкен» немесе «ұлығ» Жәнібек деген кім болған? 
ХІV-ХVІ ғ. ортағасырлық мұсылман деректерінде Жәнібек есімді хан да, 
сұлтан да көптеп кездеседі, бірақта олардың ешқайсысы Ұлығ Жәнібек деп 
аталмайды.
Мұны анықтау үшін дерек мәліметтеріне тереңірек назар салу керек 
сияқты. «Муизз ал-ансабта» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының үлкені деп 
көрсетіледі, бірақ та оның лақаб есімі жөнінде ештеме айтылмайды. Соған 
қарағанда Жәнібек хан деген лақаб есім оған ресми түрде хандықты иелен-
геннен кейін берілген. Ал ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған 
«Тауарих-и гузида-йи нусрат-намеде» Әбу Сайд – Барақ ханның үш ұлының 
кішісі, яғни үшіншісі деп беріледі. Сондай-ақ онда Әбу Сайдтың лақаб
есімі – Жәнібек хан екендігі қоса айтылады, бірақ «кіші» деген сөз кездес-
пейді. Әбілғазы дерегінде де дәл сондай. Жәнібек ханның «кіші Жәнібек 
хан» екендігі алғаш рет ХVІІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылған Қа-
дырғали Жалайыр еңбегінде бірінші рет кездеседі. 
Жәнібек хан – Орыс ханның сегізінші ұлы Қойыршақтың немересі, 
Барақ ханның ұлы. Жәнібек ханның атасы жазба деректерде – Койричак 
оғлан, Коюрчак, Курчук, Нузи-оғлан, Каруджак, Құйыршық, Құйыршақ, 
Койриджак деген есімдермен жиі кездеседі. 
Қойыршақ туралы мәліметтер Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресінен 
басқа темірлік тарихшы Шараф ад-дин Йездидің «Зафар-наме» еңбегінде 
айтылады. 1395 жылы сәуірде Темір Терек өзені бойындағы шешуші шай-
қаста Тоқтамыс ханды жеңіліске ұшыратады да, түпкілікті талқандау үшін 
соңына түседі. Қойыршаққа қатысты онда мынадай мәлімет баяндалады: 
«Ол Еділ өзені арқылы өтетін Туратур өткеліне жетіп, жанындағы Орыс 
ханның ұлы Қойыршақ-оғланға өз тобынан өзбек баһадүрлерін қосты да, 
алтын жіптен тігілген халат пен алтын белдік кигізіп, ханға лайықты заттар 
береді. Оған Еділ өзенінен өтіп, Жошы Ұлысының билігін өз қолына алуды 
тапсырады. Жошы ұрпағының сұлтаны бұйрыққа сай өзеннің арғы бетіне 
өтіп, шашырап кеткен әскерін жинастыруға кірісті». Тоқтамыс хан Темірдің 
көмегімен Ақ Орда тағын иеленгеннен кейін, өзіне қарсы келгендердің 
көзін құртып, ал билігін мойындағандарға рахымшылық жасаған. 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
168

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау