1. УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
«Сырдария» университеті ЖШС 1998 жылдың 27-ші шілдесінде Қазақстан
Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің №408
бұйрығымен құрылған. 1998 жылдың 5-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті, Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында заңды тұлға
ретінде тіркелді. 2007 жылдың 6-ақпанында қайта тіркеуден өткен (қайта тіркеу
№254-1958-10 ЖШС).
Университет Жарғысы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 6-
тарауы, 41 бабы және білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. 2002 жылы 12-ақпанда Білім
берумен шұғылдануға арналған ААN 000169 сериялы лицензиясы, 2010 жылы 28-
қыркүйекте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүргізу
құқығы беріліп, АБ № 0134747 сериялы лицензия негізінде қызметін атқаруда.
«Сырдария» университеті мемлекеттік лицензияға сәйкес мемлекеттік
тапсырыс және ақылы негізде күндізгі, сырттай, қысқартылған нысандары негізінде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінің 2010 ж 26 маусымдағы №168 бұйрығы негізінде
білім беру қызметін көрсетеді.
Қазіргі күнде университетте білім беру қызметі 28 бакалавриат және 10
магистратура білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, барлық білім
беру бағдарламалары бойынша дайындық мемлекеттік тілде жүргізіледі.
2018 жылдың қараша айында ИСО 9001-2015 ХС талаптарына сәйкес
сертификаттаушы орган Түрік стандарттар институтының «TSE» университеттің
үрдістерін жүйелі түрде және сапалы жүргізу мақсатында енгізілген сапа
менеджменті жүйесін сараптап, сыртқы аудиттен сәтті өтуіне байланысты № KY-
6144/10-R15 және IQNET № TR-KY-6144/10-R15 сертификаттары берілді.
Университетіміз Білім беру сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз агенттігінің
(IOAA) 2020 жылдың 12-қазанында өткен Аккредиттеу кеңесінің отырысының
қорытындысы бойынша, мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде 19 білім беру
бағдарламалары 5 жыл (2020-2025 ж.ж) мерзімге аккредиттелді.
Университетте мамандарды даярлауда жоғарғы білімнің ұлттық жүйесін
еуропалық және халықаралық білім кеңістігімен бәсекелесуге мүмкіншілік беру
мақсатында кредиттік оқыту жүйесі енгізіліп, жүзеге асырылады. Бұл жүйе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, білім жүйесін дамытудың
негізгі бағыттарына, Болон декларациясы талаптарына сәйкес құрылған.
Кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес университетте элективті пәндер
каталогы жасалынып, студенттердің пәндерді таңдауға мүмкіншілігі Тіркеу офисі,
ЖОО кейінгі білім беру бөлімі арқылы ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |