тексеру әдістемесі.
Баланы етпетінен жатқызу керек, бірақ оның
бауыры жерге тимеуі тиіс. Консультант балаға қарсы шамамен
120–150 см. қашықтықта тұруы қажет. Бала егер өзі еңбектемесе оған баланың назарын аудара-
тын ойыншық немесе бір затты көрсету керек. Баланың ойыншыққа еңбектеп жетіп, оны қолына
алуына ықпал ету қажет.
сүйеніп тұру
сипаттамасы.
Бұл - баланың алға қарай қадам басу үшін бүкіл
денесінің тепе-теңдігін ұстап тұруға тырысып, аяқтарына тұрып,
тігінен қозғалу қабілетін игеруге алғаш рет тікелей қадам басу
сатысы. Мұның негізгі мәні егер бала денесін тіремей әрі осы
затқа қарай бүгілмей қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі
қолымен ұстап тұрса, ол шын мәнінде өзінің салмағын ұстап тұра
ала ма дегенге келіп тіреледі.
критерийлері.
(а) бала екі аяғына тұрады; (б) бала екі қолымен
қозғалмайтын заттан ұстап тұрады, бірақ оған сүйенбейді; (в)
баланың денесі қозғалмайтын затқа тимейді; (г) баланың аяқтары
оның салмағын көтереді; (д) бала осы қалыпта сүйеніп кемінде 10
секунд тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |