19.3 «СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ ІШІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БІР
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН ЕКІНШІСІНЕ АУЫСУ ТӘРТІБІ
19.3.1. Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру
ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады. Ауысу ережесі келесідей болады:
1)
білім алушы «Сырдария» университетінің ректоры атына ауысу туралы
өтініш жазады, білім алушының өтінішіне бухгалтерия, факультет деканы, оқу
әдістемелік басқарма басшысы, тіркеу офисі басшысы, оқу және оқу-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі проректор қол қояды;
2)
тіркеу офисі (шығарушы кафедра меңгерушісімен бірлесіп) білім
алушының өтініші негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын
айқындайды және меңгерілген прериквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді,
білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді. Білім
алушының жеке оқу жоспарын тіркеу офисінің келісімімен, факультет деканы
бекітеді;
3)
оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
,
тіркеу офисі,
оқу әдістемелік басқарма басшысы, факультет деканы, бухгалтерия қойған
бұрыштамаларға сәйкес университет ректоры білім алушыны ауыстыру туралы
бұйрық шығарады.
19.4 «СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ ІШІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ
КУРСТАН КУРСҚА КӨШІРУ ТӘРТІБІ
19.4.1 Білім алушыларды курстан курсқа көшіру оқу жылының
қорытындылары бойынша, жазғы семестр нәтижелерін және алынған орташа
үлгерімін балдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 149-беті
19.4.2 Білім алушының университетте белгіленген ауысу балынан төмен емес
үлгерімнің орташа балына қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа көшірудің
міндетті шарты болып табылады.
Күндізгі және кешкі оқу түріндегі білім алушыларды курстан курсқа
ауыстыру үшін орташа балы төмендегідей:
Курстан курсқа көшу
Күндізгі оқу түрі
Кешкі оқу түрі
1курстан 2 курсқа көшу
GPA балл-1,5
GPA балл-1,3
2курстан 3 курсқа көшу
GPA балл-1,8
GPA балл-1,5
3курстан 4 курсқа көшу
GPA балл-2,0
GPA балл-1,7
4 курстан 5 курсқа көшу
GPA балл-2,33
GPA балл-1,9
Күндізгі қысқартылған оқу түрі бойынша білім алушы білім алушыларды
курстан-курсқа ауыстыру үшін орташа үлгерім GPA балы төменгідей:
-
1 курстан 2 курсқа көшу үшін GPA балл-1,8
-
2 курстан 3 курсқа көшу үшін GPA балл-2,0
Сырттай қысқартылған оқу түрі бойынша білім алушыларды курстан-курсқа
көшіру үшін орташа үлгерім GPA балы төмендегідей:
-
1 курстан 2 курсқа көшу үшін GPA балл-1,8
-
2 курстан 3 курсқа көшу үшін GPA балл-2,2
-
Сырттай жеделдетілген оқу түрі бойынша білім алушыларды курстан-курсқа
ауыстыру үшін орташа үлгерім GPA балы төмендегідей:
-
1 курстан 2 курсқа көшу үшін GPA-2,0
-
Магистранттардың 1 курстан 2 курсқа көшу үшін минималды орташа үлгерім
балы (GPA) 2,33.
19.4.3 Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру университет ректорының
бұйрығымен рәсімделеді.
19.4.4 Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және келесі курсқа
ауыстырылған білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша білім алушылар академиялық қарызы бар болған жағдайда білім беру
грантын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.
19.4.5 Оқу жылының қорытындылары бойынша жазғы семестр нәтижелерін
есепке ала отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта
оқуға қалдырылады. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын
қабылданған жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады. Сондай-ақ оқу курсына
қайта қалдырылған білім алушыларды оқу жоспарларындағы F деген баға алған
пәндерге міндетті түрде қайта тіркеліп, оқу сабақтарының барлық түріне қатысып,
ағымдағы бақылаудың барлық түрін және қорытынды бақылауды тапсырады, ал оқу
ақысын игерілген кредит бойынша төлейді.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 150-беті
19.4.6 Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша оқитын білім алушы әрі қарай оқу кезеңінде білім беру грантынан
айырылады. Оқуын ақылы негізде жалғастыруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |