Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями


 Критерийлерді жобалау: тәсілдері және құралдары



жүктеу 0,86 Mb.
Pdf просмотр
бет3/49
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36870
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Критерийлерді жобалау: тәсілдері және құралдары  
 
Оқушыларды  оқытудың  нәтижесі  білім,  икем,  дағды  және  құзыреттілік 
болатын  жаңа  білім  беру  парадигмасын  енгізудің  аясында  оқу  жетістіктерін 
бағалау жүйесін өзгерту мәселесі өзекті болып отыр.  
Оқушылардың  оқу  мақсаттарға  жету  деңгейін  анықтау  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың мақсаты болып табылады, яғни:  

 
оқу деңгейін, оқыту деңгейін;  

 
бағдарламалық  материалдарды  жетік  меңгеру  және  оқыту  нәтижесінің 
сапасын арттыру үшін оқушылардың жеке дара траекторияларын анықтау.  
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың міндеттері:  

 
оқу материалдарды меңгеру деңгейін анықтау;  

 
оқытудың нәтижесі мен күтілетін нәтижелердің сәйкестігін айқындау;  

 
оқушылардың оқудағы кемшіліктерін жою бойынша түзету жұмыстарын 
жүргізу;  

 
оқушылардың оқуға уәждерін арттыру;  

 
сын  тұрғыдан  ойлау  және  өзін  өзі  бағалау  дағдыларын  дамыту  болып 
табылады [3].  
Оқыту  жетістіктерін  бағалау  сұрақтары  бойынша  ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерді  талдау  кезінде  оқу  жетістіктерді  бағалаудың  көптеген  әдіс- 
тәсілдері  бар  екенін  көруге  болады.  Ғылымда  және  тәжірибеде  онбалдық 
(В. Симонов), он екі балдық (В.П. Беспалько), рейтингтік және басқа да бағалау 
жүйелері  бар.  Бағалауда  бірнеше  түрлі  балл  қолданылып  және  ғалымдардың 
бұл сұрақ бойынша ойлары әр түрлі болса да, барлық жүйенің бір ортақ түйіні 
бар,  ол  -бағалаудың  критериалдығы  және  оқу  материалдарын  меңгеру 
деңгейлерін саралау болып табылады. Оқылатын материалдарды терең меңгеру 
деңгейлерін нақты саралау әрбір бағаның критерийін тұжырымдауға мүмкіндік 
береді,  яғни,  ол  оқыту  нәтижесін  бағалауда  субьективизмнің  болдырмауына 
әкеледі.  
Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін критериалды бағалау дегеніміз – төменде 
көрсетілген  критерийлер  жинағы  бойынша  оқушылардың  оқу  іс-әрекеттері 
нәтижесіне мағыналық сипаттама беретін жеке іс-әрекеттік оқыту шарттарында 
қолданылатын баға:  

 
ойлау іс-әрекеттер деңгейі;  

 
жобалық іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейі;  

 
өздігінен білім алу деңгейі;  

 
аналитикалық білім деңгейі;  

 
арнайы және жалпы оқу икемдерін меңгеру;  

 
танымдық белсенділік және креативтілік деңгейі.  
Сонымен қатар басқа да критерийлер болуы мүмкін. Критериалды бағалау 
баланың  дамуына  және  оның  оқу  іс-әрекетінің  белсенді  субъектісі  ретінде 
қалыптасуына бағытталған. Ол оқушының тәжірибелік іс-әрекетінде орындаған 
мазмұны мен сапасын сипаттайды, сонымен бірге кемшілік пен жетіспеушілікті 
белгілемейді, яғни критериалды бағалау жүйесінде теріс бағалар жоқ.  



Бағалау  критерийі  бірмәнді,  бір  мағыналы  және  оқу  жұмысының 
масқаттарын бейнелеу қажет, және ол педагогикалық бағалаудың құралы болып 
қана  табылмайды, сонымен қатар оқушының  өзін  - өзі бағалау  және бір бірін 
бағалау құралы болып табылады.  
Қазіргі  уақытта  оқушылардың  оқу  іс-әрекеттерін  бағалаудың  біртекті 
критерийлері  әзірленбеген.  Ол,  яғни,  критерийлердің  негізінде  қандай  да  бір 
педагогикалық мақсаттар таксономиясы болу қажеттілігіне байланысты. Бүгінгі 
күні деңгейлердің санымен ерекшеленетін көптеген таксономиялар түрлері бар. 
Әртүрлі авторлар үштен онға дейін деңгейлерді ұсынады (1-кесте).  
 
1-
кесте  –  Оқу  материалдарын  меңгеру  деңгейлеріне  сәйкес  оқу  жетістіктерін 
бағалау критерийлері  
 

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау