Сергіту сәті:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыстар жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды шығарып, балалардың жұмыстарын бағалап, мадақтайды.
Педагог балалармен бірлесіп жұмыстарын қорытындылап, өз пікірлерін айтқызады.
Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Педагог тиіннің балаларға шырша безендіруге көмектескені үшін риза екенін айтады.
Балаларға мерекеге арнап жаттаған тақпақтары мен өлеңдерін айтқызады.
№17 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
шығармашылық, таным.
Бөлімі:
сурет салу.
Тақырыбы:
«Қысқы шыршалар». Сюжеттік сурет салу.
Мақсаты:
балалардың дәстүрден тыс сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
шаршыдағы қар бейнесін тіс пастасымен салуды үйрету. Табиғатты сүйе
білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |