Қолданылатын көрнекті құралдар
: сурет үлгісі, сақиналар бала санына қарай,
қуыршақ,ойыншықтар-текше, доптар, гуашь,қылқалам, стақандағы су.
Сөздік жұмыс
: сақиналар, дөңгелектер.
Билингвальды компонент:
сақина – колечко, қуыршақ – кукла, шеңбер – круг
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда, жолдан сыртқа сәуле шашып
жатқан дорба тауып алдым. Бұл бір сиқырлы заттар екен деп алып келдім. Кәне, ішінде
қандай сиқырлы зат бар екенін дорбаны сипау арқылы тауып көрейікші.
Балалар сипау арқылы текше, доп, сақина екенін табады. Ойыншықтардың қайсысы
домалайтындығын тәжірибе жасау арқылы табады. Бірлесіп қорытынды жасайды:
дөңгелек немесе сақина, себебі олар шеңбер тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |