Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ЕРЕЖЕНІ БҰЗҒАН ЖАЙДАЙДА ШАРА ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет107/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
academ-sayasat

22.4 ЕРЕЖЕНІ БҰЗҒАН ЖАЙДАЙДА ШАРА ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ 
 
Академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтардың анықталуы: 

Қалыптастырушы, ағымдық бағалау жұмыстарын өткізу кезінде;

Қорытынды бағалауды белгілеу кезінде;

Білім алушылардың бағаланбайтын жұмыстарын орындау кезінде.
22.4 .1 Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, 
ағымдағы бағалауда плагиат пен сыбайласу анықталса: 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 160-беті 

пән оқытушысы осы ережеде бекітілген форма негізінде ережені бұзғандығы 
туралы акт жасап, білім алушылармен кездесу өткізеді. Ереженің бұзылғандығы 
туралы акты мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері, білім алушылардың 
жұмыстары кураторға тапсырылады;

жүйелі түрде (екі рет не одан да көп), пән оқытушысы бекітілген форма 
негізінде ережені бұзғандығы туралы акт жасайды. Ережесін бұзғандығы туралы 
акті мен заттай дәлелдемелер мен білім алушы жұмысының көшірмесі кураторға 
тапсырылады. Куратор өз тарапынан білім алушының тәртіп бұзғандығы туралы 
университет әкімшілігіне жазбаша түрде хабардар етіп, барлық құжаттарды 
факультет деканына өткізеді.
22.4.2 Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, 
ағымдағы бағалауда алдау анықталса: 

пән оқытушысы осы ережеде бекітілген форма негізінде ережені бұзғандығы 
туралы акт дайындап, білім алушылармен кездесу өткізеді. Ереженің бұзылғандығы 
туралы акты мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері, білім алушылардың 
жұмыстары кураторға тапсырылады;

жүйелі түрде (екі рет не одан да көп), пән оқытушысы бекітілген форма 
негізінде ережені бұзғандығы туралы акт дайындайды. Ережесін бұзғандығы туралы 
акті мен заттай дәлелдемелер мен білім алушы жұмысының көшірмесі кураторға 
тапсырылады. Куратор өз тарапынан білім алушының тәртіп бұзғандығы туралы 
университет әкімшілігіне жазбаша түрде хабардар етіп, барлық құжаттарды 
факультет деканына өткізеді.
22.4.3 Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, 
ағымдағы бағалауда бағаларды,мәліметтерді,бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, 
бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен 
құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталса: 

пән оқытушысы академиялық адалдық ережесін бұзғандығы туралы акт 
дайындайды, Ережені бұзғандығы туралы акті мен заттай дәлелдемелер мен білім 
алушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады. Куратор бар құжаттарды 
Тәртіп комиссияға береді.
22.4.4 Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі жиынтық, 
қорытынды бағалауда плагиат, сыбайласу, алдау, бағаларды, мәліметтерді, 
бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын 
әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталса: 

пән оқытушысы, емтиханда қатысатын өкілі бекітілген форма негізінде 
ережесін бұзғандығы туралы акт дайындайды. Ереженің бұзылғандығы туралы акты 
мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері және білім алушы жұмысының 
көшірмесі Тәртіп комиссиясына тапсырылады.
Егер білім алушылардың бағаланбайтын жұмыстарын орындауы кезінде 
плагиат, алдау, мәліметтерді бұрмалау жағдайлары анықталса, пән оқытушысы, 
куратор білім алушымен әңгіме жүргізеді. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 161-беті 
Осы Ереже бойынша білім алушы, оқытушы немесе оған теңелетін тұлға 
тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, «Сырдария» университетінің бекітілген 
ішкі тәртіп ережесіне сәйкес тәртіптік жаза шаралары қолданылады. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау