29
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Сөз таптары. Зат есiм
1-тапсырма.
Кестенiң жоғарғы жағына сөз таптарының атын жаз.
Заттың атын
бiлдiретiн сөз
табы.
Сұрақтары:
Кiм? Не?
Әже. Қоян.
Заттың сынын
бiлдiретiн сөз
табы.
Сұрақтары:
Қандай? Қай?
Сүйiктi. Ақ
.
Заттың санын
бiлдiретiн сөз
табы.
Сұрақтары:
Қанша?
Неше?
Бес.
Заттың iс-әрекетiн
бiлдiретiн сөз
табы.
Сұрақтары:
Не iстедi? Қайттi?
Тоқыды. Жүгiрдi
.
2-тапсырма.
Суреттi қара. Не бейнеленгенiн айт. Әжей не iстеп жатыр?
Текемет қандай? Текеметтің түсi қандай? Ұлттық құндылықтарға нелер жатады?
Сөйлемдерді жазып шық.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________________________________________________
3-тапсырма.
Сызбаны толықтыр.
Ненi бiлдiредi? _______________________________
Зат есiм
Сұрақтары___________________________________
30
4-тапсырма.
«Төртiншi сөз артық» ойыны.
Әр жолдағы зат есiмдердi қалдырып, артығын сызып таста.
1. Күн, Ай, жұлдыз, жарық __________________________________
2. Терезе, есiк, бөлме, кең ___________________________________
3. Кiтап, дәптер, жыртылды, қалам ___________________________
4. Әке, ата, әже, бесеу_______________________________________
5-тапсырма.
Кестенi толтыр. Зат есiмдердi мағыналарына қарай топта.
Жануарлар
Өсiмдiктер
Құстар
Адамдар
Қасқыр
Қызғалдақ
Аққу
Нағашы
Жиһаздар
Ыдыстар
Көлiктер
Киiмдер
Үстел
Қасық
Мәшине
Көйлек
6-тапсырма.
Жалқы есiмдердi толықтыр.
1. Кiсi аттары: Әлия, _______________________________________
2. Жер-су аттары: Жайық, __________________________________
3. Қала аттары: Орал, ______________________________________
4. Мал аттары: Тайбурыл, ___________________________________
7-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал. Заттың атын білдіретін сөз
-
дерді теріп жазып, сұрақтарын қойып шық.
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім.
(
М. Мақатаев)
Біздің заманымызға қазақ халқының
ән-күйлері, жыр-дастандары
осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп, үйінің
төріне іліп қояды.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
________________________________________________________________