ә) Банктердің және банктерден тыс несиелерінен.
Бұл
есептер
№ 3010, 3020 «Банктік қарыздар» пассивті шоттарында бейнеленеді.
Активтер несиелер нәтижесінде пайда болатындықтан, шаруашы-
лық операцияның жазуы № 1040 шоттың дебетіне № 3010—3020
шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
1040 — 3010, 3020 Банктердің келісім шарттары,
есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 3010, 3020) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға несиелер бойынша
164
кредиторлық қарыздардың көлемі көбейеді). Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.