Минарет –
мінажат етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынатын биік мұнара.
Миршикар –
ханның аң аулау ісін басқарушы.
Миссионерлер
– халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар.
Мистика –
табиғаттан тыс таңғажайып күштің бар екендігіне сену.
Мобилизация
– 1) мемлекеттің қарула күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының немесе
қарулы күштері бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға шақыру.
Монархия –
жоғарғы өкімет билігі жеке-дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі,
сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет.
Молда
(араб. Лула – билеуші, қожайын) – исламдағы Құдайға табыну қызметшісі.
Мораторий
(лат. moratorium – кейінгі қалдыру, соза тұру) – мемлекеттің өз іс-әрекетінің халықаралық
міндеттермселерінің, шарттарының орындалуын тоқтата тұруы.
Мөр –
қағазға басу үшін жұмсақ материалға (балшық, балауыз т.б.) ойылып түсірілген суретті таңба.
МТС –
машина-трактор станциясы
Музари немесе барзигар
– шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық.
Мұз дәуірі –
б.з.б. 100-13 мыңжылдықта орта палеолит пен мезолит аралаығында жер бетін ұзақ уақыт мұз
басқан кезең.
Мұфти –
мұсылман дініндегі жоғары лауазымды тұлға
Мыңбасы
– ертедегі монғол, түрік әскерлеріндегі бір мың жауынгер басшысының атауы.
Мысал –
тәрбиелік мәні бар қысқа өлең, әңгіме.
Міндеткерліктер
– жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрлері.
Награда –
марапат, ұзақ және адал еңбегі үшін берілетін марапат.
Найза –
жебесі асыл темірден жасалатын қару. Мықты ағашқа сапталып, басына жылқы қылынан шашақ
таралған. Батырлардың бес қаруының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |