23
2 Қолданылатын программалық қамтама
2.1 Autodesk 3ds mах программасы және оның даму тарихы
Autodesk
3ds
max
– 3D модельдеуге, анимациялауға және
визуализациялауға арналған программа болып табылады. Оны дүние жүзі
бойынша мыңдаған дизайнерлер, аниматорлар және архитекторлар үш өлшемді
ойындарды, Web-бетінің тамаша үш өлшемді графикалық элементтері,
архитектуралық жобаларды және анимациялық видеороликті жасау үшін осы
программа қолданылады.
Autodesk 3 ds max 2017 визуалды эффектілер мен дизайн, арнайы түрлі
ойындар аумағында 3D модельдеуді, анимациялауды және рендерингтің
интегрирленген шешімінің арнайы кешенін ұсынады. Оның ерекшеліктері:
–
Autodesk 3ds max анимация моделі мен құрылуы Autodesk® FBX®
файлында экспорт және Unreal® Editor импорт жасай алады. Autodesk 3ds max
Design 2017 программасы түрлі визуализациялауда, конструкциялауда,
архитектура мен құрылыс салаларында 3D модельдеуі мен анимациялауда
өзіндік кешенді ұсынуы;
–
3D Studio Max Design – табиғи жарықтандыру мен жарықты түсірудің
эффектілі есебі мен талдауы үшін негізгі құралдарың бірі бола алады. Бұдан
басқа нақты уақытта экран бетіне тікелей жарықтандыруды үйренуге
болатындығы;
–
3D модельдеу мен текстурдың қосылуына эффектілі әрі жылдам
жұмыс жасау үшін кеңейтілген құрал-жабдықтардың жиынтығы;
–
бейнелерді
анимациялау
мен
өңдеуде
құрылымды
құрал-
жабдықтардың жиынтығы анимация мен кеңейтілген жүйені ұсынуы;
–
ағындағы өндірісте 3ds max C++ пен .NET өңдеулерінің арқасында
қосымша кеңейтілген өндірістік үрдістерді қолдауы;
–
3D Studio Max scan line мен mental ray® модулінің желілік бірнеше
құрылымды рендерингі арқылы суретшіліер стабильді әрі шынайы түрде
жұмыс істей алуы;
–
жоғары сапалы визуализация ретінде толық тексерілген технология
дизайнерлер мен мамандарға визуализацияның бейнелі киноматографиялық
сапасын құрауы және келесілерге жетудің мүмкіндіктерін беруі: полигональді
модельдеу үшін жіберілетін құрал-жабдық жиынтығы; бейне мен эффект
құруда анимация ортасын тұрғызуы; mental ray көмегімен желілік рендерингтің
шексіздігі [8].
Autodesk Kinetix тобына 1993 жылы 3D Studio программасы қорында
жаңа программа құрастыруды тапсырды, ол Windows-ты қолдау қажет және
графикалық интерфейсі, сонымен қатар үлкен көлемдегі жаңа қосымшалары
болуы керек. Сөйтіп, 1995 жылы Autodesk 3D Studio Max 1.0 нұсқасы шығады.
Оның бәріне ұнаған себебі, ішіне С++ орнатылған еді, яғни әркім өз қалауынша
қосымша модуль (плагин) жаза алатын болды. Ең бірінші плагин – Character
Studio. Ол бейнелердің сүйектік анимациялары үшін арналған. Сол уақыттың
24
өзінде программаны құрастырушылар бұрынғы модельдеу мен анимациялау
«құбыжықтарымен» (Alias Pawer Animator және Avid Softimage) бәсекелес
болатыны жайлы пікірлер айтты.
Біраз уақыттан соң, яғни 1998 жылы пакеттің келесі нұсқасы өмірге
келеді. 3D Studio Max 2.5 нұсқасында мөлдір және айналық беттерді тордық
модель құралдарына қосымша ретінде сәулелер арқылы жасау пайда болды.
Сол сәттен бастап программа ойын құрастырушыларды өзіне тарта бастады.
Ал, 1999 жылы пакеттің үшінші нұсқасы Autodesk 3D Studio Max 3.1
шықты. Бөлшектік жүйелерде табиғи қозғалыстарды жасауға арналған
бөлімдері пайда болды, визуализатор қайта орнатылды, бұл басқа да қосымша
визуализаторларды (ең танымалдары – mental ray, vray, final render, brazil, render
man) қосуға мүмкіндік берді. Керемет эффектілерді жасау – жарық көлеңкелері,
тік емес жарықтандыру, сәулелерді бағыттау мүмкіндіктері одан әрі жақсара
түсті. 100% нақты көріністерді жасау мүмкін болды. Енді бұл программа
дизайнерлер мен архитекторларды да қызықтыра түсті. Ары қарай Autodesk
программаны өңдеуге discreet ішкі бөліміне тапсырады. Осы оқиғаға
байланысты пакеттің келесі нұсқалары 3ds max деп аталады [9].
2001 жылы 3ds max 4 нұсқасы шығады. Бұл нұсқада көптеген өзгерістер
пайда болды. Бір нұсқасына сәйкес келетін плагиндер екінші нұсқасына сәйкес
келмеді. Сондықтан қосымшалардың жаңа нұсқалары пайда болды.
Дискритовтер интерфейсті жақсартты, қасиеттерін (салмақ, жұмсақтық және
т.б.) бере отырып қатты және жұмсақ денелердің анимациясын оқуға мүмкіндік
беретін reactor модулін қосты. Charakter studio заттардың үлкен тобын басқару
кәдімгідей ыңғайлы болды. Осыдан бастап 3ds max анимациялық және
ойындық фильмдер құрастырушыларының қызығушылығына ие болды.
Программаның бесінші нұсқасы 2002 жылы пайда болады.
Жарықтандыру тікелей 3ds max ортасында есептелді және нәтижесі вьюпортта
көрінді. Бөлінулердің жаңа беттері, трансформация контейнерлері, объектіде
сурет салу және тағы да басқалары сол кездегі ең атақты программа Alias|
Wavefront Maya жақындатты. 2003 жыл пакеттің алтыншы нұсқасының жылы
болды. Кәсіптік қолданушыға арналған жаңа өзгертулер енгізілді. Желідегі
визуализация метасұйықтықты жасау алгоритмі 3ds max ортасына орнатылды.
2004 жылы 3ds max 7 нұсқасы жарыққа шықты. Жаңа нұсқаға жаңа
құрылғылар қосылады, атап айтсақ, бейнелерді, анимацияларды құрастыру
үшін төртінші нұсқаға дейін character studio орнатылған модулі жаңартылады.
Жазықтықты тегістеуге арналған Skin шейдері, жаңа EditPoly және SkinMorph
модификаторлары пайда болады. 3ds max 7 нұсқасында mental ray 3.3
интегралданған визуализаторының жаңартылған нұсқасы қосылған [10].
Программаның 3ds mаx 8 нұсқасы 2005 жылы қолданысқа енді. Оның ең
негізгі жаңалығы – шаш және мақта жасауға арналған плагин. Шашты
сплайндармен сызып, қысқа уақыт ішінде жақсы шаш үлгісін жасап шығаруға
болады.
Уақытты үнемдейтін анимация мен мэпингтің жаңа функциялары
енгізілген, визуализацияның алдыңғы қатарлы технологиялары орындалған
25
нұсқасы – 3ds max 9 болып табылады. 3ds max-тың Maya облысында
қолданылатын сияқты басқа программалық өнімдермен байланысы жақсарды.
Визуализацияның жаңа технологиялары ішінде Reveal құрылғылар жинағын
атап көрсетуге болады. Ол рендерингтің итерациялық дайындығы мен тез
орындалуын, нақты беттерге имитация жасауға мүмкіндік беретін ProMaterials
материалдар кітапханасын қамтамасыз етеді. Тірі объектілерді модельдеудің
жаңа үрдісі жобаға адам мен жануарлардың көрінісін тез әрі эффективті
орнатуға мүмкіндік береді. Hands Like feet функциясын және тағы басқа
көптеген жаңа, жаңартылған үрдістерін қолдану бейнелер мен мэпинг
анимациялары үшін потенциалды еңбек үрдістерін рационалдайды. Жаңа
нұсқада OBJ және FBX-тегі импорт пен экспорт бар. Бұл 3ds max-тың Mudbox,
Maya, MotionBuilder және шеттегі қосымшалар даярлайтындармен байланыс
дәрежесі әлдеқайда жақсартылады.
Үш өлшемді графика программада 3ds max программасы – редакторлары
тізімінде алдыңғы қатардағы орынды алуға толық құқығы бар. Ол әмбебап
редактор болып табылады. Яғни бұл оның ішінде шығармашылыққа ешқандай
шектеулер болмайтынын білдіреді. Шынымен-ақ, кәсіптік қолданушы
шығармашылығы программамен жұмыс жасау кезінде шектелмейді. Онда
интерьерлерді орындау, сыртқы жарнама, анимациялық фрагменттер,
видеороликтер, экстерьерлер және т.б. орындауға мүмкіндік береді. 3ds max
компьютерлік ойындар моделдерін құрастыруда кеңінен қолданылады.
3D модельді жасау қызықты үрдіс өзіңнің қиялыңды, қағазға түсірілген
арманыңды жасауға болады. Үлкен модельді құрастыру алдында үлкен
дайындық қажет. Дайындыққа мыналар кіреді: құрылымын толық анықтау,
материалдар мен текстураларды дайындау, сонымен қатар мүмкін объектінің
өлшемін нақтылау керек. 3D модельді жасаудың бірнеше әдістері бар. Оның
әрқайсысы уникальді және білімді талап етеді. Сонымен қатар, ол сол
модельдеу үрдісі жүретін программаға да байланысты. Ереже бойынша әр түрлі
программалық кешендерде модельдерді құрастыруға арналған ұқсас әдістері
бар, ал өзгешелік модельдеу құрылғыларын қолдану ыңғайлылығына
байланысты сезіледі [11].
Программадағы ең оңай әдіс – бұл примитивтерді жасау. Әдіс қарапайым
және 3D модельдеуде терең білімді қажет етпейді. Ол жеңіл, әрі тез
қабылданады және үлкен жылдамдықты модельдеуде нәтижесі жаман емес.
Себебі примитивтер әр түрлілікке бай емес, сондықтан объектілер мынадай
формалардан: шаршы, параллелепипед, шар, цилиндр, пирамида және т.б.
тұрады.
Сонымен қатар, жақсартылған примитивтер де бар, оларды қолдану
модельденетін 3D объекттің нақты формасын беруге мүмкіндік береді.
Примитивтерден 3D объект құрастырғаннан кейін оны полигондардан тұратын
арнайы торларға өзгертуге болады. Ал әрбір полигонның бұрыштық
нүктелерінің орналасуын өзгерте отырып, нақты объектінің нақты әрі шын
формасын формасын алуға болады. Көлемді модельді құрастыру үшін полигон
төбелерінің орналасуларын өзгерту қиын әрі көп еңбектенуді қажет ететін әдіс
26
және 3D модельдеудің осы немесе басқа да программаларын жақсы меңгерген
адамдарға арналған. Алайда, осы әдіспен жасалған объект қиынырақ және әр
бөлігі жақсы қарастырылады.
Autodesk 3ds max үш өлшемді графика редакторының күшті редакторы
әрқашан көріністермен жұмыс жасаудың оңай болуымен ерекшеленеді, оның
ішінде үлкен көлемді полигондары бар объектілерден тұрады. Барлық қосымша
қосылған модульдер (plug-ins) қосылған. Direct3D айналу драйверін қолдану
кезінде көп полигонды модельдерді орналастыру және өңдеу проекция
терезелерінде OpenGL қолдануға қарағанда жылдамырақ. Бірақ кейбір
видеокарта режимдері түрлерімен Direct3D режимі 3ds max бұрынғыдай дұрыс
жұмыс жасамайды. Модельдеудің ең қарапайым әдістерінің бірі объектілерге
параметрлі модификаторларды қолдану. Модификатор
дегеніміз 3ds max
кешеніңің арнайы операциясы, оны объектіге қолданады. Сплайн дегеніміз
жазық фигуралар, олар үш өлшемді объектіні дайындау үшін қолданылады.
Бұл программа Autodesk компаниясының 3D программаларының ең
танымалы болып, видео ойындар, модельдер жасау индустриясында басым
түседі. Қолданылатын облыстары:
архитектуралық жобалау мен интерьерлік конструктрлеу;
теледидар үшін жарнамалық және ғылыми танымал роликтер
дайындау;
компьютерлік мультипликация және фантастикалық сюжетті
фильмдер түсіру;
компьютерлік ойындар мен кітаптар үшін иллюстрация дайындау;
көркем компьютерлік графика, Web-дизайн;
кеңістіктегі бейненің дамуы;
арнаулы эффектілер.
3ds max ыңғайлы модельдеу, анимация және рендерингті бір ғана
флаконда ұсынады, дегенмен жүйе қуатының көп бөлігі плагиндер мен
қосымшаларға кетеді. 3D модельдеу және анимация технологиясында келесі
бөлімдер болуы тиіс:
базалық және жетілдірілген модельдеу;
базалық және бейнені анимациялау;
интерактивті 3D графика және виртуалды шындық.
Үш өлшемді кеңістіктегі технология архитектуралық визуалдауда,
автомобиль жарнамалары мен компьютерлік ойындар жасауда қолданылады.
Үш өлшемді компьютерлік графика – өте кең сала, ол машина жасауда,
архитектурада, құрылыста, медицинада, археологияда, тренажерлар құруда,
кино мен теледидарда қолданыс тапқан. Адамдар үш өлшемді әлемде өмір
сүретіндіктен, олардың үш өлшемді модельдер жасауы табиғи нәрсе.
Техниканы жетілістіру және 3D модельдермен жұмысты қарапайымдастыру
арқылы үш өлшемді графика үйреншікті жазық бейнелерді ығыстыра отырып,
өмірдің ажырамас бір бөлігіне айналары сөзсіз.
27
Autodesk 3ds max программасының мүмкіндіктерін әр түрлі салаларда
қолдана отырып, онымен айналысушылар статикалық жарнама және
динамикалық қоюлардан бастап, апаттар мен үш өлшемді анимацияларға дейін
жасады. Мысалы, ғимарат құрылысын ұжымдық жоспарлау, оның барлық
қатысушылары – жоспары бойынша мамандар, жобалаушылар, инвесторлар,
үкімет өкілдері және басқа қызығушылар оны нақты іске асыруға дейін
ландшафтқа әсерін бағалайтын құрылыс жобаларын талдаудың жаңа әдістерін
табуға ұмтылады [12].
Жобалық циклды басқаратын шешімдер жобаның орындалуына
қызығушы барлық тұлғаларға оған оның кез келген сатысында қосылуына және
олардың компетенциялары шегінде жобалық мәліметтер қосуға мүмкіндік
береді. Осылардың бәрінің негізі мәліметтердің сандық кеңейтілуі болып
табылады. Программалық өнімнің өзінің көзқарасы тарапынан ғимаратты
модельдеу, DVD-роликті қалыптастыру немесе интерьер жоспарын дайындау
орындалатынына бұл жерде үлкен ерекшелік жоқ.
Қолданылатын программалар күрделі графика мен арнаулы эффектілерді
қолдана отырып, интерьерлер дизайнын құрады және визуалдайды. Сондықтан
бұл үшін аппараттық құралдар қуатты болуы тиіс. Kinetix ішкі бөлімі бұл
программалық өнімді кәсіби қолданушыларға арнап құрды, дегенмен бұл
өнімге ие бола алатын кез келген қызығушы өз арманын программаның кейбір
сырларын үйрене отырып шындыққа айналдыруға болады. 3ds max
программасында пакеттің функционалдығын арттыратын орнатылатын
құрылымдар, басқаша айтқанда плагиндер жиыны бар.
Архитектуралық жобалау, media өндіріс және game индустрия бойынша
сенімді және функционалды шешімдер ұсынатын 3D компьютерлік
модельдеуге қызығушылықтың артуына байланысты бұл өнім экономиканың
құрылыс, жобалау, интерьерлер мен экстерьерлер, ландшафт дизайны сияқты
салаларында тиімділікке ие.
Достарыңызбен бөлісу: |