Бақылаусұрақтары:
1. XII ғ. соңы-XIII ғ. басындағы Қазақстан аумағына Моңғолиядан түрік және
моңғол тілдес тайпалардың келу себептерін түсіндіріңіз.
2. XII ғ. соңы-XIII ғ. басындағы Қазақстан аумағына Моңғолиядан түрік және
моңғол тілдес тайпалардың келу кезеңдерін атап көрсетіңіз.
3. Моңғол үстіртін мекендеген ру-тайпалардың Қазақстан аумағына қоныс
аударуы қалай жүрді және оның этникалық үдерістерге тигізген әсері
қандай?
4. Қазақстан аумағына Моңғолиядан қоныс аударған тайпаларды нақты атап
көрсетіңіз.
5. Не себепті XIII ғасырдың 40-60 жылдары Қазақстан аумағына тайпалар
көптеп қоныс аударған?
6. Қоныс аударған тайпалар арасында қандай тайпалар қазіргі қазақ халқының
құрамында кездеседі?
§2.ХІІІғ.ортасыменХІVғ.ортасынадейінгі
ДештіҚыпшақаумағындағықыпшақтануүрдісіне
әсереткенфакторлар
ХІІІ ғасырдың орта тұсынан ХІV ғасырдың бірінші жартысы аралы-
ғында Дешті Қыпшақ аумағындағы этнопроцестердің ерекшелігіне этноүр-
дістердің қайта жандана бастауы мен жаулап алу барысында аумаққа кел-
ген түрік және моңғолтілдес тайпалардың қыпшақтануы процесінің жүруі,
аяқталуы жатады. Бұл ерекшелік Жошы ұлысының сол қанаты болып сана-
латын Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына да қатысты.
ХІІІ ғ. ортасынан ХІV ғасырдың ортасына дейінгі Алтын Орданың
сол қанатындағы Орда Ежен ұлысындағы салыстырмалы түрдегі саяси
тұрақтылық және Моңғол империясы мен Алтын Орда хандарының бағын-
дырылған аумақтардағы жүргізген ішкі саясаты этнопроцестердің қайта
жандануына қолайлы жағдайлар жасайды. Саяси тұрақтылық қоғам ның
әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани өмірлерінің қалыпты өмір сүруі
мен дамуында негізгі фактор атқаратындығы белгілі. Орда Ежен ұлысын-
дағы саяси өмірдің де тұрақты болуы жаңадан келген этнокомпоненттер-
дің аумақтағы этноөмірге тез араласып кетуіне, соның нәтижесі ретінде
олардың қыпшақтанып кетуінде шешуш
і рөл атқарады.
VIІ тарау. XIII-XV ғ. алғашқы жартысындағы этноүдерістер және Қазақ халқының ...
133
Моңғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтық этноортаға тез сіңісіп,
араласып кетуіне әсер еткен бір қолайлы жағдайға – моңғолдық әскери-
әкімшілік құрылымның Жошы ұлысында немесе Дешті Қыпшақта енгізілуі
жатады.
Моңғол қоғамындағы қатынастарды терең зерттеген академик Б.Я. Вла -
димирцев Шыңғыс хан тұсындағы қоғамдық қатынастардың, яғни бұрынғы
қатынастар мен жаңа ене бастаған қатынастардың ара-жігін көрсетіп, әрбір
қатынасты қалыптастырған элементтердің қоғамдық өмірге енуі эволюция-
сын нақты дерек мәліметтері бойынша негіздейді. Мысалы, көшпелілерге
бұрыннан белгілі ондық, жүздік, мыңдық және онмыңдық бірліктерді
«Шыңғыс хан алғаш рет наймандарға қарсы күрес қарсаңында қолданып,
бұрынғы курендік бойынша құрылған жасағын белгілі бір жүйе бойынша
құрылған әскерге айналдырады. Сөйтіп, Шыңғыс хан 1206 жылы қаған
болғаннан кейін бүкіл моңғолдарды мыңдықтарға бөліп, оларға мыңдық-
нояндарын белгілейді», – деп жазады Б.Я. Владимирцев. «Ондыққа, жүз -
дікке және т.с.с. бөлудің ешқандай жаңалығы жоқ, бұл – Орта Азия көш-
пелілерінің ғасырлар қойнауынан келе жатқан әдеті. Шыңғыс ханның бұл
жүйедегі қосқан жаңалығына – ұзақ процестер барысында жауынгерлер
басшыға дейін өскен адамдардың вассалдық (тәуелділік, басыбайлық)
қатынастарын ретке келтіруі және бекітуі жатады», – деп түсіндіреді моң-
ғолтанушы ғалым. Одан әрі ол моңғолқоғамында мыңдықтардың пайда
болуының екі түрлі жолы болғандығын, біріншісі бұрынғы рулар негізінде,
екіншісі әр түрлі рулардың бөліктері мен қалдықтарының бірігуінен деп
көрсетеді. Екінші жолмен құрылған мыңдықтар туралы көптеген деректерді
келтіре келе, ол: «Шыңғыс ханның «мыңдықтарды» қалай «жинастырып»
құрастырғанын түсінуімізге бұл деректерді жеткілікті деуге болады», – дей
келе, Б.Я. Владимирцев одан ары былай деп жазады: «мыңдықтардың»
құрылуы барысында моңғол рулары мен тайпаларының бұлайша арала-
суының рулық құрылым үшін өте зор салдары болды, міндетті түрде олар
қатты өзгеруі және жайылып кетуі тиіс еді. «Мыңдықтарға» бөлу, ұлыстарға
бөлу көптеген моңғол тайпаларының толығымен шашырап, жойылып
кетуіне алып келді, мысалы, татар, меркіт, джаджират, найман, керейттердің
қалдықтары көп жағдайда әр түрлі ұлыстар мен мыңдықтарға бөлініп, та-
ралып кетті».
Б.Я. Владимирцевтің бұл айтқан пікірлері моңғолқоғамының ішкі өмі-
ріне қатысты болғанымен, біз оны моңғол жаулап алуынан кейін Дешті
Қыпшақ пен Мәуереннахр аумақтарында құрылған ұлыстарға да тікелей
қатысы бар екенін байқаймыз. Жошыға берілген төрт мыңдықтың біз екі -
ге бөлініп, бірін Батуға немесе оң қанатқа, екіншісін сол қанатқа неме-
се Орда Еженге берілгенін айтқанбыз. Шығыс Дешті Қыпшақтағы жер-
гілікті тайпалар да Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтары мен оның
інілерінің арасында кішігірім ұлыстарға, ол ұлыстар мыңдықтарға, мың-
дықтар жүздіктерге бөлінеді. Басқаша айтқанда, бұрынғы ру-тайпалық
негізде құрылған жүйенің орнына жаңа жүйені, әскери-әкімшілік негіздегі
жүйені енгізеді. Бұрынғы ірі тайпалардың кішігірім тайпалардың орынан
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
134
түмендер мен мыңдықтар келеді. Кейбір мыңдықтарды басқаруға бұрынғы
ру-тайпа көсемдері немесе олардың ұрпақтары қалдырылса, ал кейбіріне
моңғолнойандары тағайындалады. Тіпті, жаңадан жүздіктер құрылып,
оның басшылығына еңбегі сіңген қатардағы моңғолдар қойылады. Мұндай
көзге түскен қарапайым жауынгерді ондықты, жүздікті, тіпті келе-келе
мыңдықты басқаруға тағайындауды Шыңғыс хан кезінде жиі қолданған
болатын. Аз санды моңғолдардың ондық, жүздік, мыңдықтарға басшы
ретінде тағайындалуы біріншіден, оларды бір-бірінен ажыратып, алыстат-
са, екіншіден, жүйенің бірлігін құраған жергілікті қыпшақ тайпаларының
арасына тез араластырып жібереді. Осылайша, Шығыс Дешті Қыпшаққа
жаулап алушылар ретінде келген моңғолдық этнокомпоненттер әскери-
әкімшілік негізінде құрылған жаңа жүйеге тез еніп кетеді де, аз санды
моңғолдар қалың қыпшақ тайпалары арасында құмға сіңген судай, өздерінің
этникалық болмыстарын тез жоғалта бастайды.
Моңғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтық этноортаға сіңісіп кетуін
тездеткен фактордың біріне – жергілікті тайпалар мен жаулап алушылар
арасындағы шаруашылық пен тұрмыс-салттың жақындығына байланыс-
ты этникалық араласу жатады. Жазба деректер ХІІІ ғ. ортасы мен екінші
жартысында Жошы ханнан тараған 2-4 буын өкілдерінің әйелдері және
олардың қай тайпадан шыққандығын атап көрсетеді. Қарапайым есеп-
теу жолымен Жошы ұлысының сол қанатындағы ұлысты басқарған Орда
Еженнің ұлдары: Сартақтай, Құи, Күнқыран, Хулагулерді шамамен 1220-
1230 ж. дүниеге келген деп есептесек, олардың ұрпақтары ХІІІ ғ. орта-
сында туылған болып шығады. Рашид ад-Динде Орда Еженнің және оның
ұлдарының көбі қоңырат тайпасынан қыз алғандығы туралы көп айтыла-
ды. Бұл Шыңғыс хан заманынан бері келе жатқан дәстүрді ХІІІ ғасырда да
оның ұрпақтары одан ары жалғастырғандығын көрсетеді. Орда Еженнің ең
кіші ұлы Хулагудың екі әйелінің бірі – қыпшақ тайпасынан шыққан, есімі
– Турбарчин-хатун. Ал осы Хулагудың Темір-Бұқа атты ұлының әйелдері
Қоңырат, Арғын тайпаларынан алынған. Орда Еженге немере болып
келетін Куинджи (Қоныша), Тумакан, Мұсылман секілді ұлдардың әйел-
дері Қоңырат, Меркіт, Жаджират, Татар, Найман тайпаларынан делінеді.
Ал ХІІІ ғасырдың соңы мен ХІV ғасырдың І жартысында өмір сүрген
Куйнджидың (Қоныша) ұлдарының әйелдері – Кереит, Қоңырат, Огунан
(Уақ) тайпаларынан болған.
Біріншіден, жоғарыда келтірілген дерек мәліметтері Орда Ежен ұр-
пақ тарының, әсіресе Жошы ұлысының сол қанатындағы билеуші әулет
өкілдерінің жергілікті тайпалардан (Қыпшақ, Арғын) қыз алысуы олардың
этникалық өзара байланысын көрсетеді. Бұл сол кездегі ішкі саясат үшін
екі жаққа тиімді болатын. Ұлыс билеушілері жергілікті жердегі мықты тай-
палардан, әсіресе тайпа басшыларының, оның ішінде моңғолдарға дейінгі
тайпалар басшыларының қыздарына үйленіп, оларды өздеріне жақын тартса,
жергілікті этникалық топтардың өкілдері билеуші әулет өкілдеріне қыз беру
арқылы өздерінің бұрынғы дәрежесін сақтап қана қоймай, оны одан әрі
өсіруге ұмтылып отырады. Билеуші әулеттің бұл дәстүрін кішігірім ұлыс
VIІ тарау. XIII-XV ғ. алғашқы жартысындағы этноүдерістер және Қазақ халқының ...
135
басшылары, түмен, мыңдық, жүздік басшылары да қолданады. Жоғарыдағы
деректер аз санды моңғолдық элементтердің қыпшақтық этноортаға тез
сіңісіп кеткендігін көрсететін өте нақты мәліметтер болып саналады.
Екіншіден, Арғын, Қыпшақ тайпаларымен қатар аталатын Қоңырат,
Найман, Кераит (Керей), Онгунан (Уақ) айпалары Моңғолия аумағынан
ХІІІ ғасыр басында келсе де, түрік тілдес және көшпелі мал шаруашылығы-
мен айналысатын тайпалар болатын. Тілдік жақындық, этникалық тығыз
байланыстар және ортақ саяси жүйеде ұзақ уақыт болу – бұл тайпалар-
ды біртұтас этносқа айналдыра бастаса, таза моңғолдық элементтер осы
этникалық ортаға аралсып, сіңісіп кетеді.
Моңғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтың этноортаға тез сіңісіп
кетуінде қыпшақ тілінің рөлі ерекше болғандығын атап өтуіміз керек.
Қыпшақ тілі моңғолжаулауына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ аумағында өмір
сүрген барлық тайпалар үшін ортақ тіл болып, Ертістен Дунайға дейінгі
орасан зор аумақта болған қыпшақ (куман, половец) хандықтары өздерінің
сыртқы саясатын қыпшақ тілінде жүргізді. Қыпшақ тілінің рөлі мен маңызын
мынадай салыстырулар арқылы көрсетуге болады. Кең мағынадағы қыпшақ
тайпаларының ХІ-ХІІІ ғ. мекендеген аймақтарын ортақ атаумен Дешті
Қыпшақ десек, ондағы тұрғындардың бәрін жалпы атаумен қыпшақтар (ку-
мандар, половецтер) деп, олардың мемлекеттілігін қыпшақ хандықтары деп
атасақ, қыпшақ тілі де бүкіл Дешті Қыпшақтың жалпыға ортақ кең таралған
тілі болып саналады.
ХІІІ ғасырда қыпшақ тілі жеңіске жеткен моңғолдармен бірге моңғол-
тілінің келуіне қарамастан, тұрмыстық деңгейдегі, рухани өмірдегі, әдебиет
саласындағы өз позициясын жоғалтпайды, тіпті, жоғарғы деңгейдегі мем-
лекетаралық қатынастардың, елшілік қарым-қатынастардың құралы ре-
тінде моңғолтілімен қатар қолданылып, ХІV ғасырдың өзінде оны бірте-
бірте қолданыстан ығыстырып шығарады. ХІІІ ғасырда өмір сүрген Дешті
Қыпшақтың ұлы жыршысы Кетбұғаның Жошының өлімін Шыңғыс ханға
астарлап естіртуі дәстүрлі өлең түрінде айтылып, қыпшақ (түрік) тілінде
баяндалады.
«Тенгиз баштын булғанды ким тондурур, а ханым?
Терек тубтын джығылды, ким турғузур, а ханым?», –
деген ұлы жыршыға, Шыңғыс хан:
«Тенгиз баштын булғанса тондурур олум Джошы дур,
Терек тубтан джығылса, турғузур олум Джошы дур» –
деп жауап қайырған екен».
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақ (түрік) тілінде айтылған
бұл өлең жолдарының қазіргі қазақ тіліндегі нұсқасынан аса көп айыр-
машылығы жоқ екенін тіл мамандары түгілі, қазақ тілін жетік білетін әрбір
адам аңғарады. Бұл төрт жолдың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқасы былайша
айтылады:
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
136
«Теңіз бастан былғанды,
Кім тұндырар, уа ханым?!
Терек түптен жығылды,
Кім тұрғызар, уа ханым?!
Теңіз бастан былғанса,
Тұндырар ұлыс – Жошы-дүр!
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы-дүр!».
Кетбұға жыры үзіндісінің бізге дейін жетуі оның ХІV-ХV ғ. жазба
тарихқа енуінің арқасында болса, ал ХІІІ ғ. өзінде қыпшақ тіліндегі ауыз
әдебиетінің үлгілерінің бізге дейін жетпегені қаншама!
ХІІІ ғасырдағы моңғолдар билігінің алғашқы кезеңінде қыпшақ тілінің
кең тарауымен бірге оның жазба әдебиетте де кең қолданыста болғандығын
сол тілде жазылған көптеген туындылар дәлелдейді. «Кодекс Куманикус»,
«Оғыз-наме», «Мухаббат-наме», «Хусрау және Шырын», «Жүсіп-Зылиха»,
«Гюлистан би-т-тюрки», «Қиссас-уль анбия» және тағы басқа қыпшақ
тілінде жазылған бұл туындылар – ХІІІ-ХІV ғ. Алтын Ордада қыпшақ
тілінің әдебиет пен мәдениеттің тілі болғандығын көрсетсе керек. Бұл
туындыларды негізінен сарай төңірегіндегі талантты ақындар жазған. Олар
мемлекеттік қызметтер атқарған немесе билеушілер жанында болып, өз
туындыларын екінің бірінде өз билеушілеріне арнаған не оларға сыйға тар-
тып отырған.
Қыпшақ тілінің сол дәуірде халықаралық деңгейге дейін өскендігіне
«Кодекс Куманикус» (ХІV ғ. басы) («Қыпшақ тілінің сөздігі») атты жинақ
дәлел бола алады. М.Г. Сафаргалиев бұл еңбекті «Италияда 1303 жылы
құрастырылған бұл Қыпшақ сөздігі (Половецкий словарь) Дешті Қыпшақта
сауда жасайтын итальяндық саудагерлерге көмекші ретінде қызмет етті», –
десе, Қазақстан тарихының авторлары «Бұл – арнаулы сөздік және кейбір
жағынан әр түрлі мақсаттармен Ордаға келген және латынша білетін
еуропалықтарға, сондай-ақ латынша білгісі келетін қыпшақтарға арналған
қыпшақ тілінің оқулығы», «Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиындық
көргендерге көмек көрсету мақсатын көздеген адам құрастырғанын көр-
сетеді». Сөздікте қыпшақ тілінің латын, парсы тілдерімен қатар қойылып,
әрбір сөздің осы үш тілдегі аудармасының қатар берілуі – қыпшақ тілінің
Алтын Орда империясында кең тараған тіл екендігін, империяның ресми
тілі болғандықтан, оның халықаралық маңызы да болғандығын дәлелдей
түседі.
Қыпшақ тілінің Алтын Ордадағы хан Ордасында да кең тарап, ресми
тілге айналғандығын мынадай дерек көрсетеді. Ибнабдеззахир 1263 жылы
Египеттен келген елшілерді Берке ханның қалайша қабылдағаны тура-
лы былай деп суреттеп жазады: «Ол (Берке) 100 адам (басқа нұсқаларда
500 адам) сиятын үлкен шатырда тұрды, шатырдың сырты ақ киіздермен
жабылған, ал іші қытайдың қымбат жібек маталарымен, түрлі-түсті асыл
тастармен көмкерілген. Ол тақта отырды, жанында үлкен әйелі болды және
50-60-тай әмірлер орындықта отыр. Елшілер кірген кезде ол өз уәзіріне
VIІ тарау. XIII-XV ғ. алғашқы жартысындағы этноүдерістер және Қазақ халқының ...
137
жолдауды оқытты, сосын оларды сол жақтан оң жаққа қарай ауыстырды...
Оның жанындағы бас қазы жолдауды аударып берді және ханға тізімді
берді, сұлтанның хаты (Беркенің) жанына тұрғандарға арнап түрікше оқыл-
ды, олар (татарлар) бұған қатты қуанды».
Алтын Орданың ресми құжаттарының бәрін қыпшақ тілінде (түрік
тілінде) жазу кең етек алады.
Алтын Ордадағы моңғолдық этноэлементтердің қыпшақтық этноортаға
сіңісуі барысындағы қыпшақ тілінің рөлін қарастыра келе, біз мынадай
қорытындыларға келеміз.
Біріншіден, қыпшақ тілі моңғолжаулап алушылыған дейін бүкіл Дешті
Қыпшақ тайпалары үшін өзара қатынас құралы ретінде қандай рөл атқарса,
Жошы ұлысындағы қыпшақтық және моңғолдық этнокомпоненттер ара-
сындағы қатынас құралы болып қала береді.
Екіншіден, жаулап алуға байланысты Моңғолия аумағынан Дешті
Қып шаққа келген түріктік және моңғолдық аз санды этникалық элемент-
тер азғантай уақыттың ішінде қыпшақ тіліне ауысады да, ол өз кезегінде
қыпшақтану процесін тездетеді. Қыпшақ тілі қарапайым адамдардан хан
Ордасындағы билеуші топ арасына дейін тез таралып, ХІІІ-ХІV ғ. ауыз
әдебиетінің үлгілері, жазба әдебиет ескерткіштері ресми құжаттар, тіпті
халықаралық сөздік осы тілде орындалады.
XIV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Ордада болған араб авторла-
ры ресми хандардың бәрін Қыпшақ хандары деп атайды. Мысал келтірсек,
Аддзехеби (1348-1349 ж. қ.б.) өзінің «Ислам тарихы» атты еңбегінде Берке
ханды «Қыпшақ және Судак даласының патшасы болған», ал Тоқта ханды
«Қыпшақ патшасы», – деп жазады. Ал-Омари Алтын Орданың билеушісін
«Қыпшақ патшалығының ханы», «Қыпшақ және Хорезм жерлерінің би леу шісі»,
Өзбек ханды «Қыпшақ мемлекетінің қазіргі билеушісі», – деп жазады. Ибн Ал
Форат «665 жылы (1266 ж. 2 қазан – 1267 ж. 21 қыркүйек) (Тоған) патшаның
ұлы Менгутемір қыпшақ патшалығының тағына отырды», – деп атап өтеді.
Бұл деректерде Алтын Орда, Жошы ұлысы атауы мүлде қолданылмайды,
керісінше, бір ғана термин – Қыпшақ мемлекеті және Қыпшақ ханы де-
ген атау айтылып тұр. Сондай-ақ мәліметті берушілердің бәрі дерлік өз
еңбектерінде ХІІІ ғасырдағы тарихи жағдайларды сипаттап қана қоймай,
өздері Алтын Ордаға келген кездегі көргендерін де айтып өтеді. Оған «қа -
зіргі кездегі Қыпшақ мемлекетінің билеушісі Өзбек хан» деген дерек дәлел.
Деректің мәліметтеріндегі тарихи оқиғалар ХІІІ ғасыр мен ХІV ғасырдың
бірінші жартысындағы кезеңге сәйкес келеді. Олай болса, ХІV ғасырдың
басында-ақ Дешті Қыпшақтағы моңғолдық этникалық элементтер толы-
ғымен және түпкілікті түрде қыпшақтанып болған. Осыны үрдісті ал-
Омаридың мынадай дерегінен көруге болады: «Ежелде бұл мемлекет қып-
шақтар елі болатын, бірақ оларды татарлар басып алған соң, қыпшақтар
оларға бағынышты болды. Бұдан кейін олар (татарлар) (қыпшақтармен)
араласып, туыстасты және жер олардың (татарлардың) табиғи және нәсілдік
белгілерінен үстем түсті; моңғолдар (және татарлар) қыпшақтар жеріне
қоныстанғандықтан, олармен некеге тұрып, олардың (қыпшақтардың) же-
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
138
рінде өмір сүріп қал ғандықтан, өздері де олармен бір рудан шыққандай,
тура қыпшақ болып кетті». Қорыта айтқанда, моңғолдардың қыпшақтануы
ХІV ғасырдың басында-ақ аяқталған деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |