Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет307/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   361
file20200121044531 (1)

 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Аңдатпа 
Мақалада студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру мәселесі сөз болады. Кредиттік оқу жүйесінде өздік 
жұмыс ерекше рөл атқарады. Студент түрлі қалыптағы өздік жұмыстарды орындай отырып, кәсіби білімін, 
танымдық қабілетін жетілдіруге мүмкіндік алады. Сонымен бірге өздік жұмыс білім алушының 
шығармашылық қабілетін арттыруға да ықпал етеді. Өздік жұмыс студенттің кәсіби біліктілігін арттыруға 
көмектеседі. Студент сабақ үрдісінде түрлі СӨЖ тапсырмаларын орындау арқылы өзінің теориялық және 
кәсіби білімін дамытады. Өздік жұмыс студенттің кәсіби даярлығын арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан 
студенттің кәсіби даярлығын арттырудың міндеттерінің бірі студентке өздік жұмыста пайдалана алатындай 
тиянықты білім беру болып табылады. Оқытушы студентке ұсынылатын өздік жұмыс тапсырмаларын пән 
силлабусында анықтап көрсетіп, олардың әрқайсына қойылатын талаптар мен бағалау критерийлерін беруі тиіс. 
Сонда ғана СӨЖ тапсырмасы нәтижелі болады. СӨЖ тапсырмаларын шартты түрде репродуктивті және 
реконструктивті жұмыстар деп бөліп алуға болады.
Түйін сөздер:
өздік жұмыс, кәсіби білім, кәсіби біліктілік, реферат, бағалау критерийлері 
 
Сапалы білім беру мен студентті жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби дағдысына, 
біліміне, мәдениетіне, балалармен қарым-қатынас орната білу қабілетіне, оқу үрдісін дұрыс та 
ұтымды ұйымдастыруына және т.б. байланысты. Кәсіби біліктіліктің тек педагогтің ғана емес, кез 
келген адамның өмірінде алатын рөлі айрықша. Кез келген салада кәсіби біліктілікті жетілдіруге 
көңіл бөлген жөн. Қазіргі таңда әр адамның жауапкершілігіне, ұйымдастыру қабілетіне, коммуника-
бельдігіне, нарықта өзін көрсете білуіне, жеке тұлғалық қасиетіне мән беріліп, басты назарға алынып 
отыр. Кез-келген мемлекеттің үдемелі дамуының қозғаушы күші − мұғалім. Сондықтан бүгінгі күні 
ғылым мен білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндет − білікті, 
шығармашыл, кәсіпқой мұғалімдерді даярлау [1, 177]. Кәсіби-педагогикалық даярлық белгілі бір 
мақсатты ұстанып, жалпы ұстанымдарды негізге алады. Ол интегративті бүтіндікті құрайды. Жоғары 
оқу орнындағы оқытушының білім беру жүйесіндегі ең маңызды міндеттерінің бірі оның әдістемелік 
даярлығы болып табылады. Болашақ маманның кәсіби-педагогикалық даярлығы көп уақытқа дейін, 
жоғарғы педагогикалық мектепте өзіндік сипаттамаларға ие болған жоқ. Ол мұғалімнің сабағындағы 
қорытындылаушы сатының маңызды үлгісі ғана болды. Кәсіби-педагогикалық даярлау – қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының қажеттілігіне байланысты өзгеріп отыратын үдеріс. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби даярлығы лингвистика, психология, педагогика, 
әдістеме және т.б. пәндермен тығыз байланысты.
Ғалым-әдіскерлер кәсіби-педагогикалық дағдыға оқытушының кәсіби құзіреттілігін; алған білімін 
әдістеме, педагогика, психология, лингвистикада қолдана білу шеберлігін; қазақ тілі сабағын және 
оқу үдерісін ұйымдастыру межесі мен ережесін сақтауын; педагогикалық тактінің, педагогикалық 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
278
техника мен шеберліктің пайда болуын; педагогикалық сауаттылық пен білімділікті жатқызады. 
Студенттің кәсіби дағдысы оның міндетті пәндерді игеру дәрежесінен де байқалады. Міндетті пәндер 
студенттің кәсіби-педагогикалық даярлығын жетілдіруде айрықша орын алады. З.Бейсембаева 
әдістеме пәнінің мақсаты «студентті болашақ мамандығына бейімдеу, мектеп зертханасына енгізу, 
қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға негіз болатын 
теориялық және практикалық мағлұматтар беру» екенін айта келіп, студенттің «кәсіби-әдістемелік 
дайындығы пәннен берілетін теориялық материалдың көлеміне, мазмұнына, оны игертудің 
амалдарына, оқытудың әдістеріне, әдістемелік біліміне, мектепте қазақ тілін оқыту үрдісі туралы 
толық мағлұматына» байланысты болатынын атап көрсетеді [2]. 
Қазіргі ғылымда адамды «тіл – мәдениет – ойлау» үштағанының айналасында қарастыру туралы 
зерттеулер көп. Адамның іс-әрекетін, интелектісін бұлай бағалау мұғалімнің кәсіби қабілетін дамыту 
мен жетілдіруге басқаша тұрғыдан қарауды қажет етеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі мен білік-
тілігін анықтау туралы мәселе педагог, психолог, философ, физилогтардың және т.б. арасында пікір 
қайшылықтары мен жаңа ойлар тудырды. Тұлғаның кәсіби үдерісі көп жағдайда оның біліктілігімен, 
кәсіптік құзіреттілігімен байланыста қарастырыла бастады. В.А. Адольф, Н.В. Кузьмина,
А.К. Маркова, Э.Ф. Зеер, В.А. Сластенин [3], Т.Ф. Лошакова [4] және т.б. ғалым-әдіскерлер педа-
гогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігі туралы мәселеге көп қызы-
ғушылық пайда болғанын айтса, Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды 
философтар кәсіби біліктілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырды. 
Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көз-
қарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін 
дәлелдеді. Д.Л. Томпсон, Д.Пристли кәсіби біліктілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары 
моральдық нормалар мен педагогтік кодекстің нәтижесі ретінде анықтады. 
Әлеуметтанушылар кәсіби біліктілікті адамның кәсіби борышы, парызы түрінде айқындайды. 
Олар адамның әлеуметтік статусы білімі мен мамандығы және өмір сүру деңгейінің бірлігі арқасында 
қалыптасатынынын дәйектейді. И.Н. Шпильриен, С.Г. Геллерштейн, Е.А. Климов және т.б. 
психологтар біліктілікті дара қабілет деп есептеп, оны күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі 
мәселелерді шешуге көмектесетін іскерлік, қабілет деп таниды.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар студенттен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді 
талап етеді. Қазіргі білім беру жүйесі өткен тарихымызды сақтайтын, қоғам мен мемлекетті дамыту 
мен жаңартуға өзіндік үлес қосатын, өзін-өзі үнемі дамытып, жетілдіріп отыратын маман талап етіп 
отырғандықтан, студенттің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мен дамытуға ерекше мән беріліп отыр. 
Осымен байланысты олардың кәсіби біліктілігін дамыту үшін төмендігідей жұмыстарды жолға 
қойған дұрыс болар еді:

зерттеушілік жұмысты жандандыру; 

педагогикалық инновацияларды меңгеру; 

мұғалімге әр түрлі формада педагогикалық көмек көрсету;

педагогикалық жарыстарды жүйелі ұйымдастыру; 

педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасу және т.б.
Студенттің кәсіби біліктілігі мен кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге, қалыптастыруға көмектесетін – 
студенттің өз бетімен істейтін өздік жұмыстары. Өздік жұмыс студенттің шығармашылық қабілетін 
шыңдаумен бірге, іскерлік, ізденушілік қасиетін де қалыптастыруға көмектеседі. Өздік жұмыс пәнді 
меңгертумен бірге, студентті ғылыми, кәсіби іскерлікке үйретеді. Жауапкершілікті сезіне білуге 
жетелейді. Өздігінен, дербес жұмыс істеуге баулиды. Өздік жұмыс білікті де білгір маман 
дайындаудың бір жолы болып табылады. Өздік жұмыстың студенттердің өз бетінше білімін 
толықтыруда алатын орнының айрықша екендігін С.И. Архангельский, С.И. Зиновьев, Р.А. Низамов, 
Н.Д. Никандров, С.Г. Тәжібаева, Ж.Е. Сәрсекеева, В.А. Сластенин, Х.Сүлейменов және т.б. ғалымдар 
өз еңбектерінде сөз еткені мәлім. Олар өздік жұмысты оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы 
ретінде көрсетеді. Яғни өздік жұмыс оқу пәнін тереңдете игертудің, студенттің ойлау әрекетін 
дамытудың негізгі құралы болып саналады.
Жоғары оқу орнында өздік жұмыс – студенттің өз белсенділігін көрсете алатын іс-әрекеті. Оның 
ұйымдастырылуына қарай студенттің кәсіби дайындығының нәтижесі көрінеді. Студенттің өздік 
жұмысы танымдық әрекеттің құралы ретінде тек педагогикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар 
гносеологиялық, яғни, ішкі мазмұны жағынан студенттің алдына қойған мақсатына жету тәсілі болып 
табылатын оқу және ғылыми танымның ерекше бір формасы ретінде саналады [2]. СӨЖ жеке, 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау