Кудабаева перизат асанбаевна


Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық



жүктеу 2,94 Mb.
Pdf просмотр
бет25/80
Дата09.06.2022
өлшемі2,94 Mb.
#38893
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
Kudabayeva disser

 
1.4 Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастырудың 
қҧрылымдық-
мазмҧндық моделі 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан 
халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӛсім, реформалар, даму» 
атты жолдауында бҥгінгі жастарға: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді 
болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жҧмыс пен сҧраныс бар ӛңірге батыл 
барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. 
Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның кҥні туған 
заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника 
меңгерген адам бҥгінгі кҥні озады», - деп атап кеткен [187].
Расында да, қазіргі таңда талмай ғылым іздеген адамның алдында ҥлкен 
мҥмкіндіктер тҧрғанын айтып ӛтуге болады. Ғылым жолында шет 
мемлекеттерге барып тәжірибе алмасу мақсатында оқып жҥрген жастардың 
алдында ҥлкен мақсат пен мҥмкіндіктер тҧр. Шет тілін меңгерген жастардың, 
соның ішінде ағылшын тілін меңгеру - бҥгінгі кҥннің талабы екені және ол 
қҧзыретті жастардың болашағы жарқын екені айтпаса да бәрімізге аян. 
Маман дайындау мен тәлім сапасын жақсартудың негізгі талаптары 
ретінде еуропалық ғылыми-педагогикалық қауымдастық тарапынан оқытудың 
қҧзыреттілік бағыты алға тартылған, «қҧзыреттілік» ҧғымы да 2010 жылға 


74 
дейінгі кезеңде қазақстандық оқыту ҥдерісін модернизациялау тҧжырымына 
енгізілген болатын. Осыған орай жоғары мектеп бҧл бағытты іске асыру мен 
тҥлектердің оқу-ҥйренімі аяқталғаннан соңғы жалпы да арнайы қҧзыреттілігін 
ӛрнектеуге байланысты маңызды міндеттердің шешімін табуы қажет. 
Зерттеу тақырыбына байланысты болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыру моделін 
анықтау бірқатар ҧғымдардың мәнін айқындауды талап етеді. Олардың 
қатарында, «қалыптастыру», «қалыптасу», «модель» ҧғымдары бар. 
Педагогикада «қалыптастыру» ҧғымы педагогикалық ӛзара байланыстағы 
«оқыту – білім беру – тәрбиелеу – шығармашылық іс-әрекет – даму – 
қалыптасу» категорияларының негізінде ашып кӛрсетіледі. «Қалыптасу» – 
адамды қоршаған экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, 
психологиялық және т.б. барлық факторлардың тҥгелдей ықпал-әсер етуімен 
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде ӛсіп, жетілу ҥдерісі. Қалыптасу адамның тҧлға 
ретінде кемелденуі, байыпты парасат деңгейіне жетуі болып табылады [188].
Сонымен «қалыптастыру» ҧғымы сыртқы факторлар арқылы ішкі сапалық 
қасиеттерді орнықтыруда кӛрініс табатындығымен сипатталады. Ал 
«қалыптасу» болса, негізінен ішкі факторлар арқылы жҥзеге асырылады және 
іс-әрекет нәтижесімен анықталады. Педагогикалық ҥдеріске, оның ішінде 
педагог пен білім алушыға қатысты қалыптастыру мен қалыптасу ҧғымдары 
мен оның аясындағы іс-әрекеттердің ӛзара байланысы мен ықпалының бар 
екендігін кӛруге болады.
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыру оқу-тәрбие ҥдерісіндегі білімді меңгеру мен 
іскерлікті (психомоторлы дағдыларды) және жеке тҧлғалық сапаларды 
қалыптастыру ҥдерісінен тыс жҥзеге асырылмайды және оқыту мен оқу 
ҥдерісінде орындалады.
Жоғарыдағы баяндаулардан қалыптастыру меңгертумен, қалыптасу 
меңгеру іс-әрекеттерімен байланыстылығын кӛреміз. Меңгеру дегеніміз – 
жинақталған әлеуметтік тәжірибенің тҧлғаның жеке басының игілігіне айналуы 
және сол арқылы тҧлғаның жеке басының қасиетіне айналуы [189], білімді 
ӛзіндік ету дегеніміз – тҥсіну, есте сақтау және қолдана білу, яғни, бҧрынырақ 
тҥсінгенді және есте сақтағанды тәжірибеде пайдалану мҥмкіндігі. 
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыру – бҧл болашақ ағылшын тілі мҧғалімдеріне 
қойылатын коммуникативтік талаптарды анықтау, олардың болашақ кәсіби іс-
әрекеттерін болжау мен дамытудың мҥмкіндігі ғана емес, жоғары оқу орны 
жағдайында болашақ мамандарды отандық жоғары білім беру жҥйесін 
реформалаудың жаңа шарттарында, жаңа инновациялық технологияларды 
ендіру жағдайында кәсіби даярлауды ықпалды жоспарлаудың негізгі элементі. 
Жасақталған модель оқу-тәрбие ҥдерісін жоспарлаудың және жоғары оқу 
орнының ғылыми-зерттеу ҥдерістерінің нәтижелілігін жоғарылатудың, 
бітірушілерді жҧмыспен қамтамасыз етудің әдіснамалық негізі болуы тиіс. 
Пcиxoлoгиялық cӛздiктe «Мoдeль» - oқу әpeкeтiн мoдeльдeу дeгeн ҧғымды 
бiлдipeдi. Oқу әpeкeтiн мoдeльдeу eкi acпeктiдeн тҧpaды: 

жүктеу 2,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау